4.30 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

Наименование: 
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Стандарт: 
Регламент: 
File -
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, ХҚКО-да 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, ХҚКО-да 15 минут.

      ХҚКО-ға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне қабылдау және беру күні кірмейді;

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14-00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-дан, 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға, 19-00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      2) ХҚКО-ның – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі (қоса алғанда) аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі (жеке тұлғаға – нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялар алу үшін ай сайын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚКО-ға берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      ХҚКО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куаландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.

      ХҚКО нәтиженің бір ай сақталуын қаматамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚКО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

Қосылды: 
17.10.2016 - 01:10
Соңғы өзгерiстер: 
17.10.2016 - 01:10