2.12 Денсаулық сақтау

Наименование: 
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.

Портал арқылы өтініш берген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).

      Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

      Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.

Қосылды: 
10.10.2016 - 17:56
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 00:09