23.01.2017 ж. Жүсіпов Н. М. «Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының» ММ басшысы қызметіне тағайындалды.

ЖҮСІПОВ Нұрлыбек Мейірханұлы

1965 жылы Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе педагогикалық институтын физика және математка мамандығы бойынша, «Дүние» университетін экономика, қаржы және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы бастап, Ырғыз ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім, Ырғыз аудандық жастар ісі, туризм және спорт комитетінің төрағасы, Ырғыз ауданы әкімінің аппарат басшысы, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе облысы бойынша Көші-қон департаменті» ММ бөлім бастығы, 2010 жылдың қазан айында «Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау депатменті» ММ бөлім бастығы қызметтеріне тағайындалды.

2013 жылдан бастап «Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ басшысы болып еңбек етті.

2016 жылдың ақпан айынан бастап «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ басшысының орынбасары қызметінде болды.