7 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

25 мамыр, жұма күні Ақтөбе облысының мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті. Назарбаев зияткерлік мектебі мен №21 мектептің оқушылары мен түлектерін «соңғы қоңырауларымен» облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Ақтөбе қаласындағы НЗМ-ін осы жылы 175 оқушы бітіреді, олардың тоғызы «Алтын белгіге», сегіз түлек үздік аттестатқа үміткер. Бұдан басқа, 38 түлек Назарбаев университетіне, тағы 25-і АҚШ, Канада, Венгрия, Ресей, Түркия мен өзге де елдердің оқу орындарына шақырылған.

Өңір басшысы құттықтау сөзінде мемлекет қазақстандықтардың сапалы заманауи білім алулары үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.

- Өңір басшысы 25жыл бұрын дүние жүзінде бірінші рет «Болашақ» бағдарламасын тағайындады.Осы бағдарлама аясында мыңдаған қазақтыңүздік оқитын балалары дүние жүзіндегі ең мықты оқу ордаларында білім алып,қазір еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде. Олар Қазақстанның дамуына өздерінің үлкен үлестерін қосып жатыр. Қазіргі заманның талабын ескере келе, дамыған 30 елдің қатарына тезірек ену үшін осыдан 20 жыл бұрын Елбасының бастауымен Қазақстанның барлық өңірінде зияткерлік мектебі ашылды. Бүгінде бұл мектептердің оқушылары тек Қазақстанның емес, дүние жүзінің оқу орындарында грантпен оқып жатыр. Біздің  Ақтөбедегі ашылғанына биыл 5 жыл толған Назарбаев зияткерлік мектебінің Қазақстандағы білім саласында өз орны бар, аз уақыт өтсе де түлектері  Еуропада, Азияда, Америкада білім алуда,-деді Бердібек Сапарбаев.

Биыл11 сыныпты бітірген6823 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың 500-ден астамы «Алтын белгіден» үміткер. Облыс әкімі оларға жаңа ересек өмірде дұрыс жол таңдауларын тіледі.

- Бүгін сіздердің өмірлеріңізде ерекше, тарихи есте қалатын күн. Алдарыңызда үлкен өмір жатыр. Өмірден өту оңай емес. Ол үшін біріншіден жақсы білім мен тәрбие, екіншіден төзімділік қажет.  Үшіншіден, адам өзінің алдына үлкен мақсат қою керек. Болашақ мамандықтарыңызды дұрыс таңдап, Отан үшін, халқыңыз үшін өмір сүріп, еңбек ететіндеріңізге сенемін. Елбасы сіздер бәсекеге қабілетті болып, өзге дамыған елдердегі құрдастарыңыз секілді тұлға болып дамуларыңыз үшін жастарға үлкен қолдау жасап жатыр. Сондықтан, айналайын жастар, біздің сіздерге тілейтінімізсол үмітті,сенімді ақтаңыздар. Қазақстан ешқандай мемлекеттен кем қалмай, тезірек 30 дамыған елдіңқатарына енуі керек. Соның барлығы Қазақстанның жастарына байланысты,-деп атап өтті облыс әкімі.

Ол сондай-ақ, оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарына өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. 29 мамырда ақтөбелік оқушылар үшін мектеп бітіру емтихандары басталады, ал 20 маусымнан 5 шілдеге дейін Бірыңғай ұлттық тестілеу өтеді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі