Обращения

Елманова Асылгуль

Саламатсыз ба Бердібек Машбекұлы! Мен сізді мақтан тұтамын. Сұрағым яғни мен жалғызбасты анамын. Алимент ештене талап етпедім. Жұмыс істеп сол ақшаға қызым, ата анам, інім өмір сүріп жатырмыз. Құдайға шүір ата анам көмектеседі. Інім болашақ хируг. Ақтөбе медециналық институтының 7 курс студенті. Сізден көмек емес бір ұсыныспен жазып отырмын. Өз басымнан өткен соң, байқапта жүрмін жалғызбасты аналарға өте қиын. Бұрынғы жолдастары көмектеспейді. Сол себепті көбі бұзылады. Жаман жолға түседі. Өім негізі мамандығым заңгер. Қазір Қазақстаннң барлық қалаларында аналар үйі ашылып жатыр. Өте қуаныштымын. Бірақ ол жақта тек 1 жыл шамасында тұра алады. Содан шыққаннан соң баратын жерлері жоқ. Естуім бойынша олар сол жақта курс өтетінін. Енді ойым Ақтөбе облысының бір ауданын мәселен Хобда ауданын алсақ сол жақтан бір шағын қалашық ашып балаларын аудандық балабақшаға орналастырып өздерін жұмысқа. Қандай керемет болатын еді. Мен сол ауданнан тігін шеберханасын, шашатараз, оқу орталығын ашқым келеді. Жұмысқа тек жалғызбасты аналарды аламын.

Трудоустройство

Қайырлы күн! Қобда ауданының орталығында жұмыссыз жүрген жалғызбасты аналардың саны жоқтың қасы. Дегенмен, елімізде кәсіпкерліктің қай саласы болмасын кеңінен өркен жаюына қолдау көрсетілуде. Сол себепті Қобда ауданының әкімдігі де Сіздің ұсынысыңыздан шет қалмақ емес.
Сіздің ашуға ниеттеніп отырған кәсібіңіздің қанат жаюы үшін Қобда ауданының әкімдігі аудан орталығынан ғимаратты жалға алуға, ғимарат салу үшін таңдау құқығымен жер учаскесін алуға және шағын несие алуыңызға ықпал ететіндігімізді хабарлаймын.

Умбетова Гулдана Калдымураткызы

Саламатсызба Бердибек агай мен Гулданамын. Маган туракты жумыс керек еди. Менин 1балам бар оку битирдим дипломым бар.
Жолдасым жок ажырасканмын.Казирде квартирде журмин.Актобе облысы Шалкар ауданынанмын. Маган туракты жумыс тауып 
беруинизди сураймын. сот.телефон.номерим.8***
 

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе! Сізбен телефон арқылы сөйлесу барысында іс жүргізуші мұрағаттану мамандығын бітіргеніңізді айтып, сол бойынша тұрақты жұмыс сұрағансыз, алайда бүгінгі таңда Шалқар қаласындағы мекемелер мен кәсіпорындардан бос жұмыс орындарына ваканцияларға сұраныстар болмауына байланысты өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіншілік жоқ екендігін және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіптік негізде, кәсіпкерлік негізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқып, сол бойынша шағын несие алып, өз кәсібіңізді жүргізуіңізге болатындығын хабарлаймын. Сіз қазіргі таңда 02.05.2017 жылдан бастап 02.08.2017 жылға дейін ақылы қоғамдық жұмыста жүрсіз.

Байсанов Парасат

Саламатсызба Бердібек мырза. Мен Байсанов Парасат сизден комек сураймын.2016 жылы отбасын курдым казирги танда жумыссызбын, жубайым Омарова Айгерим жогары оку орынын битирген бирак жумыстын рети болмай жатыр.Негизи Озим Шалкар қаласының тұрғыны едим, ауылда жумыс таппагандыктан Актобеге келгенмин. Окинишке орай жумыс таппай отырган жайым бар. Шалкар каласы акиминен жумыс сурап едим озиме жане жубайыма, жауабына ешкандай мумкиншилик жок деп келди.Енди бар уимитим сизде.Бир комек колын созсаныз.Мамандыгым Темир жол машинист комекшиси, Шалкар каласында бул жумыска туру мен сиакты жандарга калта котермеитин акша талап етеди.Акем менин 2 жасымда коз жумган, темир жол зандарына сайкес акесинин орынына баласын алатын еди, сол себеппен осы мамандыкты тандап едим.Естуимше алдагы қыркүйекте 20 адам жумыска алады деп жаткан сол тизимге мени де енгизсениз. Алдын ала рахмет, сизден комек келеди деп умиттенемин.телефон номерим 8***

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе! Сіз өз өтінішіңізде теміржол машинистінің көмекшісі мамандығы бойынша тұрақты жұмыс сұрағансыз, алайда бүгінгі таңда Шалқар қаласында теміржол мекемелері мен кәсіпорындардан бос жұмыс орындарына ваканцияларға сұраныстар болмауына байланысты және теміржол мекемелерінде бос жұмыс орындары ваканцияларына мораторий жариялануына сәйкес өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіншілік жоқ. Жолдасыңыз Омарова Айгерім Малкаждарқызына және Сізге «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіптік негізде, кәсіпкерлік негізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қысқа мерзімде оқуға, сол бойынша шағын несие алып, өз кәсіптеріңізді жүргізулеріңізге болатындығын хабарлаймын. Сіздер жұмыс іздеушілер ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелмегенсіздер.

Байсанова Гульмарал Сайлаубаевна

Салеметсизбе!!! мен Шалкар каласынан хат жолдап отырмын. маган жумыс керек еди. мамандвгым связь. кандай жумыс болсада истеуге бармын. биржада тиркелгенмен жумыска шакырган жок. жолдасымда жумыссыз. еки бопем бар. маган комектесинизщи.

Трудоустройство

Сəлеметсіз бе! Сіздің жолдасыңыз Байсанов Айбек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының II-бағыты бойынша  2015 жылы 3000000 (үш миллион) теңге көлемінде несие алып, кафе шаруашылығымен айналысуда, жеке кәсікер ретінде тіркелген. Сол себепті жолдасыңызды жұмыссыз деуіңізге еш негіз жоқ, өйткені  жолдасыңыз өзін-өзі нәтижелі жұмыспен қамтыған болып есептелінеді. Егер Сіз «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында әлеуметтік жұмыспен жұмыс жасағыңыз келсе, жолдасыңыздың сұранысы бойынша кафеге немесе «Шапағат» азық-түлік дүкеніне сатушы ретінде жұмысқа жіберуге мүмкіншілік болатындығын, ол үшін жұмыспен қамту орталығына келіп толық мағұлматтар алуыңызға болатындығын хабарлаймын.

Мекен-жайы: Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, №80 үй.

Телефон: 871335 21410; 23786; 49186.  

Женис Рита Айболаткызы

Саламатсызба Сапарбаев Бердибек ага. мен Женис Рита Айболаткызы Темир ауданы Шубаршида турамын жасым 23 те менин сизден отинерим маган жуумыс кажет сизге откенде кыс мезгилинде жазганмын хабар келди акимшиликтен тауып беремиз хабарласамыз деген болды,али еш натиже болмады, осы жылы Шубарши Шагын орталыгында декретке шыгатын мамандар коп екенин естидим сондыктан сол шагын орталыкка жумыска туруга комектессениз димин. Актобе гуманитарлык колледж битирдим мамандыгым тарбиеши, жалгызбасты анамын жолдасым кайтыс болды бир кызым бар. Казирги танда жеке жумыс жасап журмин сондада оз мамандыгым бойынша жанеде укиметтик орында жумыс жасагым келеди. кате жазсам кеширим отинем казакша шрифт жок еди. байланыс номерим87784755934 хатымды алсаныз рахмет!

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе Жеңіс Рита Айболатқызы!

            Сіздің облыс әкімінің блогына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша жолдаған өтінішіңіз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Темір аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қатысуымен қаралды.

        Бүгінгі күнге Сіздің мамандығыңыз бойынша Шұбарши ауылдық округінде орналасқан Шұбарши орта мектебінде бос жұмыс орындары болмай отыр. Алдағы уақытта, Сізге лайықты бос жұмыс орындары болған жағдайда, Сізді жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылады. Сіздің жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі өтінішіңіз Темір аудандық халықты жұмыспен жұмыспен қамту орталығының бақылауында.

Сондай-ақ, Сіздің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілуге мүмкіндігіңіз бар.           

Қосымша мәлімет үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыс» ВЕБ-порталынан  (www.enbek.kz республикалық сайты) және «Работа сегодня» газетінен,   сондай-ақ, vk.com/aktobe_ozsp - контакт, www.facebook.com/ozspaktobe - фейсбук, aktobe ozsp - инстаграм әлеуметтік желілері арқылы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарауға болатындығы жөнінде хабарлаймыз.     Сіз аталған «Жұмыс» ВЕБ-порталында өзіңіздің түйіндемеңізді орналастырып, өз бетінше де жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар.    

Бекжанова Акмарал Бекасиловна

Саламатсыз ба əкім мырза!Менің сізден сұрайын деген өтінішім жұмысқа орналасу еді.2 жоғары білімім бар,бірі эконмист,2-сі педагог-психолог.Уəде берумен тәрбиеші көмекшісі болып жұмыс жасаймын.Танысы барлар алдымды орап кетіп отыр.Отбасымда 7 бала бар.Үлкен ұлыма да жұмыс табылмай отыр.Қалғандары оқушы.Сол жұмыс жағын реттеп берсеңіз.Соңғы үмітім сізсіз,басқаларынан ешқандай нәтиже болмады.Аллам өзі жар болсын!

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе, Акмарал Бекасиловна! Қазіргі уақытта «экономист» және «педагог-психолог» мамандықтар бойынша облыс аумағында әзірге сұраныс жоқ.
Сізге Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығына (Ағ.Жұбановтар көшесі, 289А) жолығып жұмыссыз ретінде тіркелуді ұсынамыз.
2017 жылы 15 маусым күні сағат 10:00 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында (Ағ.Жұбановтар көшесі, 289А) болатындығы хабарлаймыз.
Бос жұмыс орындары туралы мәліметті Ақтөбе қаласы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz республикалық сайтының «Жұмыс» порталында және http://vk.com/aktobe_ozsp-ВКонтакте, https://www.facebook.com/ozspaktobe - Фейсбук, aktobe_ozsp – Инстаграм әлеуметтік желілерінде мәліметтер жарияланады.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілуге мүмкіндігініз бар.

Омарова Айгерим Малкаждаркызы

Саламатсызба Бердыбек Машбекович, мен Омарова Айгерим сизден озиме жане жолдасым Парасат Байсановка жумыспен камтуынызды сураймын.Жолдасым Байсанов Парасат отбасында 7 агайынды, казирги танда ешкайсысында жумыс жок, мамандыгы машинист комекшиси, енем Калима Абдуалиевна ер ана алтын алкасымен марапатталган, казирги танга дейин укиметтен ешкандай комек алмаган.Атам Байсанов Мухтар Серикбайулы 1993 жылы дуние салган, кезинде Шалкар каласында машинист комекшиси жумысын аткарган.Жолдасым жане бауырларынын ешкайсысы жумыста жок жане енбекпен камту орталыгында тиркеуде.Айына киретин табыс кози енемнин пенсиасы 45 тг.Озим Омарова Айгерим К.Жубанов атындагы университеттин филология казак тили мен адебиет мамандыгын битиргем, казирги танга дейин жумыс таппай отрмын жуммыссыздар катарында тиркеудемин, сизден сурарым жолдасым Байсанов Парасатка жане маган Омарова Айгерим жумыспен камтамасыз етсениз.Шалкар каласында аудан акимдигинен жумыс сурап едим шалкар каласында ешкандай мумкиндик жок деп жауап кайтарды бар умитимиз сизде.

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе Омарова Айгерім!

            Сіздің облыс әкімінің блогына күйеуіңізді және өзіңізді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша жолдаған өтінішіңіз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  қатысуымен қаралды.

         Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша Сіздің біліміңіз - жоғары, мамандығыңыз - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

         Күйеуіңіз - Байсанов Парасаттың білімі - орта, мамандығы - машинист-көмекшісі.

        2017 жылдың 12 маусымында Сізбен ұялы телефон арқылы әңгімелесу барысында, Сіз қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында екендігіңізді және күйеуіңіз  құрылыс саласында жұмыс жасайтындығын ескерттіңіз.  

Сонымен қатар, Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу мәселеңізге орай, аудандық жұмыспен қамту бөлімімен «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-не хат жолданды (шығыс № 01-7-1129  09.06.2017 ж.). Нәтижесінде аталған мекеме  қазіргі уақытта Шалқар ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында оқу жылы аяқталуына байланысты бос жұмыс орындары болмай отырғандығы, сонымен қатар, 2017 жылдың тамыз айында педагог қызметкерлердің бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілетіндігін мәлімдеп, жәрмеңкеде бос жұмыс орындарына сұраныстар  болған жағдайда жұмысқа орналастыру мүмкіншілігі қарастырылатындығы жөнінде хабарлады.    

Күйеуіңіздің мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселеңізге орай, аудандық жұмыспен қамту бөлімімен «Қазақстан темір жолы» АҚ Ақтөбе жол бөлімшесіне хат жолданды. Нәтижесі қосымша хабарланады.       

Сондай-ақ, Сіздің және күйеуіңіздің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілуге мүмкіндіктеріңіз бар.                 

Қосымша мәлімет үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыс» ВЕБ-порталынан  (www.enbek.kz республикалық сайты) және «Работа сегодня» газетінен,   сондай-ақ, vk.com/aktobe_ozsp - контакт, www.facebook.com/ozspaktobe - фейсбук, aktobe ozsp - инстаграм әлеуметтік желілері арқылы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарауға болатындығы жөнінде хабарлаймыз.     Сіз және күйеуіңіз аталған «Жұмыс» ВЕБ-порталында өздеріңіздің    түйіндемелеріңізді орналастырып, өз бетінше де жұмыс іздеуге мүмкіндіктеріңіз бар.                                                      

Сұлтанғалиева Гаухар Темірханқызы

Құрметті Сапарбаев Б.М. Мен Сұлтанғалиева Гаухар Темірханқызы 2014 жылы Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, биология мамандығын қызыл дипломмен аяқтадым. Міне сол уақыттан бері жұмысқа орналаса алмай келем. 3 жыл өтті. Жұмыспен қамту орталығында тіркелдім. Гороно, мектептерге де резюме тапсырдым. Еш хабар жок. Айтатындары бос жұмыс орны жок. 3 жыл болды. Маған Жумыс табылмайма? 4 жыл бекер оқыдымба? Өзімнің әкем жұмыссыз, анам жок. Өтініш, осы хатымды қараусыз қалдырмаңызшы. 87022491004

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе, Гаухар Темірханқызы! Сіздің облыс әкімінің блогына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жолдаған өтінішіңіз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қатысуымен қаралды.              

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша Сізге 2016 жылдың 3 наурызында  Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына алғашқы рет жолығу барысында, мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинақтау мақсатында қарастырылған жастар іс-тәжірибесі бойынша толық мәлімет берілді. 2016 жылдың  1 маусымында Сіз жұмыссыз ретінде тіркеліп,  М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебіне 38 178 тг. жалақысын құрайтын жастар іс-тәжірибесіне 02.12.2016 ж. дейін бағытталдыңыз.

Жастар іс-тәжірибесін тәмәмдағаннан кейін, Сізге «Жеті аю» ЖШС-те «тәрбиеші» ретінде жұмыс ұсынылған болатын, алайда Сіз жұмыстан бас тартып, тек өз мамандығы бойынша жұмыс іздейтінін жеткіздіңіз.

Сіз а.ж. 1 маусымында жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына шақырылдыңыз, Сізге бос жұмыс орындар және қысқа мерзімді курстар ұсынылды. Алайда, қайта даярлау курстарынан бас тарттыңыз. Сонымен қатар, №1 Орта мектебіне әңгімелесуге Сізге жолдама берілді, алайда жұмыс берушінің берілген сынағынан өте алмадыңыз.

Осыған орай, Сізді жұмысқа орналастыру мақсатында Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының тарапынан «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-ге хат жолданды. Нәтижесі қосымша хабарланады.

Бос жұмыс орындары туралы мәліметті Ақтөбе қаласы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz республикалық сайтының «Жұмыс» порталында жарияланады және түйіндеме  орналастыра аласыз.

Нурбаева Жайна Абдуллатиевна

Здравствуйте уважаемый Б.М.Сапарбаев.Я к вам обращаюсь по поводу работы.Живу я в Шалкаре,уже на протяжений 6 лет я никак не могу устроиться на работу.У нас в городе без денег без знакомых просто невозможно устроитьсятна работу.В отделе образования говорят что в школах нет свободных вакансий.Сама я раньше работала в 6 средней школе .Но меня приняли туда временно тоисть по приказу я там работала только временно.Уже не знаю куда мне обращаться.Я прощу вас помочь мне трудоустроиться.Надеюсь вы не оставите без внимания.

Трудоустройство

Уважаемая Жайна Абдуллатиевна! Вы не зарегистрированы как безработная в центре занятости Шалкарского района, в связи с чем, рекомендуем Вам зарегистрироваться в центре занятости. Одновременно рекомендуем Вам пройти краткосрочную переподготовку в Шалкарском аграрно-техническом колледже также по Программе развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы, обучиться в Палате предпринимателей «Атамекен» Шалкарского филиала по проекту «Бастау-Бизнес» и  получить микрокредит, для открытия собственного дела.

ГУ «Центр занятости Шалкарского района» ул. Е.Котибарулы №80, Тел/факс: 8(71335) 23786; 21410; 49186.

А также, в августе планируется проведение ярмарки  свободных вакансий, Вы можете принять участие в ярмарке, если будет вакансия будет возможность трудоустроиться.

Дополнительно сообщаем, что в соответствии с Законом Республики Казахстаном «О государственной службе Республики Казахстан» можете поступить на административную государственную службу занятие которой осуществляется на конкурсной основе, за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом, а также назначения местными представительными органами или избрания в соответствии с законами Республики Казахстан. Спасибо!

Маралов Кайнар Каахарманович

Ассалаумағалейкум құрметті Бердыбек Сапарбаев! 
Сізге Кызыл Орда облысы Арал қаласынан жазып отырмын! Екі інім жалғыз анам бар, Екі інім жол бойы колледжін бітірген, дипломдары бар! Бірақ жумысқа тұрғыза алмай отырмыз! Өзимнеің де екі інімнің де тұрақты жумыстарымыз жоқ! вс категория данекерлеуші мамандықтарымыз бар! Ушеуміздің береумізді мунай саласына қара жумысшы болсада туруға көмектессеңіз, қатынап жумыс жасаумызға жақсы болар еді! Рахмет!

Трудоустройство

Сәлеметсіз бе, Кайнар Каахарманович! Сіз Ақтөбе облысының аумағында тіркелген жағдайда, облыстың қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс іздеуші ретінде тіркелуді ұсынамыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорыны» ЖШС және Темір ауданында «Қызылжар-2030» ЖШС-те «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына сұраныс бар.
Толығырақ мәлімет алу үшін, Сізге Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығына (Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 289А, тел: 8(7172) 90-72-90, 51-87-45) және Темір аудандық жұмыспен қамту орталығына (Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі 11Д, тел: 8(71346) 91-2-35, 91-2-37) жолығуды ұсынамыз.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының аумағында тіркелген жағдайда Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілуге мүмкіндігініз бар.
Өңірдегі бос жұмыс орындары туралы мәліметті жұмыспен қамту орталығында және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz республикалық сайтының «Жұмыс» порталында және http://vk.com/aktobe_ozsp-ВКонтакте, https://www.facebook.com/ozspaktobe - Фейсбук, aktobe_ozsp – Инстаграм әлеуметтік желілерінде мәліметтер жарияланады.