4.11 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

Наименование: 
Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,

мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

  Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Заңды және жеке тұлғалар

Қызметтің құны

Ақылы

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пункттеріне мыналарды ұсынады:

      осы стандартқа 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын және мекенжай анықтамысы куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы;

      заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;

      мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

      кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);

      машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;

      шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны.

      машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;

      жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат;

      мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшермесі (кедендік декларация).

      Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-әрекеттерін олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.

      Егер мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе машинаға иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары тиісті тіркеу іс-әрекетін жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның бірінші орынбасары қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.

      Егер тiркеу iс-әрекеттерiне ұшырайтын машина ортақ меншiк иелiгiнде болған жағдайда, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар барлық меншiк иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен ажыратуға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.

      Егер меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдар жасайды.

      Меншік иелері 14-18 жастағы тұлғалар болған жағдайда, тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдардың жазбаша келісімімен осы тұлғалар жасайды.

      Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу, тіркеу пункттеріне уәкілетті адамның қолы және мөрімен расталған аукционның хаттамасын және сату-сатып алу шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

      Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, есептен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеріс жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі.

      Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі.

      2) портал арқылы жүгінген кезде:

      осы стандартарының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;

      машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.

Қосылды: 
13.10.2016 - 11:36
Соңғы өзгерiстер: 
13.10.2016 - 11:36