Обращения

Токтыгараева Г.С.

Сəлеметсизбе Бердібек Сапарбаев мырза! Мен Мұғалжар ауданының тургынымын. 2-ши топ мугедегимин. Кызым бар. Жалгыз басты анамын.Баспанам жок, пəтер жалдап турамын. Сиздин кабылдауынызга ешкандай кіре алмаймын. Ешкандай Соц помощ ала алмаймын. Гл врач Татимовтен жауап алаалмаймын. Типти ауруымызды бетиме басып шыгарып салады. Асет Калиев мырзагада кире алмадым. Шара колдануынызды сұраймын. Отініш сізден улкен. 8 701 556 56 78

Здравоохранение

Қайырлы күн! Әкімдіктері тарапынан тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына әлеуметтік және адрестік көмек көрсетуді үйлестіру мәселелері «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының негізінде облыс әкімінің «Облыстағы туберкулезбен күрес бойынша шаралар жөніндегі» 2014 жылғы 27 тамыздағы №304 қаулысымен Ақтөбе облысында қарқынды және сүйемелдеу кезеңді амбулаториялық жағдайда емделіп жүрген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.
Токтығараева Гульзат Сериккалиқызы, Сіз бүгінгі таңға арнайы ем алмайсыз, яғни, аталған топқа жатпауынызға байланысты әлеуметтік көмек көрсететін тізімге кіргізілмейсіз.

Тулепбаева Бақытгүл Серікқызы

Саламатсыз ба Бердібек Сапарбаев!Мен сізге қаланы көркейту үшін қандай жағдай жасау қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірейін деп едім.Қазіргі жағдайда Ақтөбеде керемет!Сөзім жоқ.Бірақ тағы да бір ойым бар еді.Дəрігерлердің халаты ақ түсті барлық елдерде бірдей,кейбірінде,бірақ біз Қазақстан Республикасының тұрғыны,халқы ретінде дəрігерлердің халатына қазақтың ою-өрнегін немесе KZ деген жазуды кестелесек деген ойым бар.Сосын Қалалық емханада бəрі кезекте тұрмау үшін,қай дəрігерге келді сол адамға байланысты қағаз алса жақсы болар еді.Менің ойымды оқисыз деген үміттемін,жауап беріп жатсаңыз сізге көп рахмет!

Здравоохранение

Құрметті Бақытгүл Серікқызы! Дәрігерлер мен медицина қызметкерлердің мамандығына сай киім түрі – ақ халат. Сондықтан да бұл мамандық иелерін «ақ халатты абзал жандар» деп атайды. Ұлттық ою-өрнегімізді т.б. нақыштарымызды арнайы мамандық түрлерінің киімдеріне жапсыра беру кей уақытта дұрыс бола бермейді деп есептейміз.
Қаланың көптеген емханаларында электронды кезектер жүйесі орнатылған. Бұл жүйе медициналық көмек алуға келген тұрғындардың кезекте ұзақ тұрмауы үшін енгізілді.

Кустанов Уазгали Картаевич

Уважаемый Бердыбек Машбекович!
Сердечно благодарим вас за подписание меморандума с клиникой "Северанс" благодаря этому меморандому мой сын Даурен
13 лет, получил высококвалифицированную медицинскую помощь, в виде операции по устранению сколиоза 3 степени,
Мы видим как развивается под вашим руководством наша область,улучшились дороги,пешегодные дорожки,асфальтируются дворы
строятся объекты соцкультбыта, с вашим приходом навели порядок с автотранспортом возле колхозного рынка,сажаются деревья ,
закладываются парки,вы работаете для народа,желаем вам здоровья и успехов в ваших делах с/у Кустановы
 

Здравоохранение
Тилемисова Айсауле Ережеповна

Саламатсызба,Бердибек ага!№1 поллекленикадагы ВОПтагы даригер:Урашова Жанылсын Урынбасаровна,медсестралары:Камшат,Рысжан,Газизаларга улкен коптен коп рахметимди айта отырып алгысымды билдиргим келеди.Себеби оз истерине,оз жумыстарына,оз мамандарына жауапты.Даригер:Жанылсын Урынбасаровна жас даригер болсада оз мамандыгын тиянакты мукият аткарады.Алдынгы пенсияга шыккан даригеримиз:Ишнязова Салима Сагидуллаевна,Жанылсын Урынбасаровна,туб.больницада генеколог:Балсекер,физиатор:Кулдейова Нурлыгуль,кожныйда даригер:Мейрамгуль Асылбековнага улкен алгысымды айтамын.А.Калиевпен сиздин тарабынызданда алгыс айтылса екен.Кызым 2015 ж туберкулез,трихонемиз деген еки аурумен ауырып еки бопесин ягный 2016 ж кызын,2017 ж улын босанды.Сол кезде жогарыда аталган даригерлер коптеген жан жакты комектерин корсетти.Ягный алиде осы кезге дейн комектерин аяган емес.Бириншиден кудайга,екиншиден жогарыда аталган даригерлерге алгысымды улкен рахметимди айтамын.Конт тел:87028721037
 

Здравоохранение

Саламатсызба Айсауле Ережеповна!

Сіздің дәрігерлер мен мейірбекелерді марапаттау туралы өтінішініз назарға алынды. Алдағы уақытта тиісті іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Ақтөбелік дәрігерлердің еңбегін бағалап, марапаттау туралы ұсыныс еңгізгеніз үшін алғыс білдіреміз.

Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы

Құрметті Сапарбаев Бердібек Машбекұлы! 
Мен Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы, сізге осыған дейін өз жағдайыма байланысты хат жолдаған болатынмын, өкінішке орай хатыма жауап ала алмадым. Небәрі 20 жасымда жастық өмірімді дəрігерлер ұрлап, келбетімді жасырып, қоғамнан алшақ өмір сүруге мəжбүр етті. Тек мені ғана емес, ата-ана, бауырларымды күйзеліске түсірді. Бұрынғы келбетімді қалпына келтіруге көмек сұрап жоғарғы органдарга бардым көмектесуге тырыспайды, Қазақстан дəрігерлері жасайды деп шығарып салады. Бұның алдында Қарағанды облысында операция жасатқанмын, нәтижесі үстіңгі сау ерінімді бүлдірді. Сол жасалған операцияның нәтижесін өз көздерімен көре тұра, тағы жасап көрсін, осы жолы мүмкін операция сәтті өтер,-деп жауап берді. Сонда мен тәжірибе алаңы болғаным ба? Бірінші мәрте жасатып үстіңгі ерінімді бүлдіргеннен кейін, қайта-қайта кестіруге сенімім қалмады. Қазақстан Республикасының ата-заңында ең құрметті, ең қасиетті ол еліміздің əрбір азаматы делінген. Сонымен қатар оның өміріне, денсаулығына зор мəн беріледі,-деп көрсетілген. Менде жеке тұлғамын, сондықтан менің өміріме, денсаулығыма зиян келтіруге ешкімде құқылы емес. Алайда олар мені тәжірибе алаңы көреді. Жабырқаған жанымды, жан күйзелісімді ескермейді. Адам баласы өз басына мұндай жағдай тумағандықтан, өзгенің мəселесіне немқұрайлықпен қарап түсінуге тырыспайтындығы қынжылтады. Қазіргі жағдайымды дұшпанымада тілемес едім. Бұрынғы келбетімді қалпына келтіру үшін шет елдің көмегіне мұқтажбын, соның ішінде толықтай емдеп-жазуға кепілдік беріп отырған Оңтүстік Корея. Дегенмен қарапайым, көп балалы отбасынан шыққандықтан ондай қаражат табу мүмкін болмай отыр. Анам күміс алқа иегері. Қоғамнан алшақтамай, көркімді көрсетуге ұялмайтындай өмір сүргім келеді. Əліде болса менің жағдайымды түсініп, мейірімді жүрекпен көмек беруге тырысатын жандар кең байтақ Қазақстанымда табылады деп үміттенемін. Осы уақытқа дейін көмек сұрап барған орындарда менің жағдайыма түсіністікпен қарай білген жан болмады. Менің күйзелісімді, жан-айқайымды ешкім түсінбеді. Қоғамнан алшақта өмір сүргеніме 11айдың көлемі болды. Өзім түгілі өзге қарай алмайтындай күйге түсірді. Ендігі үмітім тек сізде... 
Сіздің қабылдауыңызда болып, жағдайымды өз аузымнан жеткізгім келген болатын, алайда жуық арада қабылдауыңызда адам көп екенін естігендіктен хат арқылы жеткізуге мәжбүрмін.
Құрметті Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, менің мәселеме түсіністікпен қарап, жуық арада жақсы жаңалығыңызбен қуантады деген сенімдемін.
Құрметпен Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы
87712943496

 

Здравоохранение

Сәлеметсіз бе! 15.06.17ж Сіз Алматы қаласындағы медицина университетінің бет-жақ, стомахирургия және пластика курсы профессорының қабылдауына жолданылып, 3-6 айдан кейін Сізге тыртықты жою отасын жасау ұсынылған.
Алайда Сіз Қазақстан Республикасының клиникаларында ота жасатудан бас тартудасыз.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 27 маусымында «Рубцовый дефект нижней губы и подбородочной области» диагнозымен шет елде емделуге мемлекеттік квота алу мәселесі бойынша Астана қаласындағы жұмыс органынан хат жолданды.

Тилемисова Айсауле Ережеповна

Саламатсызба!Кызым Утешова Жазира Карлыбаевна 2017 ж 5 июнь куни екинши бопесин новый поселкесиндеги роддомда босанды.10 июнь куни больницадан шыгасын бари жаксы деген.Бирак сол шыгатын куни ягный 10 июнь кунги жауапты кезекши врач Байкадамова Лаззат Изимовна кызымнын палатасына барып пневмания бар туберкуллезбен ауыргансын больницадан шыкпайсын деп сол палатагы пациенттердин коздеринше айкайлап урыскан.Содан кызым осылай деп жатыр деп жылап маган телефон конырау шалды.Сосын сол врачпен ягный Байкадамова Лаззат Изимовнамен сойлесейн деп барсам менименде айкайлап дурыс сойлеспеди.Ия кызым Утешова Жазира Карлыбаевна 2015 кыркуйек айынан бастап туберкуллезбен ауырды.Мочолов туб.больницасында 2015 ж 9 кыркуйек айынан бастап 2016 ж сауир айына дейн жатып ем алды.Туб.больницадан шыккан сонда 2017 ж май айына дейн амбулаторный ем алды.Казир аллага шукир жаксы.Кай ким кандай врач болсада больной пациентине ауруын олай катты айкайлап айтуга болмайдыгой,кандай правасы бар олай айкайлап айтып урсуга?Сонша жыл окып гиппократка не ушин ант береди?Байкадамова Лаззат Изимовнагада осыны айткан едим это не твое дело куда хочешь туда иди деп айкайлады.Отиниш Байкадамова Лаззат Изимовнага шара колданса екен.Шара колдануынызды сураймын отиниш.Алдына ала сизге алгысымды айтамын.Конт.тел:8***
 

Здравоохранение

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңызға байланысты ішкі аудит қызметімен тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу барысында Сіз және сіздің қызыңыздың дәрігер Л.Байқадамова пневмания қауіпін анықтап, дәрігердің емдеуі мен қосымша қарауы қажеттілігінің туындауына байланысты ауруханадан шығарылуыңыз тежелді. Бөгде адамдар палатада болғанда дәрігер туберкулез туралы сөз қозғамады. Сонымен қатар емделуші мен дәрігердің арасында туындаған түсініспеушілік пен жанжалға байланысты дәрігер Л.Байқадамоваға тәртіптік жаза қолданылды. Ішкі аудит қызметімен тәжірибеде этикалық нормалар мен деонтология туралы сұхбат жүргізілді.

Тажгулова Инкар

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Сізге Ақтөбе медициналық колледжінің ұжымының үлкен алғысы мен ризашылығын жедел хабарлаймын! 
Себебі, Денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында Ақтөбе медициналық колледжіне КСРО Батыры Мәншүк Мәметованың есімі беріліп, қуанышымыз еселене түсті. 
ҚР Үкіметінің бұл жайындағы Қаулысының қабылдану барысында біздер Сіздің тікелей ықпалыңыз бен нақты қолдауыңызды анық сезіндік. Бұл мәселе осыдан 11 жыл бұрын көтеріліп, содан бері шешімін таппай, қолдауы жетіспей жүрген, ұзаққа созылып, ұмтылысымыз ақсыз қалып келген еді. Ақтөбе медициналық колледжі ұжымының Сізбен өткізген 2016 жылғы ақпан айындағы кездесу жиынында аймақ басшысы ретінде екі ұсыныс-тілек білдірген едік: 1) колледжге КСРО-ның Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру,
2) колледжге заманауи үлгідегі спорттық зал тұрғызу жайында.
Арада жыл өтпей жатып, осы талап-тілегіміз орындалған тұста Сізге ризашылық білдіру орынды деп санаймын. Бүгінгі күні спорт залының құжаттары дайын және жақын күндері құрылыс жұмыстары басталмақшы.
Биыл қазақ жұрты Батыр қызының туғанына 95 жыл толуын атап өтпекші. Осындай айтулы шараның қарсаңында оның есімін иелену ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі ұлы жауапкершілік.
Сондықтан да, жас ұрпақты елімшілдікке, ұлтжандылыққа, туған жерді сүюге және оның ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға, ұлттық тарихтың құндылығын құрметтеуге тәбиелеуде бар күшімізді жұмсайтынымызға сенім білдіремін.
Біз дайындаған денсаулық сақтау саласының болашақ мамандары халық саулығының күзетінде Батыр апасының рухын асқақататып, абыроймен алып жүреді деп үміт артамын.
Еліміздегі «Денсаулық2016-2020» мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыруда біздің мамандар Сіздің тарапыңыздан танылған қамқорлық пен қолдауды өздерінің кәсіби біліктілігімен ақтайтын болады.
Сонымен бірге, Сіздің Ақтөбе облысының саяси-экономикалық әл-аухатының көтеріліп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының еселеп артуы үшін толағай тірліктерді тынымсыз атқарып жүргенініңізді жақсы біледі. Сондықтан да, ел-халықтың бірі ретінде біз де өз ілтипатымызды таныта отырып, Сіздің денсаулығыңыз үшін біздің де жауапты екенімізді сезінеміз. 
Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! 
Деніңіз сау, отбасыңыз аман болып, аймақ абыройы үшін, тұрғындардың қамы үшін атқарып жүрген ірі істеріңіздің бәрінің сәтін тілейміз. 
Үлкен құрметпен 
Ақтөбе медициналық колледж 
ұжымы атынан директор, м.ғ.к.,
М.Кузбаков 

Здравоохранение
Сафронова Татьяна Александровна

Уважаемый Аким области! 
Впервые пишу и тем более обращаюсь к Вам. Хочу сказать - я не медицинский работник.
Читая наши местные газеты, обратила внимание на публикуемую информацию, в основном негативного плана, о работе медицинских организаций. 
Но хочу выразить искреннею признательность медицинскому персоналу кардиохирургического отделения Медицинского центра ЗКГМУ им. М. Оспанова, особенно, заведующему отделением Б. Ж. Касымову, зав. кардиореанимацией А.Н. Аяганову, операционной бригаде за проведённое лечение моему мужу, за их чуткое и профессиональное отношение к своим обязанностям.
До операции врачи беседуют с больным и отдельно –с родственниками, после операции- вновь всё объясняют о возможных последствиях.
Посещая отделение, обратила внимание, что длительность операций в отдельных случаях составляет от 4 до 6 часов, но выходя к родственникам Профессионалы своего дела не показывают свою усталость, стараются успокоить родственников. И вновь идут на операцию!
Почему пишу на сайт? О таких врачах, как Берик Жаксылыкович Касымов и Аскар Нурбагамбетович Аяганов должно знать руководство, население, они этого Достойны - выполняя сложнейшие операции на сердце, что может быть благороднее, ответственнее и тяжелее этого труда!
С наступающим праздником, дорогие медицинские работники! Здоровья Вам, благополучия, успехов в вашем нелёгком труде, достойной заработной платы.

С благодарностью Татьяна Сафронова.

Здравоохранение
Тилемисова Айсауле Ережеповна

Саламатсызба!Меним кызым Утешова Жазира Карлыбаевна Жана поселкисиндеги жана роддом уйнде 5 июнь куни кесип алу жолымен босанган еди.Бари жаксы деп 10 июнь куни шыгаратын болган еди.Сол куни ягный 10 июнь кунги ответственый врач:Лаззат Байкадамова Изимовна деген врач кызым Утешова Жазира Карлыбаевнага палатасына барып больнойлардын коздеринше туберкуллезсин рентгенин дурыс емес деп айкайлап урысып айткан.Олай айтуга кандай правасы бар ол врачтын?Сонша жыл окып гипократка ант бергени кайда?Ия кызым 2015 жылдын кыркуйек айынан бастап туберкуллезбен ауырган еди.Бирак Мочаловский туб.больницасында 2016 жылдын сауир айына дейн жатып ем алды.Сонынан 2017 жылдын май айына дейн амбулаторный ем алды.Бирак Лаззат Изимовна туберкуллезбен ауырганын айтып бетине басып айкайламауы кереккой.Кызым ози жана босанган ана бала емизедигой.Соны ойламайма врач?Кызым жылап маган звандады.Содан озим сойлесейн деп барсам менименде айкайлап дурыс сойлеспеди.Неге ауруын бетине басып айкайлайсыз устинизден жазам десем куда хочешь туда иди маган ештенеде жасайалмайсын деп айкайлады.Отиниш шара колдануынызды сураймын!Алдын ала алгысымды айтамын.Контакт тел:8***

Здравоохранение

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңызға байланысты ішкі аудит қызметімен тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу барысында Сіз және сіздің қызыңыздың дәрігер Л.Байқадамова пневмания қауіпін анықтап, дәрігердің емдеуі мен қосымша қарауы қажеттілігінің туындауына байланысты ауруханадан шығарылуыңыз тежелді. Бөгде адамдар палатада болғанда дәрігер туберкулез туралы сөз қозғамады. Сонымен қатар емделуші мен дәрігердің арасында туындаған түсініспеушілік пен жанжалға байланысты дәрігер  Л.Байқадамоваға тәртіптік жаза қолданылды. Ішкі аудит қызметімен тәжірибеде этикалық нормалар мен деонтология туралы сұхбат жүргізілді.

Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы

Құрметті Сапарбаев Бердібек Машбекұлы! 
Қазақстан Республикасының ата-заңында «ең құрметті,ең қасиетті ол біздің еліміздің əрбір азаматы» делінген, сонымен қоса оның өміріне, денсаулығына зор мəн беріледі. Соған сəйкес мен, Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы сізге Ақтөбе жедел жəрдем медициналық ауруханасында көрсетілген бірнеше рет жасалған ота нəтижесінің соңы мені үлкен күйзеліске түсіріп, небары 20 жасымда жарым-жан еткендігі туралы мəлімдеп сізден көмек сұрағым келеді.
Мен, Күшікбай Ақтолқын Асхатқызы тамыз айының 12-і күні бет-жақ хирургтарының қатысуымен бірінші мәрте іріңдік ошағын ашу және дренаждау операциясын 12-ші тамыз күні Самбетов Ғабит Ануарұлы жасады, бірінші жасалған операция сәтсіз болғандықтан екінші мәрте тамыз айының 13-і күні Каймулдина Салиха Жикебаевна іріңді тазарту операциясын жасады. Тамыз айының 14-і күнінен 15-і күніне қараған түні жансақтау бөліміне түсіріп, наркозбен Жалинов Нұрлан Зикенович ота жасады. Жауапты дәрігер - Ізтлеуов Сағынтай Асқарұлы болды. 
Осы оталардың дұрыс жасалмауынан қанға ірің араласып кеткендіктен, оң жақ өкпеде пневмолиз, плевродез анықталып өкпеге арасына бір тәулік салып екі мәрте операция жасалынды. Операциядан кейін бір тәулік бойы дренаждар қойылды. 12.08.2016жылы түскеннен 21.09.2016жылы ауруханадан шығарылдым. 
6 айдан соң Қарағандыдан профессор Курашев Амангелді Ғалымжанұлы Ақтөбе МЖЖА-на келіп ақылы түрде 1-ші наурызда реконструктивтік хейлопластиканың І-кезеңі үстіңгі еріннен тері алынып, астыңғы және үстіңгі еріндерді біріктіріп тігіп, тамақ ішуге трубка сиятын орын қалдырды. 22 күннен соң ақылы түрде 23-ші наурызда Қарағанды қаласында реконструктивті хейлопластиканың екінші кезеңі жасалып, екі ерінді бөлді. 
Дегенмен нəтижесі көңілге қонбай тұр. Ауыр күйзеліс үстіндемін, ата-анам күні-түні үнемі қорқыныш үстінде. Енді менің қазіргі таңда еріндерімді қалпына келтіру қажет жəне иек астымда өте терең тыртықтарды кетіру қажет. Шетел дəрігерлерімен хабарластым Израиль мен Кореядан жауап келді, қаражаты 25-30 мың $ аса құрап тұр. Мұны мен қайдан табамын? 10айдан бері бар қаражатымды бітірген жайым бар. Отбасымыз көп балалы және тұрмысымыз қарапайым болғандықтан бұндай қаражатты қалтамыз көтермей отыр. Осы іске қатысты барлық тұлғалардың осы уақытқа дейінгі жəне алдағы моральдық жəне материалдық шығындарын толығымен өтеулерін талап етемін. Сізге хат жолдамас бұрын осы іске жауап беріп, шешімін табады деген мекемелердің табалдырығын тоздырдым. Бəрі де құрғақ уəдемен мардымсыз жауап береді, айтатын сөздері біз сіздің жаныңызды аман алып қалдық, соған рахмет айт деп шығарып салады. Дегенмен дəрігерге адам баласы жанын сақтау үшін барады емес пе. Ауырып барған адамның жанын алып калдық деп, жарым-жан ете берсе ата-заңымызға қайшы келгендігі деп түсінемін.
Құрметті Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, осы хатымды жауапсыз қалдырмай жуық арада қанағаттандырарлық жауап береді деген үміттемін.

Здравоохранение

Сәлеметсіз бе, Ақтолқын Асхатқызы!  «Рубцовый дефект нижней губы и подбородочной области» диагнозымен шет елде емделуге мемлекеттік квота алу мәселесі бойынша ауызша тұрғыда Астана қаласындағы жұмыс органынан Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 30.06.2015 жылғы №544 «ҚР азаматтарын емдеуге бюджеттік қаржы есебінен шет елге жіберу жөніндегі Ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес берілмейтіндігі  туралы хабарланды.

Алматы қаласындағы медицина университетінің бет-жақ, стомахирургия және пластика курсы профессорының қабылдауына жолданылып,  15.06.17ж 3-6 айдан кейін   тыртықты жою отасын жасау ұсынылған.

Осыған байланысты Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы отаны мастер класс шеңберінде Ақтөбе қаласына Алматы қаласындағы медицина университетінің бет-жақ, стомахирургия және пластика курсы профессорын шақырту  жоспарланды.