9 қазаннан бастап Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмыс жасайды

Жобаны іске асыруға арналған мәжіліс облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті.

Мамандар тобы Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында бір ай көлемінде жұмыс істейді.Халықпен жұмыс жасауда әдеттегідей маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу, діни экстремизмнің алдын алу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, сондай-ақ аймақтағы бизнес ортаны дамыту басты назарда  болмақ.

Бердібек Сапарбаев «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аясындағы ақпараттық-түсіндірме топтарының қызметі 2016 жылы оң нәтиже бергендерін атап өтті.

- Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың санын азайтып, тұтастай алғанда өңірдегі қылмыстың төмендеуіне қол жеткіздік.Бұл - ең бастысы.Біз жобаны жаңғыртып жатырмыз, осыған орай тиімді нәтижеге жету үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет, - деді облыс әкімі.

Жалпы саны 8000 адамды құрайтын дін жолындағы жастар, діни қауымдастықтар мен түрмеден босатылған адамдарға арналған 120 іс-шара өткізілетін болды. Бұлар, негізінен, топтық және мақсатты кездесулер, семинарлар, мешіттерде жүргізілетін лекциялар. Шараларға 32 теолог ат салысады, оның тоғызы Астанадан шақырылмақ.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша Ақтөбе дәрігерлері 3 мыңнан астам адамға, соның ішінде 710 балаға дәрігерлік кеңес беріп, оқушыларды медициналық тексеруден өткізеді, 200 ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіп, мобильді стоматологиялық қызметтер көрсетеді деп күтілуде. Еңбек ұжымдарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасылар, шетелден келген қандастарымыз және жұмыссыздарға өткізілетін кездесулерде еңбек заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түсіндіріледі. 180 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді тренингтерге жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары, жастар үшін семинар-тренингтер, ауыл әкімдеріне арналған дөңгелек үстелдер сынды бас аяғы жетпіс жинақтама секциялар жүргізетін болады. Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдерібизнестің маңызды мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлерге жеке қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырылмақ, сонымен қатар қаржы институттары 250 млн. теңгеден астам сомаға кемінде алпыс жобаны қаржыландыруға дайын екендіктерін білдіріп отыр.

«Ақпараттық жұмыс» бағыты бойынша 94 елді мекенде төрт топ жұмыс істейтін болды. Олардың құрамына «Жүз нақты қадам» ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ардагерлер ұйымдарының, зиялы қауым, ҮЕҰ және жастар бірлестіктерінің қырық өкілі кіреді.

Жергілікті халықпен және ірі компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында 24 вахталық елді мекенде діни экстремизм мен терроризмді болдырмауға бағытталған отыз бейнеролик көрсетілмек.

Сондай-ақ, аймақтағы жедел жағдайларды жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты облыстың 35 мыңнан астам тұрғынын қамтитын 440 мақсатты іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

- Жоба, сайып келгенде, халыққа барынша пайда әкелуі тиіс және оның оң әсерін жобамен қамтылған өңірдің әрбір тұрғыны сезінуі қажет.Нақты нәтижелер болуы керек.Біз халықтың проблемаларын шешуге тиіспіз, - деген Бердібек Сапарбаев жұмыс топтарының жетекшілеріне міндет қойды.

Еске салсақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,2016 жылдың күзінде Ақтөбе облысында алғаш рет «Халық қауіпсіздігін қамтамсыз ету» атты ауқымды жоба іске асырылған болатын.Өңірге Астана қаласынан 230 маманнан тұратын ведомствоаралық топ келді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі