Обращения

You are here

[video:https://youtu.be/yTERC0xH70g]
Уразалина Айгерім Нұрланқызы

Саламатсызба?! Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Мен осыдан 6ай бұрын ашылған "Қайырымды іс, Ақтөбе " еріктілер тобының мүшесімін. Осыған дейін көптеген Қайырымды істер атқарылды. Ендігі мақсатымыз, Футболдан Қайырымдылық іс-шарасын өткізу. Жалпы мақсаты, Футболға катысушылардың ниеттерімен жиналған барлық қаражатты, екі көзі жарық көрмейтін 1жастағы Жангирова Сәулемайдың еміне аудару. Сәби Ақтөбе қаласында, 1 ай бұрын шағын концерт өткізіп 80мың теңге көлемінде қаражат табыстаған болатынбыз. 
Енедігі өтінішіміз, сізден ФУТБОЛ залын сұрау. Шараны 25ші желтоқсан күні, сағат 14:00ге белгілегенбіз. Командалар жиналуда. Бірақ, фут аланың жалға алу үшін, біздің жиналған қаражатымыздың жартысы кеткелі тұр. 
Үлкен өтініш, егерде ақысыз фут.аланың берсеңіз, Сәулемайдың жанарынын көруіне үлкен үміт берер едіңіз.! Жауабыңызды асыға күтеміз!

Спорт

Сәлеметсіз бе! Сіздің қайырымдылық іс-шарасы бойынша өтінішіңізге жауап бергіміз келеді.Футбол алаңын ақысыз түрде алғыңыз келген жағдайда Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына арнайы келіп, бас мамандармен жолығуыңызды сұраймыз. Біздің мекен - жайымыз: Әбілқайыр хан даңғылы № 40, 6 этаж , 648 кабинет. Барлық сұрағыңызға осы жерден жауап ала аласыз. Егерде  басқада сұрақтарының болса 56-14-00 телефонына қоңырау шалуыңызға болады. Өтінішіңіз бойынша барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып келуіңізді сұраймыз. (командалар саны, қатысушылардың барлық адам саны туралы мәлімет)

Сайжанова Гульмира Доскалиевна

Қүрметті Бердібек Машбекүлы ! Сізді жастар спортының жанашыры ретінде бағалай отырып, төмендегі жағдайға назар аударуыңызды өтінемін :
үстіміздегі жылдың маусым айында Ақтау қаласында каратэ-до спорт түрінен Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатында қаламыздағы №11 шығыс жекпе-жегі бағытындағы спорт мектебінің тәрбиеленушілері Әжіқанов Нұрқанат чемпион болып, Мұратов Алмат жүлделі 2-орынды иеленіп, еліміздің ұлттық құрама командасының қатарына қабылданған болатын. Олар алдын ала жоспарланған жарыстар кестесі негізінде қараша айының 20-25 аралығында Индонезия Республикасында өтетін каратэ-додан Азия чемпионатына қатысуы жоспарланып, қараша айының 7-20 жұлдызында Щучье қаласында өтетін құрама команданың оқу-жаттығу жиынына қатысулары керек еді. Бірақ та облыстық спорт басқармасы тарапынан қаржы бөлінбеуіне байланысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Тимур мен оның қос тәлімгерінің аталған Азия біріншілігіне қатысулары мүмкін болмай тұр.
Осы аталған жайды ескере отырып, Азия біріншілігінің басталуына санаулы күндер қалуына байланысты талантты спортшы жасөспірімдердің еліміздің намысын абыройлы қорғауына мүмкіндік жасап, спорт басқармасы тарапынан қаржы бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймын. 
Құрметпен, Сайжанова Г.Д.

Спорт

Сәлеметсіз бе! Азия чемпионаты іс-сапардан бас тарту жөнінде: каратэ-до спорт түрі спортшылар Әжіқанов Нұрқанат және Мұратов Алмат Азия чемпионатына - Қазақстан Республикасының каратэ-до спорт түрінің мемлекеттік жаттықтырушысының немесе "Ұлттық штаттық командалар және спорт дирекциясы" негізінде хаттар жолдаған жағдайда ғана іс-сапарға жіберілетіндігін хабарлайды. Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.

Адилбек Алиев

Здравствуйте, Бердыбек Машбекович! У нас в городе полноценно работают три больших бассейна: "Достык", "Чайка" и "Посейдон". Этого недостаточно. Еще есть "Дельфин", но он для всех жителей города не работает, а он единственный в старой части города. Неужели нельзя возобновить работу этого бассейна для всех, а не только для "своих" (университет им.Жубанова)

Спорт

Добрый день! На сегодняшний день в городе действует семь плавательных бассейнов. Из них два бассейна находятся на государственном балансе. Остальные бассейны находятся в частной собственности. Бассейн «Дельфин» находится на балансе университета им.К.Жубанова. На данный момент рассматривается вопрос о предоставлении услуг бассейна для жителей города. Данный вопрос будет решен в ближайшее время.

Жаңалықтар таспасы