4.14 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

Наименование: 
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен

жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді..

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

  Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Заңды және жеке тұлғалар

Қызметтің құны

Ақылы

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда және кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық көдексі) белгіленген тәртіппен бюджетке растайтын құжат;

      кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу жағдайын қоспағанда, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың түпнұсқасын (салыстырып тексеру) және көшірмесін, не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл);

      барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат;

      кепіл ұстаушының жазбаша өтініш немесе негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжат (кепіл шартының күшін тоқтауды тіркеу жағдайында). Аталған мүліктің басқа кепіл ұстаушылары болған кезде жазбалардың күшін жою оларды хабардар ету туралы құжатты ұсыну бойынша жүргізіледі;

      2) порталға жүгінген кезде:

      машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;

      өкіл жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптарын қамтитын шарттың электрондық көшірмесі;

      барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      Жеке басын куәландыратын, бюджетке төленгендігі туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасын) беру.

Қосылды: 
13.10.2016 - 11:59
Соңғы өзгерiстер: 
13.10.2016 - 11:59