Обращения

Кузенова Айбика Унаевна

Саламатсыз ба! Ел жанашыры Бердібек аға! Біз Қобда ауылының тұрғынымыз,қазіргі күні Қобда ауылында жалға квартирада тұрамыз,қолымда тыл ардагері,8 баланың анасы Кузенова Урынча 90 жастағы анам бар.Марқұм әкем Ұлы Отан соғысының ардагері,Япония соғысынада қатысқан соғыстан аман келіп жарақатына байланысты ауырып қайтты.Біз Қобда аудандық ЖКХ бөліміне үйге тізімге 2015 жылы тіркелдік бізді 49 орынға қойып қойған,содан бері біраз үй берілді,бірақ бізге берілмей жатыр себебі тыл ардагерлері немесе Ұлы Отан соғысының ардагері жесірі деген бөлім қарастырылмаған деп үнемі тізімнің соңына қойып, жыл сайын құжаттар жинатып шаршатты.
2.Анам сегіз баланың анасы бір баласы қайтты деп күміс алқа берілді,сонда бұл әділетсіздік емес пе? Осы жағдайға қолыңыздан келгенше жәрдем беруіңізді сұраймыз.
 

Жилье

Сәлеметсіз бе! Тұрғын үй мәселесіне байланысты Қазіргі таңда Қобда ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезек тізімінде 233 отбасы тұр. Оның ішінде: Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар–86 азамат;
Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 48 азамат;
Жалғыз тұрғын үйi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 1 азамат;
Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары – 98 азамат.
Анаңыз Кузенова Урунча 2013 жылдың 5 қыркүйегінде мемлекеттік тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткер санаты бойынша халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары тізіміне № 119 кезекке қойылды. Бүгінгі күнге кезек нөміріңіз № 41.
Жыл сайын құжаттар жинату жөнінде. ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның (әрі қарай-Заң) 71-бабы 5 тармағына сәйкес «Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған ҚР азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.
Заңның 74 бабының 1 тармағына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй кезек ретiмен берiледi. 2 тармағына сәйкес тұрғынжайларды бөлу тұрғынжайға мұқтаждар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізіледі. (Мәселен, 2016 жылы аудан орталығында салынған 10 мемлекеттік тұрғын үйінен 2 үй-жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2 үй-мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне; 3 үй-жалғыз тұрғын үйi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға; 3 үй-халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары санатындағы азаматтарға берілген болатын). Осы баптың 3 тармағына сәйкес көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Сондықтан азаматша У.Кузеноваға тұрғынжай салынуына және тапсырылу шамасына қарай кезек тәртібімен берілетін болады.
Анаңыздың «Күміс алқа» алуына байланысты
Анаңыз Кузенова Урунчаның 7 (жеті) баланың анасы, алайда 2010 жылдың 1 қарашасында бір баласының құжаттары толық болмағандықтан 6 (алты) баланың құжаттарын тапсырып, «Күміс алқа» наградасын марапатталды.
Қазіргі таңда жетінші баласының құжаттары толығымен рәсімделген болса, «Алтын алқа» наградасына құжаттарын тапсыруға болатындығын мәлімдейміз.

Кушкумбаева Лаура Жұмажанқызы

Құрметті Бердібек Мəшбекұлы! Мен Лаура Жұмажанқызы Қазалы ауданынан келдім, жалғыз басты анамын. Ақтөбеде тұрақты баспанамның болмауынан баламды амалсыздан әр туысымның үйінде бағуға көмек сұрап жүрмін.Сізден 2011 жылғы тіркелген жерімді беруге көмегіңізді беріуіңізді өтінемін.Сіздің көмегіңізге қатты мұқтаж боп турмын көмектесіңізші.

Жилье

Саламатсызба Лаура Жумажанқызы!

Сіздің өтінішініз Ақтөбе қалалық әкімдігімен қаралып, "Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәліметі негізінде 20 қаңтар 2012 жылы тұрғын үй құрлысына арналған жер телімін алуға кезекке тұрғансыз. Ағымдағы жылы "Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2006 жылы кезекке тұрған азаматтарға жер телімін беру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңдағы мәліметке сәйкес Сіздің кезегініз 770 болып тұр. Жоғарыда аталғандар негізінде тұрғын үй құрлысына арналған жер телімін кезектілік негізінде берілетінің хабарлаймыз

Казахова Аслима

Саламатсызба Бердібек Машбекұлы біз Батыс 2 8Г тұрғындарымыз гос программа арқылы КИК тен үй алғанбыз ендігі мəселе ыссы су болып тұр казтрансгазға қарыз деп екі ай болды қазандықтарды газдан айырып тастағана. Бұл маселе шешілетін емес осылай қыста жылусыз қалатын түріміз бар.Осы уйлердін кілтін тұрғындарға өзініз табыстаған едіңіз енді өзіңіз араласып маселені шешіп бермесеңіз нəтежие болмай тұр.
 

Жилье

Саламатсыз ба!

Батыс 2 8г, 1,2,3 корпустарындағы жағдай бойынша қазіргі таңда үйдің тұрғындары және КИК компаниясы, Казтрансгаз Аймақ АО алдындағы қарыздары толығымен жабылып, газ мәселесі толығымен шешілді. Мәселен, қазіргі таңда тағы бір жағдай, ол аталған қазандықты "Трансэнерго" АҚ күтіп ұстауына беру болып отыр. Себебі автономдық қазандықтың күтіп ұстауы қыруар қаражатты талап ететіні беймәлім. Егер басқарушы органның күтіп ұстауында қалатын болса, сәйкесінше тұрғындардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Білікті мамандардың жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында бірқатар жөндеу жұмыстарын талап ететіні анықталды. Қазіргі таңда КИК компаниясы аталған кемшіліктерді қайтадан қалпына келтіру бойынша құрылыс компаниясына бірқатар талап койып отыр. Аталған мәселе Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясынынң бақылауында, жақын арады шешімін табатын болады.

Жилкишина

Саламсыз ба! Бул "Батыс-2", 8Г уй, 1,2,3 корпус тургындары атынан. Биздер Казакстан Ипотекалык Компаниясынан "КИК" уй алган болатынбыз. Маусым айынын басынан барлык 3 уй бойынша ыстык су жок. Тургындардын карызы 3 млн тенгени курады деди УК №9. Одан тургындардын кобиси карызын толеди. Бирак бул жагдайда УК№9 бурынгы бастыгынын салгырттыгынан квитанциялар таратылмагандыктан осындай коп акша жиналып калган. Казирги танда ягни шилде айынын 28 жулдызына дейин 2 айга жакын ыстык сусыз отыр халык. Бармаган, хабарласпаган жеримиз жок. Бари би бирине силтейди. Алган уйимиз тегин емес айына 70-80 мындап арендасын толеп отырмыз, бирак не ушин? Жогарыда отырган адамдардын салгырт арекеттеринен карапайым халык зардап шегуде. Уйди салган компания "СОЛЛЕРС". Алайда уй толыгымен битпеген. Тобеде жарыктар, жанбыр жауса крышадан су агады. Ал бул компаниянын гарантиясы осы жылдын желтоксан айына дейн. Жогарыда айтылган уйлердеги тургындар атынан ыстык су маселесин шешип беруиниди сураймыз. 2 ай ыстык сусыз отырган халык, кыста отоплениесиз каламызба деп коркамыз. Алдын ала Рахмет!
 

Жилье

Саламатсыз ба!

Батыс 2 8г, 1,2,3 корпустарындағы жағдай бойынша қазіргі таңда үйдің тұрғындары және КИК компаниясы, Казтрансгаз Аймақ АО алдындағы қарыздары толығымен жабылып, газ мәселесі толығымен шешілді. Мәселен, қазіргі таңда тағы бір жағдай, ол аталған қазандықты "Трансэнерго" АҚ күтіп ұстауына беру болып отыр. Себебі автономдық қазандықтың күтіп ұстауы қыруар қаражатты талап ететіні беймәлім. Егер басқарушы органның күтіп ұстауында қалатын болса, сәйкесінше тұрғындардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Білікті мамандардың жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында бірқатар жөндеу жұмыстарын талап ететіні анықталды. Қазіргі таңда КИК компаниясы аталған кемшіліктерді қайтадан қалпына келтіру бойынша құрылыс компаниясына бірқатар талап койып отыр. Аталған мәселе Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясынынң бақылауында, жақын арады шешімін табатын болады.

Баймбетова Ботакоз Шиндаулетовна

 

Здравствуйте, сколько лет нужно стоят в очереди, за жильём сиротам, у кого нет обеих родителей, мои племянник и племянница Кенжегулов Ануар Маратович и Жолтаева Аяжан Маратовна, стоят в очереди с 2008 года.

Здравствуйте, сколько лет нужно стоят в очереди, за жильём сиротам, у кого нет обеих родителей, мои племянник и племянница Кенжегулов Ануар Маратович и Жолтаева Аяжан Маратовна, стоят в очереди с 2008 года.

Жилье

Саламатсызба Ботагоз Шиндаулетовна!

Кенжегулов Ануар принят на учет нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда с мая 2009 года по категории «Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия» с составом семьи 2 человека (Кенжегулов Ануар и Жолтаева Аяжан). В настоящее время очередность  под №78.  На основании вышеизложенного, сообщаем, что жилье семье А.Кенжегулова будет предоставлено по мере строительства и ввода коммунального (арендного) жилья в порядке очередности.

 

Орынбасарова Айтолкын

сəлеметсізбе Бердібек аға мен Орынбасарова Айтолқын Ақтөбе қаласында жатақханада бөлме жалдап тұрып жатырмын 7балам бар маған көмек ретінде үй немесе жер берсеңіздер

Жилье

Сәлеметсізбе Орынбасарова Айтолқын!

Сіз, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша тіркелгенсіз. Қазіргі уақытта кезегіңіз №200 («халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы» бойынша кезегіңіз №2781) болып тұр. Осыған орай, Сіздің отбасыңызға баспана беру мәселесі тұрғын үйдің салынып, пайдалануға берілу шамасына қарай кезек тәртібімен берілетіндігін хабарлаймыз.

Жолтаева Аяжан Маратқызы

Құрметті Бердібек аға мен Жолтаева Аяжан Маратқызы 1998 туылғанмын Шалқар қаласының тұрғынымын. Қазір Астана қаласында Гумилёвта грантта оқимын. 2008 ата анамыздан айырылып ағамыз екеуміз Баймбетова Ақлез нағашы апамыздың қамқорлығында қалдық. Қолымызда үлкен әжеміз бар. 12 баланың анасы алтын алқа иегері тылда қызмет еткен әжеміз бар. Сізден сұрайын дегенім 2008 жылы жетімдерге берілетін үйдің кезегіне тұрғанбыз Ақтөбе қаласында. Сол 2008 жылдан үй кезегіміз жылжып жатқан жоқ. Ағам жұмыссыз, мен Астанада студенттер үйінде тұрамын. Сіздің еңбектеріңізге тәнтімін.Осы жағдайды айта отырып мәселені көтеріп, үйімізді алып беруіңізді сұраймын... Үй беретін жерді қолыңызға тексеруіңізді сұраймын. ӨТІНІШ! СІЗДЕН ЖАУАП КҮТЕМІН...

Жилье

Сәлеметсізбе Аяжан Маратқызы!

Сіздің ағаңыз  Кенжегулов Ануар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне 2009 жылдың мамыр айынан бастап «Кәмелетке толғанға дейін ата – аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар»  санаты бойынша отбасы құрамы 2 адам (сіз және ағаңыз Кенжегулов Ануар) тіркелген. Қазіргі уақытта кезегі № 78 болып тұр. Осыған орай, ағаңыз А.Кенжегуловқа баспана беру мәселесі тұрғын үйдің салынып, пайдалануға берілу шамасына қарай кезек тәртібімен берілетіндігін хабарлаймыз.

орынбасарова Айтолкын

саламатсызба мен Орынбасарова.А.А уй кезегінде тізімде тұрғаныма 7жыл болды жылына 20адам жылжиды жанұяамда 7балам күйеуім бар 9адам 15метр кв 1бөлмелі жатақхана жалдап тұрып жатырмыз үй жағынан кішкене көмек болса деймін

Жилье

Сәлеметсіз бе, Орынбасарова Айтолкын!

Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша тіркеуге алындыңыз. Қазіргі уақытта кезек тізімінде №200 («Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы» бойынша кезек тізімінде №2781) болып тұрсыз. ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға кезектен тыс баспана беру жағдайы қарастырылмаған. Осыған орай, Сізге тұрғын үй салыну және тапсырылу шамасына қарай кезек тәртібімен берілетін болады.        

Аимов Руслан Рахимжанович

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! 
Менің аты-жөнім: Аимов Руслан Рахимжанович. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғынымын. 1980 жылы дүниеге келгенмін. Мен I топтағы мүгедекпін. 2011 жылы үй кезегіне Ембі қаласына тұрғанмын. Бірақ та, мүмкіндігінше Ақтөбе қаласынан "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жалдамалы пәтер алғым келеді. Себебі: Ақтөбе медициналық колледжіне "Массажист" мамандығы бойынша оқуға түскім келеді. Оқуға түсейін десем тұратын жерім жоқ. Сол себептен, мүмкіндік болса менің мәселемді шешіп беруіңізді сұраймын.

Жилье

Саламатсызба!

Сіз Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне тіркелмегенсіз. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспана тек кезекте тіркеліп тұрған мұқтаж азаматтарға ғана бөлінеді. Осыған орай, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудың мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз. Сіз өз өтінішіңізде Мұғалжар ауданы, Ембі ауылының тұрғыны екендігіңізді және 2011 жылдан бері үй кезегінде тұрғаныңызды мәлімдегенсіз. ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71 бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Респуликасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жері бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. Осыған орай, Сізге тұрғын үй мәселесі жөнінде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мұғалжар ауданы, Ембі ауылының әкімшілігіне жолығуды ұсынамыз. Қосымша хабарлаймыз, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй беру үшін Сізге «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не жолығуды ұсынамыз.

 

Жуламанова Замзагул Аманжоловна

Саламатсыз ба Бердибек Машбекулы менин маселем Уй жонинде болып тур. Балам журек ауруына шалдыгып еки операция жасадык. Журегинде ЭКС (аппарат)бар. Очередте турганымызга 3 жыл Болды. Балам биринши операция дан Кейн журми калды. Инсульт Болды. 3 Балам бар. Озим жумыс жасамайм. Балдармен уйдемин. Жалгыз жолдасым жумыс жасайды. Тапканы жетпит демим жетет. Тек квартирамызга. Жане тамагымызга. Балама киын. Турып жаткан уйдин ауласында высоковоль бар. Журегиндеги аппаратка болмайды Дейди. Баска баратын жеримиз жок. Дачада турамыз. Сиздин кабылдауынызга баргым келеди барлык кагаздарымды корсетип тусиндиргим келеди. Тек балдармен шыга алмаймын. Жазганмен мен сизге проблемамды жеткизе алмаймын шыгар деп коркып отырмын. Тек сиз дурыс тусинсениз екен. Мен Балам ушин сурап турмын. Осы уакытка дейн ешкимнен комек сурап кормеп едим. Канша киналсам да. Сизге Рахмет биз сиякты кара халыктын жагыдайын тусинетин. Алла разы болсын сизге. Сизге коооп кооп Рахмет. 

Жилье

Сәлеметсіз бе, Замзагул Жуламанова!

Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне 2015 жылдың наурыз айынан бастап «Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы» (Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар) санаты бойынша тіркеуге алындыңыз. Қазіргі уақытта кезек тізімінде №6559 болып тұрсыз. ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға кезектен тыс баспана беру жағдайы қарастырылмаған. Осыған орай, Сізге тұрғын үй салыну және тапсырылу шамасына қарай кезек тәртібімен берілетін болады.