Обращения

Мукаева

Здравствуйте! Аким облости Сапаргалиев Б.М я обращаюсь к вам с просьбой у вас много делов но мне кажется что вы роботаете для народов или для отчетности я не знаю прошу вас обратите внимание на оброзовательные учереждение что твориться детей калечит учетелья избивают до полу смерти или это не выходят ваш компетенций в Актобе сколько случаев по избиения учительницы ребёнка все это покрывается отдел образования когда вы услышите нас простых НАРОДОВ .

Правопорядок

Здравствуйте! В 2016  году в одной из школ города Актобе был зарегистрирован факт рукоприкладства учителя к ученику. Приговором суда № 2 г.Актобе учитель признана не виновной в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного статьей 108 УК РК и оправдана за отсутствием в ее деяниях состава уголовного правонарушения.

В целях защиты прав и законных интересов детей, управлением образования области ведется реализация комплексного плана совместных мероприятий по защите прав и законных интересов несовершеннолетних, утвержденного акимом и прокурором области. Данный план реализовывается во всех районных и городских общеобразовательных школах.

Кроме того, управлением образования совместно с научно-методическим центром были организованы семинары для директоров школ области, где рассматривались вопросы педагогической этики и имидж директоров ХХІ века. Наряду с этим во все районные и городской отделы образования были направлены письма о необходимости повышения культуры и этики учителей.

Ескендиров Талгат Сагинбаевич

Ассаламуғалейкүм , Бердібек Сапарбаев мырза ! Менде бір өтініш бар еді мен озім 1997 жылғымын былтыр уйленгенмін бір айдын шамасында балалы боламын бірақ бір қиыншылық болып тұр жұмыс керек еді диплом бар мамандығым мунай газ кен орындарын пайдалану жургізуші куәлігім бар в саласы, осы қиындықтан жол тауып берсеңіз? Раxмет сізге ! өтініш иесі Құлбатыров Ықылас Толяұлы.

Правопорядок

Сәлеметсіз бе! Темір аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша Сіз 2016 жылдың 17 тамызынан бастап 2017 жылдың 17 ақпанына дейін Кеңқияқ мұнай газ өндіру басқармасында «техник-технолог» мамандығы бойынша 6 ай Жастар тәжірибесінен өттіңіз.

2017 жылдың 22 мамырында Сіздің ұялы телефоныңызға (***) қоңырау шалынды. Әңгімелесу барысында Сізге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірілді.  

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Кеңқияқ мұнай газ өндіру басқармасында бос жұмыс орындары болмауына байланысты, Сізге аталған Бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстар, «Гүлдене бер туған ел!» акциясына қатысу және «Саназар» ЖШС-не «күзетші» ретінде тұрақты бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу ұсынылды. Алайда, Сіз ұсынылған оқудан және жұмыстардан отбасы жағдайыңызға байланысты, әзірге бас тартып, алдағы уақытта ойланатындығыңызды ескерткенсіз.     

Сондай-ақ, Сіздің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілуге мүмкіндігіңіз бар.          

Қосымша мәлімет үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыс» ВЕБ-порталынан  (www.enbek.kz республикалық сайты) және «Работа сегодня» газетінен,   сондай-ақ, vk.com/aktobe_ozsp - контакт, www.facebook.com/ozspaktobe - фейсбук, aktobe ozsp - инстаграм әлеуметтік желілері арқылы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарауға болатындығы жөнінде хабарлаймыз.     Сіз аталған «Жұмыс» ВЕБ-порталында өзіңіздің түйіндемеңізді орналастырып, өз бетінше де жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. 

Ескендиров Талгат Сагинбаевич

Уважаемый Бердыбек Машбекович.По поводу бездействия местной полицейской службы в ж.м Нур.сити я обращалься в прокуратуру г Актобе и не получил ответ .Получил ответ только после обращения в Генеральному прокурору Р ,К.Только после этого немного навели п орядок.На этом все.Сейчас беспорядочная парковка машин продолжается .Район не патрулируется патрулируется лишь для отчета.Патрульные машины используется в личных целях.Руководство МПС и органы прокуратуры не принимают меры.На жалобы только отписки. Также хочу сообщит о дорогах они пришли негодность за короткий срок.

Правопорядок

Уважаемый Талгат Сагинбаевич!  По Вашему обращению сотрудниками МПС ДВД и УВД города осуществлен выезд по указанному адресу, в ходе которого, факты нарушения правил парковки на территории домов № 10,11,12,15,16,21,22 нашли подтверждение, где 12 водителей транспортных средств привлечены к административной ответственности за нарушение правил остановки на тротуарах, детских и спортивных площадках.

На сегодняшний день 61 водителей привлечены к административной ответственности за нарушение правил парковки транспортных средств на указанных участках.

Вместе с тем, личным составом строевого подразделения дорожно-патрульной полиции ежедневно осуществляется обход дворовых территорий, одной из целью которого, является пресечение нарушений правил парковки транспортных средств.

Работа в данном направлении находится на постоянном контроле руководства МПС ДВД Актюбинской области. Спасибо за Ваше обращение!

Махамбетжан Санат Әзизжанулы

Сәлеметсізбе! Бердибек Машбекулы, мен Махамбетжан Санат Әзизжанулы, Хромтау ауданы, Коктау ауылы тұрғынымын. Сизден отинип сурайтыным Осы ауылдын дукендерин қадағаласаныз. Күнбе Кун азық тулик багащсын косып жатыр.Ауыл акими бұл шаруаны қадағала майды. Осыны отинип сұраймын.

Правопорядок

Сәлеметсіз бе, Санат Әзизжанұлы! Сіздің жазған шағымыңызға қатысты, Хромтау ауданының тұтыну базарындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі аудандық Комиссиясының мүшесі Көктау ауылында орналасқан дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізді. Мониторингтің қорытындысына сәйкес Көктау ауылдық округінің әкімі, ауылдың 16 дүкенінің 9 дүкен иелерімен кездесу жұмыстарын жүргізді, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына 10% аспайтын үстеме қосылатынына шешім қабылдады. 

Альжанов Самат Утеуулы

Сәлеметсіз бе, Бердібек Машбекұлы. Мен Альжанов Самат Шалқар қаласының тұрғынымын. Айтайын дегенім ,2007 жылдан бері үй салу үшін жердің кезегіне тұрып 2013 жылы кезегіміз жетіп Шалқар қаласынан жер алдық. Арендаға берілгені шектеулі 2 жыл болғандықтан аталған мерзімде өліп-өшіп үйімізді салып болып, биылғы 2016 жылдың маусым айында техникалық паспортын дайындадық. «Қыстың қамын жазда ойла» деп барымызша ерте қимылдап,газ қосу үшін шілде айының ортасында аудандық «Горгаз» мекемесіне өтініш бердік. Ондағы кісілер бүгін барып,үйлеріңізді қарап сызба жүргіземіз деді. Сол күні кешке дейін күттік, келмеді. Сол кеткеннен бақандай бір ай күттік. ( Арасында звондап қоямыз). Қош ,айтеуір 1 ай дегенде келіп уйіміздің схемасын алып ,енді күтіңдер Ақтөбеге жібереміз сол жақтан шешім келу керек деді.Бұл тамыз айының ортасы болатын.Ешкім де еріккеннен жылы орнын суытпайды ғой, бұрынғы ауылымызда орта мектеп жоқ болғандықтан балаларды оқыту үшін қыркүйек айында жаңа үйімізге көшіп келген болатынбыз. Биыл күн ерте суытты. Үй салқындағасын жылумен қамсыздандыру мекемесінің табалдырығын тоздырып,облыстан келетін шешімді күтумен болдық Әйтеуір 29 қыркүйек күні бақандай 45 күн күткен шешіміміз де келді ау әйтеуір. Енді бірер күнде газ қосасыздар ма,ақшасын төлей берейік па дедік. Жоқ келесі аптада счет ашамыз,сосын қосамыз деді ондағылар. Ал ,біздің қолымыздағы шартта қол қойғаннан кейін 3 күн ішінде жарнаны төлеу керек деген. Осыдан кейін счет ашылу үшін тағы 11 күн күттік. Ух,айтеур ақшасын төлеп,сырттан келетін монтажын жүргізіп қосып берсеңіздер деп тағы 1 апта мекеменің табалдырығын тоздырдық. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Тәжіғалиев А.Қ мен жасасқан шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, врезка,приемка бари толенген ақшаның ішінде болу керек. Бірақ, біз құрылыс-монтажға қажетті карбит,оттегі баллоны сияқтыларды өзіміз сатып алып, әрең дегенде монтаж жүргіздірдік. Бұл уақытта Шалқарда күн суытып,ауа температурасы 0-ден түсіп кетті. Қырқына шыдаған қазақ қырық біріне де шыдайды ғой, монтаж жұмыстары жүргізілгеннен кейін үй іргесіне келіп тұрған газды қосып берер,ар жерде шашылып жүрген балаларымызды жинап, жылы үйде басымызды қосармыз деп қуанған едік. Өкінішке орай,олай болмады, облыстан газды қосыңдар деген бұйрық келмейінше газды қосуға болмайды екен. Ал ,ол бұйрық қашан келері белгісіз. Бұл неғылған бітпейтін шаруа, неғылған жайбасарлық. «Қасапшыға мал қайғы,қара ешкіге жан қайғы дегендей» біздің жай күйімізді суық үйде дірдектеп, жылыну үшін бала-шағасымен тентіреген адамдар ғана түсінер деп ойлаймын.Құрметті, Бердібек Машбекұлы! Шыдамның да шегі бар деп сізге жазып отырмын. Бұл мәселені,тездетіп шешудің, қазіргідей ақпараттық технологияның дамыған заманында қара халықты қаламның ұшымен қоя салатын бір ауыз рұқсатына қарап сонша уақыт қаңтарып қою дұрыс па ?
Арыз иесі: Альжанов С.У. 15.10.2016.

Правопорядок

Сəлеметсіз бе! Ағымдағы жылдың 01 тамызында Шалқар газ шаруашылығына (әрі қарай – Шалқар ГШ) Шалқар қаласының Даму аймағына жаңадан салған тұрғын үйін газдандыруға Сізден арыз берілген. Бұл айматың көшелері ретсіз және салынып жатқан үйлердің нөмірленбеуі себебінен газ желісінің эскизін сызуға барған Шалқар ГШ мекемесінің жұмысшылары Сіздің үйіңізді іздеп таба алмады. Арызыңызда көрсетілген 87076197957 нөмерлі ұялы телефоныңызға қоңырау шалғанда бірнеше мәрте байланыстан тыс жерде болды, кейін Шалқарда жоқ екендігіңізді, өзіңіз хабарласатыныңызды айтқансыз.

01.09.2016 жылы Сіз Шалқар газ шаруашылығы мекемесіне келіп, сол уақытта үйіңізге жүргізілетін газ желісінің эскиз сызбасы сызылды, Шалқар ГШ-мен техникалық талап жазылып, ол Ақтөбе өндірістік филиалына (әрі қарай - АӨФ) тіркелуге, келісім-шарт жасалу және атқарушы техникалық құжаттарын дайындалуға жіберілді.

03.10.2016 жылы АУТСОРСИНГ бағдарламасы қызметі құны жоғары болғандықтан, Сізбен шаруашылық тәсілмен (хоз. способ) келісім-шартқа отырды, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ мен Сіздің араңызда ешқандай материалсыз, тек қана монтаж жұмысы мен атқарушы техникалық құжаттарын дайындауға, қабылдау мен қолданыстағы газ желісіне қосуға жалпы бағасы – 95 350 теңгеге келісім-шарт жасалды (құрылыс-монтаж жұмыстары мен атқарушы техникалық құжаттарын дайындау – 78 350 теңге, жұмыстарды қабылдау үшін 4100 теңге, негізгі газ желісіне қосу – 13440 теңге).

11.10.2016 ж. «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 95 350 теңге төленді.

15-16 қазан аралығында «Зенит» ЖШС-гі дәнекерлеушісі, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ мен ЖШС «Зенит ТВК» арасындағы № 0304-2/126-16R, 18.02.2016 жылғы шарттың негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді. 18.10.2016 жылы «Интергаз орталық Азия» АҚ-ның «Ақтөбе» МГҚБ филиалына қарасты Шалқар ГШ дәнекерлеушісі АӨФ тапсырысы бойынша негізгі газ желісіне Сіздің  газ желіңіз қосылды.