Обращения

You are here

[video:https://youtu.be/yTERC0xH70g]
Тажгулова Инкар

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Сізге Ақтөбе медициналық колледжінің ұжымының үлкен алғысы мен ризашылығын жедел хабарлаймын! 
Себебі, Денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында Ақтөбе медициналық колледжіне КСРО Батыры Мәншүк Мәметованың есімі беріліп, қуанышымыз еселене түсті. 
ҚР Үкіметінің бұл жайындағы Қаулысының қабылдану барысында біздер Сіздің тікелей ықпалыңыз бен нақты қолдауыңызды анық сезіндік. Бұл мәселе осыдан 11 жыл бұрын көтеріліп, содан бері шешімін таппай, қолдауы жетіспей жүрген, ұзаққа созылып, ұмтылысымыз ақсыз қалып келген еді. Ақтөбе медициналық колледжі ұжымының Сізбен өткізген 2016 жылғы ақпан айындағы кездесу жиынында аймақ басшысы ретінде екі ұсыныс-тілек білдірген едік: 1) колледжге КСРО-ның Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру,
2) колледжге заманауи үлгідегі спорттық зал тұрғызу жайында.
Арада жыл өтпей жатып, осы талап-тілегіміз орындалған тұста Сізге ризашылық білдіру орынды деп санаймын. Бүгінгі күні спорт залының құжаттары дайын және жақын күндері құрылыс жұмыстары басталмақшы.
Биыл қазақ жұрты Батыр қызының туғанына 95 жыл толуын атап өтпекші. Осындай айтулы шараның қарсаңында оның есімін иелену ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі ұлы жауапкершілік.
Сондықтан да, жас ұрпақты елімшілдікке, ұлтжандылыққа, туған жерді сүюге және оның ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға, ұлттық тарихтың құндылығын құрметтеуге тәбиелеуде бар күшімізді жұмсайтынымызға сенім білдіремін.
Біз дайындаған денсаулық сақтау саласының болашақ мамандары халық саулығының күзетінде Батыр апасының рухын асқақататып, абыроймен алып жүреді деп үміт артамын.
Еліміздегі «Денсаулық2016-2020» мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыруда біздің мамандар Сіздің тарапыңыздан танылған қамқорлық пен қолдауды өздерінің кәсіби біліктілігімен ақтайтын болады.
Сонымен бірге, Сіздің Ақтөбе облысының саяси-экономикалық әл-аухатының көтеріліп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының еселеп артуы үшін толағай тірліктерді тынымсыз атқарып жүргенініңізді жақсы біледі. Сондықтан да, ел-халықтың бірі ретінде біз де өз ілтипатымызды таныта отырып, Сіздің денсаулығыңыз үшін біздің де жауапты екенімізді сезінеміз. 
Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! 
Деніңіз сау, отбасыңыз аман болып, аймақ абыройы үшін, тұрғындардың қамы үшін атқарып жүрген ірі істеріңіздің бәрінің сәтін тілейміз. 
Үлкен құрметпен 
Ақтөбе медициналық колледж 
ұжымы атынан директор, м.ғ.к.,
М.Кузбаков 

Категория:
Здравоохранение
Ответ:
Сафронова Татьяна Александровна

Уважаемый Аким области! 
Впервые пишу и тем более обращаюсь к Вам. Хочу сказать - я не медицинский работник.
Читая наши местные газеты, обратила внимание на публикуемую информацию, в основном негативного плана, о работе медицинских организаций. 
Но хочу выразить искреннею признательность медицинскому персоналу кардиохирургического отделения Медицинского центра ЗКГМУ им. М. Оспанова, особенно, заведующему отделением Б. Ж. Касымову, зав. кардиореанимацией А.Н. Аяганову, операционной бригаде за проведённое лечение моему мужу, за их чуткое и профессиональное отношение к своим обязанностям.
До операции врачи беседуют с больным и отдельно –с родственниками, после операции- вновь всё объясняют о возможных последствиях.
Посещая отделение, обратила внимание, что длительность операций в отдельных случаях составляет от 4 до 6 часов, но выходя к родственникам Профессионалы своего дела не показывают свою усталость, стараются успокоить родственников. И вновь идут на операцию!
Почему пишу на сайт? О таких врачах, как Берик Жаксылыкович Касымов и Аскар Нурбагамбетович Аяганов должно знать руководство, население, они этого Достойны - выполняя сложнейшие операции на сердце, что может быть благороднее, ответственнее и тяжелее этого труда!
С наступающим праздником, дорогие медицинские работники! Здоровья Вам, благополучия, успехов в вашем нелёгком труде, достойной заработной платы.

С благодарностью Татьяна Сафронова.

Категория:
Здравоохранение
Ответ:
Муханбетсагиров Айбек Муханбетсагирович

Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев мырзаға

Ақтөбе қаласы, Ясное селосы, 284-үй тұрғыны

М.А.Муханбетсагировтен 87759008042

Арыз

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Сізге 15.02.2017ж. жазған арызыма белгісіз себептер бойынша жауап алмадым. 20.07.2016 ж. оқиға орын алған уақыттан бүгінгі күнге дейін бірнеше құзырлы органдар өкілдеріне кезінде ініміз екеуімізге жалған айыптар тағылғаны, оқиға орнында және одан соң қасақана көзбояушылықтың орын алғанын айтып шырылдап келемін. Әрең дегенде ақталадық, енді жалған айып таққандарды (Әйтеке би аудандық полиция басқармасының орынбасары майор А.Қаңтарбаев, әйелі Ж.Қаңтарбаева, жол-патруль полиция қызметкері сержант Т.Ғалымжан, оқиға орнында жалған куәгер-заңгер В.Сахно) заңға тартуға қауқарымыз жетпеді. Осындай жағдайға былтыр өзіңіз де душар болғаныңыз, яғни ар-намысқа, қадыр-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз жазып, жала жапқан адамды сотқа беріп, жеңіп шыққаныңыз бізге мәлім. Сізге ту сыртыңыздан жала жапты, ал бізге сот процесінде жалған айып тақты. Жалған айып тағушыладың фальсификация жасағандарына, өтірік айтқандарына, құжаттарды дұрыс толтырмауларына дәлел-дәйек бола тұрса да, полиция, сот және прокуратура қызметкерлері ешқандай шара қолданбауы түсініксіз. Сонда қалай болғаны? Әділдік қайда, шындықты бүркеп тастау керек пе немесе жәй ғана қараның дауысы шықпағаны ма?

В.Сахно атына қылмыс жасағаны туралы жазылған бұрынғы арызым полиция қызметкері аға лейтенант Үсеновпен тоқтатылды. Менің шағымыммен прокуратура қаулыны бұзып, қайта қозғалды. Дегенмен бір тоқтатқан істі қайта жаба салу Үсеновке қиын болмаған секілді. Сахно ҚР ҚК 420 бабымен таныса отырып сот процесіндегі сөздерін полиция бөлімінде қайталап, әлі де бізге айып тағуда. Осы жайттарды көре тұра тергеп-тексеруші Б.Үсенов (кураторы – аға прокурор К.Сәлімгерева) В.Сахноның іс-әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты деп істі қысқарта салды. Мамандандырылған әкімшілік сотта В.Сахноның оқиға орнында болмағаны әшкереленсе де, біздің бірнеше рет айып тағушыларға жеке қаулы шығаруды судьядан сұрасақ та, судья Махметов оған жеке қаулы шығармауы да түсініксіз. Майор А.Қаңтарбаевтың оқиға орнынан фальсификация жасағаны жөнінде дәлел ретінде видео барын прокуратура органына хабардар еттім. Бірақ қалалық және облыстық прокуратура құлақ аспады. Өзіңіз ойлаңызшы, не айтар едіңіз, егерде Әйтеке би аудандық полиция басқармасының орынбасары майор А.Қаңтарбаев жол-көлік оқиғасы болмаса да, болғандығы жөнінде фальсификация жасалса; сот арқылы оқиға орнында болмаған ы дәлелденген РусКазДорСервис ЖШС-нің заңгері В.Сахно куәгер болса; жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде нақты айғақтар таппаған жол-патруль полиция қызметкері Т.Ғалымжан оқиға орнында сызба сызса, әрі заңды бұза отырып хаттама толтырса; эксперт Қайназаров өзінің сараптама қорытындысына жауап беруге сотқа келмесе; оқиғадан 2 ай өткен соң ініміз екеуімізге учаскелік полиция қызметкері әкімшілік-құқық бұзушылық туралы хаттама толтырса; оқиға орнында болған куәгерлердің сөздері ескерілмесе; судья Махметов өтініштерге сай жеке қаулы шығармаса; аға лейтенант Үсенов істі тоқтатқанын 3 айдан астам жасырса және қайта жаба салса; қалалық сот мамандандырылған әкімшілік сотта қаралған істермен таныспай үкім шығарса; .т.б. Осындай жағдайлар Сіз басқарған облыс орталығында болып жатыр. « Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» демей ме атам қазақ. Маған қатысты бұл жағдай бәлкім жәй ғана көлге тамған бір тамшы болар. Бірақ мен де Сіз секілді ар-намысты, қадыр – қасиетті аяқ асты ететін жан емеспін.

Сіден сұрарым, осы істі қайта қарауға, заңды бұзғандардың тиісті жаза алуына септігіңізді тигізіңіз.

Сіз міндетті түрде жауап береді деп сенемін.

26.05.2017г.

 

Ақтөбе облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлына

Ақтөбе қаласының прокурорыАмиров Ғани Иранұлына

М.А.МуханбетсагировтенАқтөбе қаласы, Ясное селосы, 284 87759008042

Арыз

Ақтөбе қаласы Ішкі Істер Басқармасының жол партульдік полиция қызметкері сержант Т.Ғалымжан 2016 жылдың 4 тамызында Ғ.Еркешев атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 0798948 хаттама толтырды. Хаттама «20 шілде 2016 жылы шамамен 17 сағат 25 минутта Ақтөбе қаласы, Уалиханов көшесі Темір Жол вокзалына қарама – қарсы жерде, Паз 320402 м.н. 645 AL 04 автокөлігінің басқару барысында інім, ҚР жол жүру ережесінің 9.10. тармағын өрескел бұзып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтамай, А.Қантарбаевтың басқаруындағы «Mitsubishi ASX», м.н. 763 СВА 04 автокөлігімен соқтығысып, көлік құралдарының бүлінуіне әкеліп, материалдық залал келтіргені, яғни Ғ.Еркешевтің ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны көрсетілген. 2016 жылдың 25 тамызында Ақтөбе қаласы мамандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Е.Еламанова, адвокат М.К.Куашовтың қатысуымен 2016 жылғы 28 шілдедегі №002915 ордері бойынша, сот ғимаратында мемлекеттік тілде ашық сот өтті.

Сотта адвокат М.К.Қуашов хаттаманы негіссіз, заңсыз деп санады. Өйткені 2016ж. 20-шілдесіндегі жол оқиғасын қарау хаттамасына тіркелген сызба А.Қаңтарбаевтың айтуы бойынша оқиға болған жер 3 санымен көрсетілген, яғни жолдың сол жақ бордюрінен 3 санымен белгіленген жер арақашықтығы-2,300м. Ал автобус шығарған зауыттың техникалық характеристикасы бойынша Ғ.М.Еркешев жүргізген автобустың ені-2,410м; ал ұзындығы-7,600м. Осы деректерге сүйене отырып адвокат М.К.Қуашов жол сызбасында көрсетілген оқиға орны шындықа сай келмейтінін, қисынсыз, екенін, себебі автобустың ені бойынша ол сол жердегі жол жүру бөлігіне сыймайтындығы анықталғанын; жол-көлік оқиғасының болмағанын; керісінше А.Қаңтарбаевтың жол қозғалыс ережесінің 9.10 тармағының талаптарын орындамағанын, яғни бүйір аралықты сақтамағандығын айтты. Егер де автобус енінің ұзындығы (2,4100м) мен жол-көлік сызбасында №3 санымен белгіленген соқтығысқан жердің (2,300м.) жол бордюрімен арақашықтығын бірі-бірімен тұспа-тұс салыстырып көрсе, ені 2,400м. автобус өз жолағымен жүргені, қозғалғаны анықталады. Ал А.Қаңтарбаев басқаруындағы митцубиси автокөлігі бүйір аралықты сақтамаған болып саналады.

Жол қозғалысы ережесінің 2 бөлімінің 35 тармағында, жол жолағы-осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмерленуі қозғалыс жол жолағы-жүру бөлігінің таңбаланып белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдің бір қатарда қозғалуына жетерлік ені бар кез келген ұзыннан бой жол жолағы делінеген. Осы ережеге сай Ғ.М.Еркешевтің басқаруындағы автобустың жолда жүру жолағының ені-2,410м.-ден жоғары болып саналады. Жол көлік оқиғасына сызба сызуда сержант Т.Ғалымжан оқиға орнында автобустың зауыттық характеристикасын ескеруі тиіс еді. Жол-көлік оқиғасын қарау хаттамасына тіркелген сызба бойынша да прокуратура тарапынан тексеріс жүргізуді сұраймын, себебі схема бойынша А.Қаңтарбаевтың кінәлі екендігіне көз жеткізуге бола тұрса да, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы Ғ.Еркешев атына толтырылды.

Және адвокат М.К.Қуашов жол – көлік сызбасын сызу барысында куәгерлер-Р.Рамилин, А.Сарсенов автобус пен мицубиси автокөлігіне ешқандай келтірілген залал жоқтығын айтып, хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар А.Қаңтарбаев пен Ғ.Еркешев сызылған сызба парақшасы артына автобус пен мицубиси автокөлігінде залал жоқтығын растап қол қойған болатын.

Сотта іске қатысты материалдарда оқиға орнынан криминалист Ильжанов түсірген фотосуреттерді ҚР ӘҚБтК-нің 765 бабына сәйкес дәлел-дәйек есебінде пайдалану орынсыз екені айтылған болатын. Дегенмен лауазымды тұлға Б.А.Ильжановтың оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерін шындыққа сай екендігіне күмән келтіруге болады. Өйткені жақын аралықта 20.07.2016ж.оқиға орнынан телефон арқылы түсірілген бейнетаспа табылды. (www.115 порталына жүктеу мүмкін болмады) Бұл бейнетаспада А.Қаңтарбаев автокөлігінің сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегінде (айнасында) ешқандай сызаттың жоқтығы анық көрсетілген. Және де оқиға орнында сержант Т.Ғалымжанның сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегінде келтірілген залалдың жоқтығын растап сөйлегені бар. Алайда криминалист Б.А.Ильжановтың оқиға орнына толтырылған хаттамаға тіркеген фототаблицасының №12 фотосуретінде сызаттың болуы бейнетаспаға қайшылық тудырады, яғни №12 фотосуреті оқиға орнынан екендігі күмән туғызады. Келтірілген залалдың бар-жоқтығын анықтау мақсатында прокуратура тарапынан Б.А.Ильжановтың №8,10,11,12 фотосуреттерін, оқиға орнынан түсірілген бейнетаспаны мұқият қарауды, анықтауды, тексеріс жүргізуді сұраймын.

22.07.2016ж.сержант Т.Ғалымжан автотранспорттарда бір-біріне келтірілген залал жоқтығын көре тұра, өз бетінше транспортық трасслогиялық сот сарптамасын тағайындауға анықтама шығарады. Аталған анықтама ҚР Әкімшілік заңының процессуалды құқық нормаларын өрескел бұзу жолымен тағайындалды. Полиция сержанты Т.Ғалымжан ҚР ӘҚБтК 772 бабы 8-бөліміне сәйкес сараптамаға анықтама жібермес бұрын Ғ.Еркешевті осы анықтамамен таныстыруы тиіс еді. Алайда лауазымды тұлға Т.Ғалымжан бұл шараны заңға сай істемегендіктен, Ғ.Еркешев сараптама тағайындауы жөнінде анықтамамен таныспады, яғни Ғ.Еркешев құқығы аяққа тапталып, сараптамашыға қарсылық (отвод) білдіре алмады, сұрақтар қою талаптарын тіркей алмады.

Сараптамашы Қ.Қайназаров жауабына Ғ.Еркешев пен М.К.Қуашов сыни көзбен қарап, көптеген түсінбеушіліктердің болуы мен берген қорытындысының шындыққа сай екендігіне күмән келтірді. Өйткені сызат жоқтығын растаған екі бірдей куәгерлердің айтуынша, А.Қаңтарбаев оқиға орнында автокөлігіне келтірілген залал жоқтығын растап қол қойса да, сараптамашы Қ.Қайназаров басқа қорытынды шығарды. Сараптамашы зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде ҚР сараптама тағайындау талаптарына сай емес көне шетел авторларының кітаптары мен методикалық нұсқауларын пайдаланғаны анықталды.

А.Қаңтарбаевтың автокөлігінің сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегіндегі ақ түсті қатпарлану ізінің автобустың оң жақ қапталында орналасқан ауа фильтрінің қақпағындағы сызаттан болған деген сараптама қорытындысы ақылға қонымсыз, ғылыми дәлелсіз. Бұл іздердің қалай пайда болуын, сызаттың, ақ түсті қатпарлану ізінің түсу механизмін, ол іздерді жерден биіктіктерін өлшегенде сәйкестіктің тұспа-тұс болмауын ғылыми түрде дәлелдей алмады. Автобустың оң жақ қапталында орналасқан ауа фильтрінің қақпағындағы сызат жерден 112см биіктікте орналасса, ал А.Қаңтарбаевтың автокөлігінің сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегіндегі ақ түсті қатпарлану ізі жерден 115см биіктікте. Бұл іздерді жерден биіктіктерін сараптама ғимаратының ауласында өлшегенде сәйкестіктің тұспа-тұс болмай, арақашықтық 003см болуы автобус салонында ешқандай адамдардың болмауында орын алды. Ал оқиға орнында автобуста 50-60 адамдай жолаушылар болғанын ескерсек, бұл арақашықтық бірнеше сантиметрге ұлғаяды, демек автобустағы сызат деңгейі жерден 112см-ден төмен болады. Сараптамашы Қайназаров сызаттардың тұспа –тұс болмауын жолдың тегіс еместігімен, машиналардың тежегішті басуынан немесе машиналар салмақтарының түрлі болуынан деп түсіндіреді. Ал оқиға орнынындағы жолдың тегіс екендігі, екі транспортта тежегішті лезде баспағаны (жолға транспорттар дөңгелектерінің үйкеліс салдарынан іздердің түспеуі), айдан анық. Сонда қалай болғаны, жолаушыларға лық толы автобус А.Қаңтарбаев автокөлігінің сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегіне соғу үшін бірнеше сантиметрге «секіргеніме»??? Сонымен қатар Қайназаров лак-бояу өнімі бойынша ілімнің эксперт болып табылмайды. Осы аргументтерге сүйене келе Қ.Қайназаров тың сараптама қорытындысына да күмән келтіруге болады.

Сол себепті де сараптама қорытындысына сүйенудің мүлдем қажетсіз екені сотта айтылды. Осы сұрақтарымызға жауап алу мақсатында сот процесіне адвокат М.К.Қуашов сұрауымен сараптамашы Қ.Қайназаров бірнеше рет шақырылған болатын, алайда сараптамашы сотқа мүлдем келмеді. Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы заңның 19 бабының 1тармағы бойынша «қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуші органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келу сот сарапшысы Қ.Қайназаровтың басты міндеті болып табылады. Осыған орай Қ.Қайназаров ҚР сот-сараптама қызметі туралы заңның 50 бабына сәйкес жауаптылыққа тартылуы тиіс.

Сонымен бірге мамандандырылған әкімшілік сотта №1512-16-00-3/8902 іс бойынша ініме куәгер болған майор Т.Т.Батырғарин, Ақтөбе ІІД жеке құрамы бойынша инспекцияның инспекторы болып қызмет атқаратынын; сол күні жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсуіне байланысты Ақтөбе облыстық ІІД кадр қызметі бойынша инспекторы капитан Т.А.Абдуллинмен бірге оқиға орнына келгендерін; оқиға орнына келген кезде өздері жол-көлік оқиғасы болғанын айғақтайтын нақты белгілердің таппағандарын, яғни А.Қаңтарбаевтың автокөлігіне келтірілген залалдың жоқтығын айтып түсіндірді. Сот процесінде капитан Т.А.Абдуллин де Т.Т.Батырғарин сөзін растады.

08.08.2016ж. Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР ӘҚБтК –нің 827-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының ІІБ лауазымды тұлға Т.Ғалымжан атына арыз-шағым түсірген болатынбыз. Сот процесінде лауазымды тұлғаның қателіктерімен прокурор Карагулов келісті, заңға қайшы істеріне шара қолданылатынын жеткізді. Ал інімнің арызын прокурор Карагулов пен судья Бактыгалиев уақытынан ерте уәждер деп шешім қабылдап, кері қайтарған болатын. Қайтадан апелляциялық сотқа Т.Ғалымжан атына арызданбадым, өйткені ініме қатысты әкімшілік іс сол уақытта қысқарған болатын. Алайда А.Қаңтарбаевтың екі айдан соң балағаттады деп жалған айып тағуына байланысты қорғану мақсатында қайта шағымдануыма тура келді.

Жоғарыда айтылған бейнетаспада А.Қаңтарбаевтың автокөлігіне залал, сызат келтірілмегені анық көрсетілсе де, оқиға орнында өзі залалдың жоқтығын растаған сержант Т.Ғалымжанның көлік құралдарының бүлінуіне әкеліп, материалдық залал келтіргені үшін деп хаттама толтыруы; Б.А.Ильжановтың фотосуреттерінде автокөлікте залалдың болуы; сараптамашының да негіссіз залал табуы; ал әкімшілік сот процесінде автокөлікке келтірілген шығын көлемінің болмауы А.Қаңтарбаев тарапынан фальсификация жасалғаны болып табылады. Яғни А.Қаңтарбаев Ішкі Істер қызметінде жұмыс жасайтынын пайдалана отырып, өз ісі заңға қайшы бола тұрса да, Т.Ғалымжанға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтыруға ықпал етті. Сол себепті прокуратура тарапынан Б.А.Ильжановтың фототаблицасының және Т.Ғалымжанның жол-көлік оқиғасы бойынша хаттама мен сызба сызуы, сараптамашы Қ.Қайназаровтың сараптама қорытындысының заңға сай, дұрыс жүргізілгенін тексеруді сұраймын. Прокуратура тарапынан ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 772 бабы 11 пунктіне сәйкес қайта сараптама тағайындауға ықпал етулеріңізді сұраймын. Сонымен қатар ініме және маған қатысты әкімшілік істердің бейнетаспаларымен, құжаттарымен (№1512-16-00-3Ж/318; №3/7483, №1512-16-00-3/8902; №1512-16-00-3/8901) мұқият танысуды сұраймын.

ҚР ӘҚБтК –нің 610-бабы 1-бөлімімен тұлғаның әрекетінде құқық бұзушылықтың саралау белгілері болу үшін келтірілген материалдық шығынның бар болуы қажет. Яғни А.Қаңтарбаев басқаруындағы автокөлікке келтірілген залал көлемінің болуы қажет. Алайда материалдық шығынның жоқтығынан, істің осындай жағдайында судья Ғ.Еркешевтің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлімі бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болмады деп санады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741 бабының 1 бөлімі 2 тармағын, 821-823 баптарын басшылыққа ала отырып, судья А.Е.Еламанова қаулы шығарды, яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық тұралы кодексінің 610 бабының 1 бөлімімен Ғани Мұханбетсағырұлы Еркешевке қатысты №3/7483 әкімшілік істі оның әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартты. Полиция қызметкері майор А.Қантарбаевтың м.н 763 СВА 04 «Mitsubishi ASX» автокөлігіне Ғ.Еркешевтің басқаруындағы ПАЗ 320402-05 645 AL 04 автобусының соққаны және залал келтірді деген айыптауы жоққа шығарылды. Осы айтылған жайттарды баяндай келе, А.Қаңтарбаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, фальсификация жасағаны үшін қылмыстық іс жүргізуге прокуратура тарапынан ықпал етуді сұраймын.

20.07.2017ж.орын алған оқиғадан екі айға жуық уақыттан соң А.Қаңтарбаевтың және әйелі Ж.Қаңтарбаеваның арыздары бойынша Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ инспекторы Б.Ж.Құрманиязов 11.09.2016ж. Ғ.Еркешевке және маған, А.Муханбетсагировке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны жөнінде әкімшілік өндіріс қозғады. Онда ол 20.07.2016ж. 17 сағат 30 минут шамасында , Ақтөбе қаласы, темір Жол вокзалы тұсында орналасқан бағдаршамның қасында, яғни қоғамдық орында Ғ.Еркешев пен А.Муханбетсагиров А.М.Қаңтарбаевтың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әркет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған деген айып тағылған.

Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ басшысы полиция подполковнигі З.Б.Кунбасов атына ҚР Бас Прокуроры бекіткен №1 қосымшадағы арыз парағын толтыруда 21.07.2017ж. А.М.Қаңтарбаев, Ж.А.Қаңтарбаева жалған, өтірік айқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 419 бабына сәйкес бас бостандығынан 10 жылға айырылады деген ескертуге қол қойған. Сүйте тұра А.Қаңтарбаев арызында, 20.07.2016ж. Ақтөбе қалалық ІІБ басшысы полиция подполковнигі А.А.Кужахметов атына жазылған түсініктемесінде, мамандандырылған әкімшілік сотына жалған ақпарат беріп, айып тақты.

А.Каңтарбаев Ақтөбе қалалық ІІБ басшысы полиция подполковнигі А.А.Кужахметов атына жазылған түсініктемесінде өзінің жұмыс бабымен қалалық сүт зауыты районына бара жатқанын; автокөлікте әйелі болғанын және оның машинадан шығуына қарсы болғанын жазған. Алайда Ж.Қаңтарбаева арызында 20.07.2016ж.болған оқиғада мицубиси автокөлігінің артқы орындығында болғанын; Ақниет клиникасына бара жатқанын; автобус жүргізушісі мен кондуктордың А.Қаңтарбаевты балағаттағанын, денесіне зақым келтіреміз деп қорқытқанымызды; куәгерлердің көргенін және олар жөнінде мәліметтерді жазып алғанын; Ж.Қаңтарбаева жол-көлік оқиғасы кесірінен клиникаға бара алмай, машина ішінде үш сағат отырғанын жазып көрсеткен. Алайда А.Қаңтарбаевтың соттағы сөйлеген сөздері мен Ж.Қаңтарбаеваның арызының мазмұнында қарама – қайшылықтар бар. Сол күнгі оқиға бойынша ІІД ЖБО қарасты сыртқы бақылау камерасының жазбасынан айтқан-жазған сөздері расталмады.

Сотта куәгер ретінде сұралған В.В.Сахно түсініктемесі бойынша, 2016жылы 20 шілдеде Кереев көшесінде орналасқан нотариуста жұмысында болғанын; кешке жақын шамамен сағат 17.35 минутта жұмыстан шығып аялдамадағы дүңгіршектен газет алуға барғанын; Кереев ескерткішінің жақындаған кезде көлік құралдарының соқтығысқанына ұқсас дыбыс шыққанын; жақыннан қарағанда автобус жеңіл көлікке соққанын, автобус әрі қарай жүріп кеткенін; автобусты айналып өтіп жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп, дүңгіршектің қасында шамамен 10 минуттай болғанын; Сол дүңгіршектің қасында тұрған кезде мицубиси көлігінің жанында жүгіріп жүрген әйел адамды көргенін; ол әйелдің мицубиси автокөлігінің жүргізушісінің әйелі екенін, жанжал шешілмеген жағдайда хабарласуына рұқсат сұрап көмек беруін, әрі телефон номерін осы әйелге бергенін; қарсы бағытқа қарай жолдан өткен кезде, өзіне кейіннен белгілі болғандай автобустың жүргізушісі ер адамның телефонмен қатты дауыстап сөйлескенін, ол мемлекеттік тілде де , орыс тілде де балағат сөздер айтып жатқанын естігенін; кейіннен жүргізушінің ағасы болып келетін қызыл жейдедегі ер адамның да балағат сөздер айтып жатырғанын, жол-көлік схемасын сызуға қарсылық көрсетуімді көргенін жазған.

(Сахно В.В. осы түсініктемесін 21.07.2016ж. жазып, осы түсініктеме астына 13.09.2016-16.09.2016жж. аралығында Атырау қаласына іс-сапармен кететінін, сот процесіне келе алмайтындығын жазбаша ескерткен, әрі 09.09.2016ж.сатып алынған электронды билетін тіркеген. Осы жерден-ақ шикілікті көруге болады.)

Сахно В.В. сот процесінде айтқан сөздері мен 21.07.2016ж.жазған түсініктемесінде қарама – қайшылықтар өте көп. Сот процесіндегі В.В.Сахно сөзі бойынша автобус үлкен жылдамдықпен келгені; автобустың жеңіл автокөлікпен соқтығысқанын; жүргізушінің жаяу жүргіншілер жолағына келіп лезде тежегішті басып тоқтағаннан автобус доңғалақтарының үйкеліс дыбысының болғанын, сфетофор тұсына тоқтаған автобустың алдын айналып өтіп жаяу жүргіншілер жолағымен газет киоскасына барғанын; 10 минуттан соң сол жаяу жүргіншілер жолағымен кері қайтқанын; осы уақытта автобустың артқа қарай жүргенін; кондуктор мен автобус жүргізушісінің А.Қаңтарбаевтың машинасы жанында балағаттағанын, жаяу жүргіншілер жолағымен автобус алдынан өткен соң Каспий банк тұсындағы гүл шоғының жанында болғанын; жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін 15 минуттан соң автобус жүргізушісінің ағасы келгенін; оның А.Қаңтарбаевты балағаттағанын естігенін; оқиға орнына А.Муханбетсагиров келгеннен кейін полиция қызметкерлерінің 30 минуттан соң келгенін; жол-көлік схемасының сызылуына А.Муханбетсагировтің кедергі келтіргенін айтты.

Алайда В.В.Сахно сөздері де Ж.Қаңтарбаева арызы секілді өз негізін таппады. Яғни Куәгер Сахно В.В.түсініктемесіне судья Махметов сыни көзбен қарады, себебі ол сот процесіндегі айтып көрсеткен жағдайда, оның жол-көлік оқиғасы орнында болғаны ІІД ЖБО қарасты сыртқы бақылау камерасының жазбасынан көрінуі тиіс еді. Алайда, сотта зерттелген жазбадан оқиға орнында В.В.Сахноның болғаны анықталған жоқ. Камера жазбасы бойынша автобус үлкен жылдамдықта жүрмегені, жол-көлік оқиғасы болған емес; автобустың алдын айналып өтіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен 10 минут арасында ерсілі-қарсы өткен В.Сахно көрінбеді. Мицубиси машинасы жанында Ж.Қаңтарбаеваның В.Сахномен кездеспегені; кондуктордың, автобус жүргізушісінің және автобус жүргізушісінің ағасы мицубиси машинасы жанына бармағаны; оқиға орын алған уақыттан соң 10 минут арасында полиция қызметкерлерінің болуы және оқиға орнына жол-патруль қызметкерлері келгенше учаскелік полиция қызметкерлерінің тұрақты болуы; оқиға орнында 15 минут аралығында А.Муханбетсагировтың болмағаны анықталды. Мен оқиға орнына 18 сағат .30 минутта келдім, оқиға орнына келгенімде полиция қызметкерлері толып жүрді. Схема сызуға қарсылық білдіруге негіз болған емес, өйткені жол-көлік оқиғасы бойынша схема сызылған парақтың екінші бетінде А.Қаңтарбаев өз автокөлігіне келтірілген зиянның жоқтығын жазып, қол қойды.

Сотта куәгер ретінде келген полиция қызметкреі Т.Ж.Ғалымжан да Ғ.Еркешев, А.Муханбетсагиров тарапынан қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын; А.Муханбетсагировтің полиция қызметкері А.Қаңтарбаевты тәртіпке шақырып, шара қолдануын өзінен сұрағанын растады.

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге сүйене келе судья Махметов Е.Ж. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741 бабының 1 бөлімі 2 тармағынның талабына сәйкес және 822 бабын басшылыққа ала отырып, қаулы шығарды, яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1-бөлімімен Ғ.М.Еркешевке және А.М.Муханбетсагировке қатысты әкімшілік істерді (Іс№1512-16-00-3/8902; Іс№1512-16-00-3/8901), олардың іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартты.

А.Қаңтарбаевтың жалған арыздануынан Ғ.Еркешевке және маған қатысты бірнеше әкімшілік істер бойынша сот отырыстары болды. Жоғарыда атап кеткен заңсыз іс-әркеттері үшін ҚР ІІМ-не, ҚР Бас Прокурорына, Ақтөбе облысының ІІД –не полиция майоры А.Қаңтарбаев атына 20.07.2016ж.бастап інім Ғ.Еркешев пен өзімнің атымнан біренеше арыз-шағым түсірдім. ІІД-нің ӨҚБ –ның А.Қаңтарбавқа қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында оның жоғары лауазымға ие болғанын; Әйтеке би ауданы ІІБ бастығының орынбасарына тағайындалғанын білдім. 28.09.2016ж. ІІД кеңсесіне тіркелген арызымда көрсеткен болатынмын. Қалайша 3 адамның азаматтық құқығын аяқ асты еткен А.Қаңтарбаевтың құзырына түгел бір ауданның құқығын қорғауды тапсырады? 11.10.2016ж. Ақтөбе облысы ІІД ӨҚБ бастығы Е.Айтмұханбетов атынан 2016жылғы 28-қыркүйекте жазылған №ЖТ-М1349 арызыма жауап хат алынған болатын; осы хаттан 2016жылғы №АЕК 2312, №18-2-564 арыз бойынша Әйтеке би ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция майоры А.Қаңтарбаев Ақтөбе облысы ІІД-нің 2016жылғы 7 қазанда №803 бұйрығымен тәртіптік жаза ретінде атқарып отырған лауазымынан босатылғаны жазылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы 2-бөлігімен полиция майоры А.Қаңтарбаевқа І161500031000678 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісінің ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1-бөлігінің 2 тармағы талабына сай өндірістен қысқартылғаны туралы 2016жылы желтоқсанның екісінде жазылған №18-2-18-2-5/1155-11 хабарламадан білдім, бұл шешімге қарсымын.

А.Қаңтарбаевтың полиция қызметіне нұқсан келтіретін іс-әркеттерінде құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1-бөлігі 2-тармағының талабына сай өндірістен қысқартылды деп шешім қабылдаған Ақтөбе облыстық ІІД-нің Өзіндік Қауіпсіздік Басқармасының ісін қалай түсінуге болады? Осындай қылмыстарды әшкерелеу ӨҚБ қызметтерінін бірі емес пе?! Бұл шешім істің заңды жүргізілуін қадағалайтын Ақтөбе облысының прокуратурасымен қалайша келісілген?

А.Қаңтарбаевтың бірнеше адамға нақақтан – нақақ жала жауып, оған қоса сотқа жалған арыздар тіркеп, сотқа жүгінуі; сот процестерінде жалған сойлеуі; сотқа оқиға орнында болмаған жалған куәгерлерді әкелуі менің ойымша қылмыс болып табылады. Сол себепті 16.01.2017ж.жазған арызымда Ақтөбе облыстық ІІД –і А.Қаңтарбаевтың полиция қызметіне нұқсан келтіретін осындай іс-әркеттерін көре тұра оны қызметтік тексеріс кезінде жоғары лауазымға тағайындауы заңды ма деп ҚР Ішкі Істер Министрі атынан, ІІМ ӨҚБ –сы атынан сұрадым. 13.02.2017ж. ҚР бас Прокуроры атынан, Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіров атынан қызметтік тексеріс кезінде жоғары лауазымға тағайындалуы заңға сай жүргізілгенін тексеруді және жазбаша жауап беруді www.115kz сайты арқылы сұрадым. Ақтөбе облыстық прокуратурасы атынан А.Қаңтарбаевты жоғары лауазымға тағайындалуы заңға сай жүргізілгенін тексеру жөнінде мәліметті алмадым және ҚР қылмыстық Кодексінің 419 бабын өрескел бұзған полиция майоры А.Қаңтарбаевтың әркетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі қысқарту шешімімен облыстық прокуратураның келіскені мүлдем түсініксіз.

Сол себепті ҚР Бас прокуратурасы атынан полиция майоры А.Қаңтарбаевқа қылмыстық істі құқық органдары арқылы ҚР ҚПК-нің 24 бабы бойынша қайта қарауға, оған ҚР ҚПК-нің 362 бабы 2-бөлігіне сай шара қолдануға түрткі болып, заңды жүргізілуін қадағалауын www.115.kz сайты арқылы 09.03.2017ж. жазған арызымда көрсеткен болатынмын. Сонда Қазақстанда кез келген адамға өтірік жала жауып, оған өтірік куәгер тауып, сотқа шағымдануға болатын болғаны ма?!

Сонымен қатар, 16.11.2016ж. ІІБ Елек ПБ басшысы З.Б.Кунбасов атына ҚР Қылмыс Кодексінің 420 бабы 1-бөлімі бойынша А.Қаңтарбаевтың куәгері - В.В.Сахноға сот процесінде жалған айғақ бергеніне байланысты жасаған қылмысы үшін арыз түсірдім. Осы іс әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Жалған куәгер В.В.Сахноға қатысты 2017жылдың 15-ші ақпанында тергеп –тексеруші Үсеновтің қаулысы бұзылғанын Ақтөбе қалалық прокуратурасы хабарлаған күннен бастап біршама уақыт өтті, әлі күнге дейін қорытынды жоқ.

Жоғарыдағы жазылғандарды баяндай келе, тәуелсіз бұқаралық ақпарттық құралдарына хабарласпастан бұрын және тәуелсіз журналистік тексеріске жүгінбестен бұрын, Сіздерден ақиқатты дәлелдеу жолында қолғабыс етеді деген үмітпен сенімділік білдіремін. Осыншама уақыт аралығында құқық органдарының қызметкерлерінің істі шешудегі әрекеттері күмән туғызады. Және де полиция қызметкері А.М.Қаңтарбаевты құқық органынан қудалауға, әрі оған жасаған ісіне сай қылмыстық-құқықтық шара қолдануға; Ж.Қаңтарбаеваға жалған айып таққаны үшін жауапқа тартылуға; заңгер В.В.Сахноға қылмыстық іс қозғауға және осы іске қатысты мемлекет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шара қолдануға түрткі болуларыңызды сұраймын.

Муханбетсагиров А.

09.05.2017ж.

 

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының

төрағасы Б.М.Сапарбаев мырзаға

Ақтөбе қаласы, Ясное селосы, 284-үй тұрғыны

М.А.Муханбетсагировтен 87759008042

Арыз

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Алғашқы сот процестерінен бастап бірнеше ай бойы ініміз екеуіміз кінәміздің жоқтығын дәлелдеу үшін көптеген мемлекттік және құқық органдарының табалдырығын тоздырудамыз. Алты-жеті айдан бері отбасымның, қарт ата-анамның мазалары кетті. Ар-ұят, намысты аяқ асты етпеу үшін, әділдік, шындық іздеп күресуден басқа шара жоқ екені айдан анық. ШЫНДЫҚ іздеп, құқық органдарымен соттасуым керек пе, шындықты әділ төрешілік ететін сотқа қалайша дәлелдеуім керек?! –деген сұраққа жауап береді және де құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шара қолдануға ықпал етеді деген сеніммен өзіңізге хабарласып отырмын. Төменде болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндадым.

Інім, Еркешев Ғ.М. 2016 жылдың 20 – шілдесінде «Автопарк» ЖШС–не қарасты №11 бағыттағы мемлекеттік номері 645 AL 04 ПАЗ 320402-05 жолаушылар тасыйтын қоғамдық автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыста болды. Сол күні ол жергілікті сағат 16:40 минут шамасында Ломоносов көшесіндегі Байғанин аялдамасына жолаушыларды түсіріп, Темір Жол вокзалы аялдамасына бағыт алды. Автобус салоны жолаушыларға лық толы, шамамен 50-60 адамдай болған. Сонымен қатар қасында кондуктор - Төреханова Валентина Өтемісқызы болды. Байғанин аялдамасынан кейін автобусты үшінші жол жолағымен жүргізді. Темір Жол аялдамасына жақындаған кезде бағдаршамның қызыл түсі жанып, жаяу жолаушылар өтетін жолаққа жетпей автобусты тоқтатты. Бұл Уалиханова және Кереева көшелерінің қиылыс тұсы болатын. Бұған дейін аталған тұсқа жақындаған сәтте інім автобустың оң жақ айнасы арқылы ақ түсті «Mitsubishi ASX», мемлекеттік номері 763 СВА 04 автокөлігінің автобусты қыспаққа алғанын байқаған, яғни өз автобусы келе жатырған үшінші жол жолағына етене кірген болатын. Інімнің айтуынша м.н.763 СВА 04 автокөлік жүргізушісі жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтамағандай болды. М.н. 763 СВА 04 автокөлігінің жүргізушісі, артынан бізге белгілі болған, Ақтөбе қалалық ІІБ полиция қызметкері майор Абай Қантарбаев тоқтап тұрған автобустың сол жақ есігі тұсынан келіп себепсіз, негізсіз автобус жүргізушісі інімді балағаттап, айқайлап лас сөздер айтқан. Автобустың сол жақ есігі сыртынан оңай ашылмайтын, есікті аша алмаған А.Қантарбаев автобустың алдын айналып өтіп, автобус салонының алдынғы есігін қолымен соғып, өзінің полиция қызметкері екенін айтып және есікті ашуды талап еткен. Інім Еркешев Ғ.М. автобус есігін ашып үлгергенше А.Қантарбаев балағаттауын қоймаған. Автобус есігі ашылғанда А.Қантарбаев салонға айқайлап інімнің ар – намысына нұксан келетін сөздерді жалғастырған. Қоғамдық автобустағы жолаушылардың көзінше ар-намысына нұқсан келген ашулы ініме ол өзінің полиция қызметкері екенін тағы да айтты. Ашуланған інім ұрынып тұрған адамның полиция қызметкері екенін қайта естіген соң сабырға келген болатын. А.Қантарбаев автобустың автокөлігіне соққанын айтып, інімді кінәлады. Еркешев Ғ.М. Қантарбаевтың автокөлігінің сау екендігін, оның автокөлігіне ешқандай залал келтірілмегенін байқаған және осы ойын А.Қаңтарбаевқа жеткізген. Сонымен қатар інім жолаушылар тасымалын орындау мақсатында жұмысын жалғастыра беруін сұраған. Кондуктор В.Төреханова да автобус пен «Mitsubishi ASX» автокөлігін тексеріп қарап шықты. Автобус пен жеңіл автокөліктің соктықпағандарын, Қаңтарбаев автокөлігіне ешқандай залал келтірмегенін, ешқандай сызат түспегенін айтты. Жауап орнына В.Төреханова А.Қантарбаевтан балағат сөздер естіді, әрі А.Қантарбаев Төреханованың бетіне түкірді. А.Қантарбаев інімнің жұмысын жалғастыруға қарсылық білдіріп, өзін адекватсыз ұстады, яғни орынсыз мінез – құлық көрсетті. Қантарбаев өзінің жағымсыз іс - әрекеттерін жалғастыра тұрып, ініме жаргон сөздермен қоқан лоқы корсеткен. Не, Шалқарлықсың ба не? – деген сөзіне інім Шалқарлық екенін растаған. А.Қантарбаев Шалқарлықтарды құртатынын, қазір «біреулерді» шақыртып Ғ.Еркешевті «сындыртатынын» айтып қорқытқысы келді. «Челкарцы – колхозники, понаехали бараны» сөздерін айтты, әрі балағаттауын тоқтатпады. А.Қантарбаевтың заң қызметкері бола–тұра, жағымсыз іс-әрекеттері мен балағат сөздерінен сескенген Ғ.Еркешев 102 номеріне телефон соғып полиция қызметіне хабарласқан. Полиция қызметінің телефоны арқылы жол көлік оқиғасының болмағанын, өзін полиция қызметкері жібермей тұрғанын баяндаған. Сонымен қатар маған, яғни А.Муханбетсагировке болып жатырған оқиғаны телефон арқылы жеткізді.

(Қантарбаевтың автобустың жүргізуші жағынан келгені, автобустың алдын айналып өткені Уалиханова және Кереева қиылысында бағанаға орналасқан Ақтөбе қалалық полиция қызметіне қарасты Жедел Басқару Орталығы (ЦОУ) видеокамерасынан алынған бейнематериалдан анық көруге болады. Барлық уақытта Қантарбаевтың кінәлауы мен балағаттауы, інімнің ар – ұжданына нұқсан келтіруі м.н. 645 AL 04 қоғамдық автобус жанында болды Барлық уақытта А.Қантарбаев автобус жанында жанжал шығарды, оның автобус тұсында жиі болғаның растайтын фотосуреттер бар).

Ғ.Еркешев оқиға орнындағы жағдайды және автокөліктерге ешқандай залал жоқтығын «Автопарк» ЖШС – нің №11 бағыттағы автобустар диспетчеріне, авариялық мастерге хабардар етті. Келтірілген залал жоқтығын естіген басшылық келуден бас тартқан. Ғ.Еркешев автобус салонындағы жолаушылардан көздеген жерлеріне жете алмайтындығын айтып, салонды босатуын сұраған. Ал Қантарбаев өз көлігіне отырды. Қантарбаев өз көлігінде жалғыз болды, автокөлік салонында ешкандай адам болған емес. Қантарбаев үстінде ақшыл көк футболка, қою көк трико, аяғында көк түсті аяк киім (шлепка) болды.

102 қызметіне хабарласқаннан соң он минут арасында учаскелік полиия қызметкерлері келді. Олар Ғ.Еркешевтің құжаттарын қарап тексерді, алған мәлеметтерін телефон арқылы үнемі бір жерге жеткізді. Ал А.Қантарбаев жанына барған полиция қызметкері оның құжатын да тексермей, карай алмай кетіп қалды.

102 полиция қызметіне інім Ғ.Еркешевтен бөлек өзім де телефон шалып жол патруль полиция қызметкерлерін, ІІД Өзіндік Қауіпсіздік Басқармасының (ӨҚБ) кызметкерлерін оқиға орнына келуін сұрадым.

Оқиға орнына менің өтінішім бойынша танысым Утепов Ерлан барды. Ол адам да А.Қантарбаевпен сөйлесіп, мицубиси автокөлігіне келтірілген залал жоқтығын айтқан. А.Қантарбаев оның да сөзіне құлак аспады. А.Қаңтарбаевпен әңгіме барысында ол Ғ.Еркешевтің атына балағат сөздер айтқанын, бірақ Ғ.Еркешев А.Қаңтарбаевты балағаттамағанын айтты. Сонымен қатар оқиға барысында Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ ЖПҚ полиция қызметкерлері және м.н. 171 DLA Лада Приора автокөлігімен келген бірнеше коменданттық патруль қызметіндегі офицерлер болды.

Шамамен 40 минуттан соң м.н. 537 КР Лада Приора автокөлігімен сержант Тамерлан Ғалымжан және старшина Айдын есімді жол полиция қызметкерлері келді, оқиға орнымен танысты, көліктерді қарап шықты. М.н.763 СВА 04 «Mitsubishi ASX» автокөлігінің жұргізушісі полиция қызметкері майор А.Қантарбаев екенін сержант Т. Ғалымжан арқылы білген болатынбыз.

Жол патруль полиция қызметкерлерінен соң оқиға орнына мен де жеттім. Полиция қызметкері сержант Т. Ғалымжаннан, інімнен барлық мән – жайды сұрап алдым, көліктерді қарап шықтым. Көліктерде ешқандай залал, сызат жоқтығын көрген соң Т. Ғалымжанмен А.Қантарбаевтың көлігіне бірге бардым. (Бұл сәт те инстаграм әлеуметтік желісіндегі Zello мониторинг парақшасы арқылы белгісіз куәгерлердің фотосында бейнеленген) Есігін ашқан А.Қантарбаевқа ешқандай залал жоқтығын, әрі Ғ.Еркешевтің ағасы екенімді айтқанда А.Қантарбаев дауыс көтеріп, балағаттады. Ол сөздерді оқиға орнындағы жол полиция қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері естіді. Мен полиция қызметкерлерінен Қантарбаевтың балағаттауын тоқтатуын және айтқан ісін тіркеуін сұрадым. Сол жердегі полиция қызметкерлері бұл сөзді жауапсыз қалдырды.

Оқиға орнында залал жоқтығын айтқан сержант Т.Ғалымжан жол көлік оқиғасы болмағаны жөнінде хаттама толтыру кезінде, яғни Қантарбаев пен інімнің бір- біріне талап коймайтыны жөнінде жазу барысында, А.Қантарбаев толтырылып жатырған хаттаманы жыртып, жол көлік схемасының сызылуын талап етті. Сәлден соң А.Қантарбаев жанына белгісіз жақтан әйелі келді. Сержант Т.Ғалымжан А.Қантарбаевтың талабы бойынша жол көлік оқиғасы болмаса да оқиға орнынан схема сызды. Жол көлік схемасының артқы бетінде Қантарбаев келтірілген залал жоқтығын растап қол қойды. Және де полиция қызметкері тағайындаған екі куәгер Рамилин Руслан мен Сәрсенов Айдос та болды. Ол куәгерлер де ешқандай келтірілген залал, сызат жоқтығын растады.

Полиция қызметкері сержант Т.Ғалымжаннан Автопарк ЖШС – не қарасты автобус пен А.Қантарбаев автокөлігін айыппұл тұрағына қоюды сұрадым. Заңға қайшы деп Т. Ғалымжан бұл талаптан бас тартты.

А.Қантарбаевтың бұл іс - әрекетінен бес сағаттай уақыт зая кетті. Автобус маршруты бұзылып, халыққа көрсететін қызмет тоқтатылды. Сол күнгі Автопарк ЖШС белгіленген жоспар толығымен орындалмады. Полиция қызметкері майор А.Қантарбаевтың жағымсыз іс - әрекеті, балағат сөздері қоғамдық орын – Темір Жол вокзалы тұсында, қоғамдық көлік жолаушыларының көз алдында орын алды. Оқиға орнынан соң медициналық сараптама бөліміне барып анықтама алдық.

Ғ.Еркешев Ақтөбе қалалық ІІБ 2 зоналық Елек бөліміне Қантарбаев атына 2016жылдың 20 шілдесінде арыз-шағым жазды, талон номері – 161510035003843, қабылдаған полиция қызметкері Байсанов Д. Жол патруль полиция мекемесінде болған оқиға жөнінде түсініктеме берілді және Ақтөбе қаласындағы Ішке Істер Департаментінің Өзіндік Қауіпсіздік Қызметіне 2016 жылдың 21 шілдесінде полиция қызметкері майор А.Қантарбаевтың атына арыз – шағым жазылды, талон номері 161500035000270, қабылдаған полиция майоры Туябергенов К.

Ақтөбе қаласы Ішкі Істер Басқармасының жол партульдік полиция қызметкері сержант Т.Ғалымжан 2016 жылдың 4 тамызында Ғ.Еркешев атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 0798948 хаттама толтырды. Хаттама «20 шілде 2016 жылы шамамен 17 сағат 25 минутта Ақтөбе қаласы, Уалиханов көшесі Темір Жол вокзалына қарама – қарсы жерде, Паз 320402 м.н. 645 AL 04 автокөлігінің басқару барысында інім, ҚР жол жүру ережесінің 9.10. тармағын өрескел бұзып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтамай, А.Қантарбаевтың басқаруындағы «Mitsubishi ASX», м.н. 763 СВА 04 автокөлігімен соқтығысып, көлік құралдарының бүлінуіне әкеліп, материалдық залал келтіргені, яғни Ғ.Еркешевтің ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны көрсетілген. Сол себепті Ғ.Еркешев жүргізуші куәлігінен айрылып бірнеше күн жұмыссыз болды. 2016 жылдың 25 тамызында Ақтөбе қаласы мамандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Е.Еламанова, адвокат М.К.Куашовтың қатысуымен 2016 жылғы 28 шілдедегі №002915 ордері, сот ғимаратында мемлекеттік тілде ашық сот өтті.

Сот процесінде Ғ.М.Еркешев әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген жағдайда әкімшілік құқық бұзбағанын айтып, кінәсін мойындамады. Ғ.М.Еркешев өзін қорғау мақсатында адвокат М.К.Қуашовтың (2016жылғы 28 шілдедегі № 002915 ордері) көмегін пайдаланды. Адвокат М.К.Қуашов хаттаманы негіссіз, заңсыз деп санады. Өйткені 2016ж. 20-шілдесіндегі жол оқиғасын қарау хаттамасына тіркелген сызба А.Қаңтарбаевтың айтуы бойынша оқиға болған жер 3 санымен көрсетілген, яғни жолдың сол жақ бордюрінен 3 санымен белгіленген жер арақашықтығы-2,300м. Ал автобус шығарған зауыттың техникалық характеристикасы бойынша Ғ.М.Еркешев жүргізген автобустың ені-2,410м; ал ұзындығы-7,600м. Осы деркетерге сүйене отырып адвокат М.К.Қуашов жол сызбасында көрсетілген оқиға орны шындықа сай келмейтінін, қисынсыз, екенін, себебі автобустың ені бойынша ол сол жердегі жол жүру бөлігіне сыймайтындығы анықталғанын; жол-көлік оқиғасының болмағанын; керісінше А.Қаңтарбаевтың жол қозғалыс ережесінің 9.10 тармағының талаптарын орындамағанын, яғни бүйір аралықты сақтамағандығын айтты. Егер де автобус енінің ұзындығы (2,4100м) мен жол-көлік сызбасында №3 санымен белгіленген соқтығысқан жердің (2,300м.) жол бордюрімен арақашықтығын бірі-бірімен тұспа-тұс салыстырып көрсе, ені 2,400м. автобус өз жолағымен жүргені, қозғалғаны анықталады. Ал А.Қаңтарбаев басқаруындағы митцубиси автокөлігі бүйір аралықты сақтамаған болып саналады.

Жол қозғалысы ережесінің 2 бөлімінің 35 тармағында, жол жолағы-осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмерленуі қозғалыс жол жолағы-жүру бөлігінің таңбаланып белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдің бір қатарда қозғалуына жетерлік ені бар кез келген ұзыннан бой жол жолағы делінеген. Осы ережеге сай Ғ.М.Еркешевтің басқаруындағы автобустың жолда жүру жолағының ені-2,410м.-ден жоғары болып саналады. Және адвокат М.К.Қуашов жол – көлік сызбасын куәгерлер-Р.Рамилин, А.Сарсенов көздерінше , А.Қаңтарбаев пен Ғ.Еркешев қатысуымен сызылғаны, онда жолдың хал-ахуалы; сонымен қатар автобус пен мицубиси автокөлігіне ешқандай келтірілген залал жоқтығы айтылды.

Сонымен қатар сотта іске қатысты материалдарда оқиға орнынан криминалист Ильжанов түсірген фотосуреттерді ҚР ӘҚБтК-нің 765 бабына сәйкес дәлел-дәйек есебінде пайдалану орынсыз екені айтылды. Өйткені лауазымды тұлға Ильжановтың іске қатысы жоқ.

22.072016ж.сержант Т.Ғалымжан автотранспорттарда бір-біріне келтірілген залал жоқтығын көре тұра, өз бетінше транспортық транслогиялық сот сарптамасын тағайындауға анықтама шығарады. Аталған анықтама ҚР Әкімшілік заңының процессуалды құқық нормаларын өрескел бұзу жолымен тағайындалды. Полиция сержанты Т.Ғалымжан ҚР ӘҚБтК 772 бабы 8-бөліміне сәйкес сараптамаға анықтама жібермес бұрын Ғ.Еркешевті осы анықтамамен таныстыруы тиіс еді. Алайда лауазымды тұлға Т.Ғалымжан бұл шараны заңға сай істемегендіктен, Ғ.Еркешев сараптама тағайындауы жөнінде анықтамамен таныспады, яғни Ғ.Еркешев құқығы аяққа тапталып, сараптамашыға қарсылық (отвод) білдіре алмады, сұрақтар қою талаптарын тіркей алмады.

Сараптамашы Қ.Қайназаров жауабына Ғ.Еркешев пен М.К.Қуашов сыни көзбен қарап, көптеген түсінбеушіліктердің болуы мен берген қорытындысының шындыққа сай екендігіне күмән келтірді. Өйткені сызат жоқтығын растаған екі бірдей куәгерлердің айтуынша, А.Қаңтарбаев оқиға орнында автокөлігіне келтірілген залал жоқтығын растап қол қойса да, сараптамашы Қ.Қайназаров басқа қорытынды шығарды. Сараптамашы зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде ҚР сараптама тағайындау талаптарына сай емес көне шетел авторларының кітаптары мен методикалық нұсқауларын пайдаланғаны анықталды.

А.Қаңтарбаевтың автокөлігінің сол жақ бүйіріндегі артты көрсететін әйнегіндегі ақ түсті қатпарлану ізінің автобустың оң жақ қапталында орналасқан ауа фильтрінің қақпағындағы сызаттан болған деген сараптама қорытындысы ақылға қонымсыз, ғылыми дәлелсіз. Бұл іздердің қалай пайда болуын, сызаттың, ақ түсті қатпарлану ізінің түсу механизмін, ол іздерді жерден биіктіктерін өлшегенде сәйкестіктің тұспа-тұс болмауын ғылыми түрде дәлелдей алмады. Сол себепті сараптама қорытындысына сүйенудің мүлдем қажетсіз екені айтылды. Сот процесіне адвокат М.К.Қуашов сұрауымен сараптамашы Қ.Қайназаров бірнеше рет шақырылған болатын, алайда сараптамашы мүлдем келмеді.

ҚР ӘҚБтК –нің 610-бабы 1-бөлімімен тұлғаның әрекетінде құқық бұзушылықтың саралау белгілері болу үшін келтірілген материалдық шығынның бар болуы қажет. Яғни А.Қаңтарбаев басқаруындағы автокөлікке келтірілген залал көлемінің болуы қажет. Алайда материалдық шығынның жоқтығынан, істің осындай жағдайында судья Ғ.Еркешевтің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлімі бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болмады деп санады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741 бабының 1 бөлімі 2 тармағын, 821-823 баптарын басшылыққа ала отырып, судья А.Е.Еламанова қаулы шығарды, яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық тұралы кодексінің 610 бабының 1 бөлімімен Ғани Мұханбетсағырұлы Еркешевке қатысты №3/7483 әкімшілік істі оның әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартты. Қаулы 2016 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Осы сот процесінің таспаға түсірген электронды көшірмелері бар.

Полиция қызметкері майор А.Қантарбаевтың м.н 763 СВА 04 «Mitsubishi ASX» автокөлігіне Ғ.Еркешевтің басқаруындағы ПАЗ 320402-05 645 AL 04 автобусының соққаны және залал келтірді деген айыптауы жоққа шығарылды. Осы аталған сотта інімді заңды қорғау мақсатында адвокат қызметі үшін қаржылай шығындарға ұшырадым.

Осылайша жалған айып таққан А.Қаңтарбаевтың, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын қате, жалған толтырған сержант Т.Ғалымжанның заңға қайшы іс-әрекеттерінен інім-Ғ.Еркешевке заңсыз әкімшілік іс қозғалған болатын.

Сонымен қатар А.Қаңтарбаевтың әйелі Жанна Қаңтарбаева маған бірнеше рет 87016464849 номері (Бұл телефон номері Ақтөбе қалалық ІІБ Елек бөлімінің полиция подполковнигі Б.З.Кунбасов атына 20.07.2016ж. Ж.Қаңтарбаеваның ініме әкімшілік шара қолдануға жазған арыз парағында көрсетілген) арқылы телефон шалып істі шешу жолдарын ұсынды. Мен қорғану мақсатында 08.09.2016ж. астана уақытымен 17 сағат 32 –ші минутта Ж.Қаңтарбаеваның телефон желісіндегі сөздерін таспаға түсіріп алдым, яғни Ж.Қаңтарбаева таспадағы жазбаның 06.20 минутында өзінің жолдасы А.Қаңтарбаев үшін кешірім сұрағаны және біздің ар-намыстарымызға нұқсан келетін сөздеріне кешірім сұрағаны айтылған. Осы таспадағы жазба арқылы полиция қызметкері майор А.Қаңтарбаевтың балағаттап сөйлегенін әйелі Жанна Қаңтарбаеваның өзі растайды.

20.07.2017ж.орын алған оқиғадан екі айға жуық уақыттан соң А.Қаңтарбаевтың және әйелі Ж.Қаңтарбаеваның арыздары бойынша Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ инспекторы Б.Ж.Құрманиязов 11.09.2016ж. Ғ.Еркешевке және маған, А.Муханбетсагировке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны жөнінде әкімшілік өндіріс қозғады. Онда ол 20.07.2016ж. 17 сағат 30 минут шамасында , Ақтөбе қаласы, темір Жол вокзалы тұсында орналасқан бағдаршамның қасында, яғни қоғамдық орында Ғ.Еркешев пен А.Муханбетсагиров А.М.Қаңтарбаевтың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әркет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған деген айып тағылған.

Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ басшысы полиция подполковнигі З.Б.Кунбасов атына ҚР Бас Прокуроры бекіткен №1 қосымшадағы арыз парағын толтыруда 21.07.2017ж. А.М.Қаңтарбаев, Ж.А.Қаңтарбаева жалған, өтірік айқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 419 бабына сәйкес бас бостандығынан 10 жылға айырылады деген ескертуге қол қойған. Сүйте тұра А.Қаңтарбаев арызында, 20.07.2016ж. Ақтөбе қалалық ІІБ басшысы полиция подполковнигі А.А.Кужахметов атына жазылған түсініктемесінде, мамандандырылған әкімшілік сотына жалған ақпарат беріп, айып тақты.

Шағымданушы А.Қаңтарбаев сот процесіне өзінің адвокаты Боранбаевпен келді. Сот материалдарының көшірмесін алғанымда адвокаттың ордері болмады. Сотта А.Қаңтарбаев, 20.07.2016ж.сағат шамамен 17.30-да Митсубиси көлігін басқарып, Уалиханов көшесімен қозғалғанын, Теміржол вокзалы аумағында өзін айналып өткен №11 бағыттаға автобус көлігімен соқтығысқанын, болған жол-көлік оқиғасы бойынша жасаған ескертпесіне автобус жүргізушісі өзін балағаттай бастағанын; біраз уақыттан кейін оқиға орнына және А.Қаңтарбаев машинасының жанына Ғ.Еркешевтің таныстары мен туысқандары, автобус жүргізушілердің келгенін; келгендердің өзіне ашулы түрлерін байқап өз автокөлігіне барып отырып, полиция қызметкерлері келгенше шықпағанын; А.Муханбетсагировтың машинадан жұлқылап шығарғанын; балағаттағанын айтты және де ол оқиға орнында А.Муханбетсагиров жол-көлік оқиғасынның схемасын сызуға қарсылық білдірді деді. Сотта қасында болған әйелі Ж.Қаңтарбаеваның таксиге отырып, поликлиникаға кеткенін де жеткізді.

А.Каңтарбаев Ақтөбе қалалық ІІБ басшысы полиция подполковнигі А.А.Кужахметов атына жазылған түсініктемесінде өзінің жұмыс бабымен қалалық сүт зауыты районына бара жатқанын; автокөлікте әйелі болғанын және оның машинадан шығуына қарсы болғанын жазған. Алайда Ж.Қаңтарбаева арызында 20.07.2016ж.болған оқиғада мицубиси автокөлігінің артқы орындығында болғанын; Ақниет клиникасына бара жатқанын; автобус жүргізушісі мен кондуктордың А.Қаңтарбаевты балағаттағанын, денесіне зақым келтіреміз деп қорқытқанымызды; куәгерлердің көргенін және олар жөнінде мәліметтерді жазып алғанын; Ж.Қаңтарбаева жол-көлік оқиғасы кесірінен клиникаға бара алмай, машина ішінде үш сағат отырғанын жазып көрсеткен. Алайда Ж.Қаңтарбаеваның арызы сот процесінде қаралмады. Арызы тіркелсе де сот процесінде жауап алмады.

А.Қаңтарбаевтың соттағы сөйлеген сөздері мен Ж.Қаңтарбаеваның арызының мазмұнында қарама – қайшылықтар бар. Сол күнгі оқиға бойынша ІІД ЖБО қарасты сыртқы бақылау камерасының жазбасынан айтқан-жазған сөздері расталмады.

Сотта куәгер ретінде сұралған В.В.Сахно түсініктемесі бойынша, 2016жылы 20 шілдеде Кереев көшесінде орналасқан нотариуста жұмысында болғанын; кешке жақын шамамен сағат 17.35 минутта жұмыстан шығып аялдамадағы дүңгіршектен газет алуға барғанын; Кереев ескерткішінің жақындаған кезде көлік құралдарының соқтығысқанына ұқсас дыбыс шыққанын; жақыннан қарағанда автобус жеңіл көлікке соққанын, автобус әрі қарай жүріп кеткенін; автобусты айналып өтіп жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп, дүңгіршектің қасында шамамен 10 минуттай болғанын; Сол дүңгіршектің қасында тұрған кезде мицубиси көлігінің жанында жүгіріп жүрген әйел адамды көргенін; ол әйелдің мицубиси автокөлігінің жүргізушісінің әйелі екенін, жанжал шешілмеген жағдайда хабарласуына рұқсат сұрап көмек беруін, әрі телефон номерін осы әйелге бергенін; қарсы бағытқа қарай жолдан өткен кезде, өзіне кейіннен белгілі болғандай автобустың жүргізушісі ер адамның телефонмен қатты дауыстап сөйлескенін, ол мемлекеттік тілде де , орыс тілде де балағат сөздер айтып жатқанын естігенін; кейіннен жүргізушінің ағасы болып келетін қызыл жейдедегі ер адамның да балағат сөздер айтып жатырғанын, жол-көлік схемасын сызуға қарсылық көрсетуімді көргенін жазған.

(Сахно В.В. осы түсініктемесін 21.07.2016ж. жазып, осы түсініктеме астына 13.09.2016-16.09.2016жж. аралығында Атырау қаласына іс-сапармен кететінін, сот процесіне келе алмайтындығын жазбаша ескерткен, әрі 09.09.2016ж.сатып алынған электронды билетін тіркеген. Осы жерден-ақ шикілікті көруге болады.)

Сахно В.В. сот процесінде айтқан сөздері мен 21.07.2016ж.жазған түсініктемесінде қарама – қайшылықтар өте көп. Сот процесіндегі В.В.Сахно сөзі бойынша автобус үлкен жылдамдықпен келгені; автобустың жеңіл автокөлікпен соқтығысқанын; жүргізушінің жаяу жүргіншілер жолағына келіп лезде тежегішті басып тоқтағаннан автобус доңғалақтарының үйкеліс дыбысының болғанын, сфетофор тұсына тоқтаған автобустың алдын айналып өтіп жаяу жүргіншілер жолағымен газет киоскасына барғанын; 10 минуттан соң сол жаяу жүргіншілер жолағымен кері қайтқанын; осы уақытта автобустың артқа қарай жүргенін; кондуктор мен автобус жүргізушісінің А.Қаңтарбаевтың машинасы жанында балағаттағанын, жаяу жүргіншілер жолағымен автобус алдынан өткен соң Каспий банк тұсындағы гүл шоғының жанында болғанын; жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін 15 минуттан соң автобус жүргізушісінің ағасы келгенін; оның А.Қаңтарбаевты балағаттағанын естігенін; оқиға орнына А.Муханбетсагиров келгеннен кейін полиция қызметкерлерінің 30 минуттан соң келгенін; жол-көлік схемасының сызылуына А.Муханбетсагировтің кедергі келтіргенін айтты.

Алайда В.В.Сахно сөздері өз негізін таппады. Яғни Куәгер Сахно В.В.түсініктемесіне судья Махметов сыни көзбен қарады, себебі ол сот процесіндегі айтып көрсеткен жағдайда, оның жол-көлік оқиғасы орнында болғаны ІІД ЖБО қарасты сыртқы бақылау камерасының жазбасынан көрінуі тиіс еді. Алайда, сотта зерттелген жазбадан оқиға орнында В.В.Сахноның болғаны анықталған жоқ. Камера жазбасы бойынша автобус үлкен жылдамдықта жүрмегені, жол-көлік оқиғасы болған емес; автобустың алдын айналып өтіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен 10 минут арасында ерсілі-қарсы өткен В.Сахно көрінбеді. Мицубиси машинасы жанында Ж.Қаңтарбаеваның В.Сахномен кездеспегені; кондуктордың, автобус жүргізушісінің және автобус жүргізушісінің ағасы мицубиси машинасы жанына бармағаны; оқиға орын алған уақыттан соң 10 минут арасында полиция қызметкерлерінің болуы және оқиға орнына жол-патруль қызметкерлері келгенше учаскелік полиция қызметкерлерінің тұрақты болуы; оқиға орнында 15 минут аралығында А.Муханбетсагировтың болмағаны анықталды. Мен оқиға орнына 18 сағат .30 минутта келдім, оқиға орнына келгенімде полиция қызметкерлері толып жүрді. Схема сызуға қарсылық білдіруге негіз болған емес, өйткені жол-көлік оқиғасы бойынша схема сызылған парақтың екінші бетінде А.Қаңтарбаев өз автокөлігіне келтірілген зиянның жоқтығын жазып, қол қойды.

Сотта Т.Т.Батырғарин, Ақтөбе ІІД жеке құрамы бойынша инспекцияның инспекторы болып қызмет атқаратынын; сол күні жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсуіне байланысты Ақтөбе облыстық ІІД кадр қызметі бойынша инспекторы Т.А.Абдуллинмен бірге оқиға орнына келгендерін; оқиға орнына келген кезде өздері жол-көлік оқиғасы болғанын айғақтайтын нақты белгілердің таппағандарын; оқиға орнында қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын; Мицубиси автокөлігінде Ж.Қаңтарбаеваның болмағанын; А.Муханбетсагировтың оқиға орнына жол-көлік схемасы сызылып жатырған сәтте келгенін; сол уақытта полиция қызметкерлерінің болғандығын айтып түсіндірді.

Сотта куәгер ретінде келген полиция қызметкреі Т.Ж.Ғалымжан да Ғ.Еркешев, А.Муханбетсагиров тарапынан қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын; А.Муханбетсагировтің полиция қызметкері А.Қаңтарбаевты тәртіпке шақырып, шара қолдануын өзінен сұрағанын растады.

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге сүйене келе судья Махметов Е.Ж. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741 бабының 1 бөлімі 2 тармағынның талабына сәйкес және 822 бабын басшылыққа ала отырып, қаулы шығарды, яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1-бөлімімен Ғ.М.Еркешевке және А.М.Муханбетсагировке қатысты әкімшілік істерді (Іс№1512-16-00-3/8902; Іс№1512-16-00-3/8901), олардың іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартты.

Осыған байланысты інім-Ғ.Еркешев.Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Ж.Махметовтен арыз иелері Ж.Қаңтарбаева мен А.Қаңтарбаевқа, куәгер В.Сахно бойынша жеке анықтама (частное определение) беруін 26.09.2016ж жазбаша және 29.09.2016ж.сот кабинеті арқылы сұраған болатын. Талап арызы жауапсыз қалды. Судья Е.Ж.Махметов Ғ.Еркешевтің арызын жауапсыз қалдыруы заңға сай ма?!

 

А.Қаңтарбаевтың жалған арыздануынан Ғ.Еркешевке және маған қатысты бірнеше әкімшілік істер бойынша сот отырыстары болды. Жоғарыда атап кеткен заңсыз іс-әркеттері үшін ҚР ІІМ-не, ҚР Бас Прокурорына, Ақтөбе облысының ІІД –не полиция майоры А.Қаңтарбаев атына 20.07.2016ж.бастап інім Ғ.Еркешев пен өзімнің атымнан біренеше арыз-шағым түсірдім. ІІД-нің ӨҚБ –ның А.Қаңтарбавқа қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында оның жоғары лауазымға ие болғанын; Әйтеке би ауданы ІІБ бастығының орынбасарына тағайындалғанын білдім. 28.09.2016ж. ІІД кеңсесіне тіркелген арызымда көрсеткен болатынмын. Қалайша 3 адамның азаматтық құқығын аяқ асты еткен А.Қаңтарбаевтың құзырына түгел бір ауданның құқығын қорғауды тапсырады? 11.10.2016ж. Ақтөбе облысы ІІД ӨҚБ бастығы Е.Айтмұханбетов атынан 2016жылғы 28-қыркүйекте жазылған №ЖТ-М1349 арызыма жауап хат алынған болатын; осы хаттан 2016жылғы №АЕК 2312, №18-2-564 арыз бойынша Әйтеке би ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция майоры А.Қаңтарбаев Ақтөбе облысы ІІД-нің 2016жылғы 7 қазанда №803 бұйрығымен тәртіптік жаза ретінде атқарып отырған лауазымынан босатылғаны жазылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы 2-бөлігімен полиция майоры А.Қаңтарбаевқа І161500031000678 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісінің ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1-бөлігінің 2 тармағы талабына сай өндірістен қысқартылғаны туралы 2016жылы желтоқсанның екісінде жазылған №18-2-18-2-5/1155-11 хабарламаны 06.12.2016ж.алдым. Хабарламаны Ақтөбе облысы ІІД ӨҚБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Б.А.Джумашев атынан алған болатынмын. Бұл хабарламадағы шешімге наразылығымды білдіріп, тергеп-тексеру ісін толыққанды жүргізуді талап етіп қайтадан Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшысы М.Х.Абисатовқа 13.01.2017ж.арызымды жолдадым. ҚР ІІМ Ақтөбе облыстық ІІД-нің құжаттарды қамтамасыз ету бөліміне 16.01.2017ж. тіркелді. Талон №171500000030000019.

Бұл арызыма Ақтөбе облыстық ІІД ӨҚБ бастығы Е.Айтмұханбетов атынан (орындаған Т.Т.Батырғарин) 19.01.2017ж. №18-2-18-2-5/54-4 жауап хат алдым, яғни хат мазмұны: Алдын-ала тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қылмыстық іс бойынша барлық тергеу амалдары жүргізіліп, А.Қаңтарбаевтың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылып, сол шешім Ақтөбе облыстық прокуратурасымен келісілген. Әрине, бұл жауап хаттағы шешімге де наразымын, келіспеймін.

А.Қаңтарбаевтың полиция қызметіне нұқсан келтіретін іс-әркеттерінде құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1-бөлігі 2-тармағының талабына сай өндірістен қысқартылды деп шешім қабылдаған Ақтөбе облыстық ІІД-нің Өзіндік Қауіпсіздік Басқармасының ісін қалай түсінуге болады? Осындай қылмыстарды әшкерелеу ӨҚБ қызметтерінін бірі емес пе?!

Бұл шешім істің заңды жүргізілуін қадағалайтын Ақтөбе облысының прокуратурасымен қалайша келісілген?

Және де Ақтөбе облыстық прокуратурасы атынан полиция майоры А.Қаңтарбаевқа қылмыстық істі ҚР ҚПК-нің 24 бабы бойынша қайта қарауға, оған ҚР ҚПК-нің 362 бабы 2-бөлігіне сай шара қолдануға түрткі болып, заңды жүргізілуін қадағалауды сұраймын.

А.Қаңтарбаевтың бірнеше адамға нақақтан – нақақ жала жауып, оған қоса сотқа жалған арыздар тіркеп, сотқа жүгінуі; сот процестерінде жалған сойлеуі; сотқа оқиға орнында болмаған жалған куәгерлерді әкелуі менің ойымша қылмыс болып табылады. Сол себепті 16.01.2017ж.жазған арызымда Ақтөбе облыстық ІІД –і А.Қаңтарбаевтың полиция қызметіне нұқсан келтіретін осындай іс-әркеттерін көре тұра оны қызметтік тексеріс кезінде жоғары лауазымға тағайындауы заңды ма деп ҚР Ішкі Істер Министрі атынан, ІІМ ӨҚБ –сы атынан сұрадым. 13.02.2017ж. ҚР бас Прокуроры атынан, Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіров атынан қызметтік тексеріс кезінде жоғары лауазымға тағайындалуы заңға сай жүргізілгенін тексеруді және жазбаша жауап беруді www.115kz сайты арқылы сұрадым. Электронды арыз номері №1915000159170164, тіркеу номері ЖТ-М-03000-17-00614.

 

2016 жылғы 8 қарашада Ақтөбе қаласының сотына маған және Ғ.Еркешевке заңсыз әкімшілік істердің қозғалғаны үшін материалдық және моральдық зиянды өту туралы талап арызбен сотқа жүгіндім. ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сотпен құқықтарды мойындату, құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады. Жалған арызданған А.Қаңтарбаевты, Т.Ж.Ғалымжанды, өтірік куәгер В.В.Сахноны азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту мақсатында жүгінген қалалық сотта 2017 жылдың 8 ақпанында шешім шықты. Судья А.Ж.Жумашева, іс № 1510-16-00-2/15894. Судья А.Ж,Жумашева заңсыз әкімшілік істердің қозғалғаны үшін материалдық және моральдық зиянды өту туралы талап арызымды кері қайтарып, арызымды қанағаттандырмады. Оған қосымша қарсы жақтың қорғаушысының ақысын төлеуді мойнымызға ілді. Бұл қалай болғаны? Апелляциялық сотқа жүгініп, қайтадан өзіміздің кінәсіз екенімізді; шындық іздегенімізді дәлелдеуге тура келеді.

 

Сонымен қатар, 16.11.2016ж. ІІБ Елек ПБ басшысы З.Б.Кунбасов атына ҚР Қылмыс Кодексінің 420 бабы 1-бөлімі бойынша В.В.Сахноға сот процесінде жалған айғақ бергеніне байланысты жасаған қылмысы үшін арыз (КУИ 18151 ЕРДР 5050)түсірдім. Аталған арыз бойынша жауап үш айдан бері ала алмай келемін. Осы іске уақытылы жауап алмауыма байланысты және шара қолдануды сұрап Ақтөбе қаласының прокуратурасына 13.02.201ж. www.115kz сайты арқылы арызымды жолдадым. Электронды арыз номері 1915100159170157, тіркеу номері ЖТ-М-0301-17-00605. Бүгін телефон арқылы В.В.Сахноға қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны туралы, сотта жалған куәгер болған В.В.Сахно іс-әрекетінде қылмыстық істің құрамы жоқ деген Елек ПБ қызметкері Усенов Беріктен жауап алдым.

 

Қосымша айта кететін жайт автобус кондукторы В.Төреханова 20.07.2016ж. болған оқиғадан кейін жай-күйі күйзеліске ұшырап, нашарлады. Денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше ай бойы жұмысқа шықпады. А.Қаңтарбаев ол кісінің ар-ұжданына да үлкен нұқсан келтірді.

Жоғарыдағы жазылғандарды баяндай келе, Сізден ақиқатты дәлелдеу жолында қолғабыс етеді деген сенімділік білдіремін.

 

Муханбетсагиров А.

15.02.2017ж.

Категория:
О работе государственных органов
Ответ:

Құрметті  Айбек Муханбетсагирович!  Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, Сіздің Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне шара қолдану туралы арызыңыз, осыған дейін ІІД-де бірнеше рет қаралған.

Арызыңызға сәйкес, полиция майоры А.Қаңтарбаевтың қатысуымен болған жол көлік оқиғасы кезінде, жол патрульдік полиция инспекторы Т.Ғалымжанның, куә В.Сахно және А.Қаңтарбаевтың сот отырысы барысында берген жалған жауаптары үшін шара қолдануын сұрағансыз.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы ҚК 362-бабы 2-бөлігімен СДТБТ №161500031000678 санымен тіркелген.

Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен, қылмыстық істі тергеу барысында 2016 жылғы шілде айының 20 күні сағат 17:25 шамасында Ақтөбе қаласы, Уалиханов көшесі Темір жол вокзалына қарама-қарсы жерде, «Паз 320402» мемелекеттік белгісі 645 АЛ/04 автокөлігін басқарып келе жатырған азамат Еркешов Ғани Муханбетсагировқа Қазақстан Республикасының жол жүру ережесінің 9.10 тармағын өрескел бұзып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты, сақтамай А.М.Қантарбаевтың басқаруындағы «Митцубиси АСХ» маркалы мемлекеттік белгісі 763 СВА/04 санды автокөлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны анықталған.

Аталған жол көлік оқиғасы бойынша Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы полиция сержанты Т.Ғалымжан оқиға болған жердің сызбасын сызып, жол көлік оқиғасының қатысушыларынан оқиға бойынша түсініктемелер алып, құжаттарды әрі қарай кезекші бөлімге тапсырған.  Ақтөбе Қалалық ішкі істер бөлімінің Жергілікті патрульдік полициясының инспекторы полиция сержанты Т.Ғалымжан  22.07.2016 жылы жол көлік оқиғасы бойынша сот – автокөліктің трассалогиялық сараптамасын тағайындаған. Сарапшының 02.08.2016 жылғы № 1521 санды қорытындысына сәйкес,  «Паз» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жеңіл «Митцубиси АСХ» автокөлігіне соғып, жол көлік оқиғасын жасаған деген қорытынды жасақтаған.

Ақтөбе қалалық мамандырылған әкімшілік сотының 25.08.2016 жылғы қаулысына сәйкес,  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлімімен Еркешов Ғани Муханбетсагировқа қатысты әкімшілік істі оның әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартылған.  

А.Қантарбаев 11.09.2016 жылы Ғ.Еркешовтың туған ағасы А.М.Муханбетсагировқа қатысты оны боқтап балағаттады деп арыз жазған. Сол бойынша 27.09.2016 жылы Ақтөбе қалалық мамандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес,  А.М.Муханбестсагировқа қатысты дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына байланысты  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық құрамының жоқ болуына байланысты қысқартылған.

Сонымен қатар, А.Қантарбаев ҚР ІІМ-нің қызметкері болуына байланысты, оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Қызметтік тергеу қорытындысына сәйкес, полиция майоры А.Қантарбаевтың іс әрекетінде Қазақстан Республикасы Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық жүріс тұрысы туралы» жарлығының ережелерін бұзғандығы анықталып, тәртіптік жазаға тарту туралы ұсынысы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Тәртіптік комиссия отырысында қаралып, 07.10.2016 жылғы жазалау туралы бұйрығына сәйкес Әйтеке би ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан босатылған.

Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, анықталғаны В.Сахноға қатысты ҚР ҚК-нің 419 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген №161510031005050 санды қылмыстық іс тергеу нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы ішкі істер бөлімі Елек полиция бөлімінің анықтаушысы Б.Усеновпен ҚР ҚПК-нің 35 бабының 1 бөлігі 2 тармағымен, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, өндірістен қысқарту туралы шешім қабылданған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 419, 420-баптары бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқық бұзушылық жайында көрінеу жалған сөз жеткізу және куәнің көрінеу жалған айғақтары үшін қарастырылған.

Сондықтан, В.Сахномен айғақтар әкімшілік іс қаралу барысында берілгендіктен аталған деректе қылмыс құрамы болмаған.

Қылмыстық қудалау органының аталған шешімімен облыс прокуратурасы келісіп, нәтижесінде А.Муханбетсагировқа 25.05.2017 жылы №2-03150-17-06294 санды қанағаттандырудан бас тарту туралы жауап берілген.

Қазіргі кезде аталған мәтіндегі А.Муханбетсагировтың арызы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен қаралуда.   

Атап өту қажет, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында жергілікті атқарушы органның құқық қорғау органдарының негізгі қызметіне араласуы көзделмеген.

Осылайша, облыс әкімдігі Ақтөбе облысының прокуратурасы, Ақтөбе облысның ішкі істер департаментінің қызметіне араласуға және қандай-да бір іс бойынша ықпал етуге заңды құқығы жоқ екендігін атап өтемін.

Егер, Сіз осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған органға (лауазымды тұлғаға) немесе сот тәртібімен шағымдануға құқықтарыңыз бар екендігін түсіндіремін.

Нурбаева Жайна Абдуллатиевна

Здравствуйте уважаемый Б.М.Сапарбаев.Я к вам обращаюсь по поводу работы.Живу я в Шалкаре,уже на протяжений 6 лет я никак не могу устроиться на работу.У нас в городе без денег без знакомых просто невозможно устроитьсятна работу.В отделе образования говорят что в школах нет свободных вакансий.Сама я раньше работала в 6 средней школе .Но меня приняли туда временно тоисть по приказу я там работала только временно.Уже не знаю куда мне обращаться.Я прощу вас помочь мне трудоустроиться.Надеюсь вы не оставите без внимания.

Категория:
Трудоустройство
Ответ:

Уважаемая Жайна Абдуллатиевна! Вы не зарегистрированы как безработная в центре занятости Шалкарского района, в связи с чем, рекомендуем Вам зарегистрироваться в центре занятости. Одновременно рекомендуем Вам пройти краткосрочную переподготовку в Шалкарском аграрно-техническом колледже также по Программе развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы, обучиться в Палате предпринимателей «Атамекен» Шалкарского филиала по проекту «Бастау-Бизнес» и  получить микрокредит, для открытия собственного дела.

ГУ «Центр занятости Шалкарского района» ул. Е.Котибарулы №80, Тел/факс: 8(71335) 23786; 21410; 49186.

А также, в августе планируется проведение ярмарки  свободных вакансий, Вы можете принять участие в ярмарке, если будет вакансия будет возможность трудоустроиться.

Дополнительно сообщаем, что в соответствии с Законом Республики Казахстаном «О государственной службе Республики Казахстан» можете поступить на административную государственную службу занятие которой осуществляется на конкурсной основе, за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом, а также назначения местными представительными органами или избрания в соответствии с законами Республики Казахстан. Спасибо!

Жаронкин Дмитрий Викторович

От жителей Россовхоза (Орлеу) хотел бы спросить когда нам сделают нормальную дорогу с асфальтом, сколько можно ее ремонтировать и вклыдывать дополнительные денежные средства то гредер, то щебеночное покрытие, то дорога по автобусному маршруту, на эти средства давно можно бло асфальт положить и забыть эту проблему!

Категория:
Благоустройство
Ответ:

Здравствуйте, Дмитрий Викторович! На сегодняшний день рабочий проект на капитальный ремонт автомобильной дороги к п.Россовхоз находится на стадии сдачи в государственную экспертизу, после получения заключения будет рассмотрен в планах работ текущего года. Спасибо за обращение!

Бабаев Сафар Гулам-оглы

Уважаемый Бердыбек Машбекович, Просим Вашего содействия в приведении в соответствии улицы имени К. Байсеитовой города Актобе, а именно проведения освещения и асфальтирования. Очень тяжело по утрам и вечерам идти в школу и детские сады детям без освещения и по грязи. Улица тонет в грязи весной и осенью. Жители улицы оставляли коллективное заявление в Акимате города, но ответа не получили. Благодарим за ответ и содействие.

Категория:
Благоустройство
Ответ:

Здравствуйте, Сафар Гула-Оглы! На сегодняшний день рассматривается вопрос по обустройству автомобильной дороги по ул. К. Байсейтовой. А так же работы по освещению в текущем году закреплены за подрядной организацией ТОО «XXI век Энергосистема». Ваше обращение по установке уличного освещения по ул.К.Байсеитовой включено в реестр, где в дальнейшем, согласно плану работ и своей очередности, установка уличного освещения будет произведена. Спасибо!

Оразалина Айман Сербайқызы

Құрметті Бердібек Сапарбаев Машбекұлы!Мен Оразалина Айман Сербайқызы Əцтеке би ауданының тұрғынымын(бұрынғы Комсомол ауданы).Балаларыма ауылда жұмыс болмаған еді,содан 2006 жылы Ақтөбе қаласына көшіп келдім.Қазірде айына пəтерімізге 50000 тг төлейміз.Қызым мен ұлымның мамандықтпры жоқ,бірақ əр түрлі жұмыс істеп жатыр.2012 жылы Əйтеке би ауданында Бөгеткөл мекеніндегі тұрғындарды 2020 бағдарламасымен,Батыс-2-ден пəтер берілініп,бəрін көшірді.Мен де сол ауылдың тұрғыны едім,үйімді жауып кеттім.Үй беріп жатқан сəтте бардым,алайда кеш қалдым.Содан 2013 жылы 3 шілде күні құжаттарды тапсырдым,оны қабылдаған:Əйтеке би аудандық жұмыс қамту орталығының директоры:"А.Оразбаев" қабылдады.Содан міне 4 жыл болды əлі хабар жоқ.Ендігі менің жағдайыма,менің баларыма не болатынын білмеймін.Қызым Исентаева Мейрамгүлдің күйеуі қайтыс болды,бір қыз бар.Сізден сұрайын дегенім,бізге 2 бөлмелі пəтер немесе жер беруіңізді сұраймын.Менің жағдайымды қарауыңызды сұраймын жəне көмектесуіңізді қалаймын,өтінемін.

Категория:
Жилье
Ответ:

Құрметті Айман Сербайқызы! Қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезек тізімінде 20 000-нан астам отбасы тұр.

Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезек тізіміне тіркелмегенсіз.

Сіздің қызыңыз Исентаева Мейрамгүл, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезек тізіміне 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы» (Толық емес отбасылар) санаты бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта кезегі №5107 болып тұр.

ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 74 бабына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана тұрғын үйге мұқтаж осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

1) Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына;

4) Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

1) Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың пайдалануына беріледі.

Сонымен қатар, аталған Заңның 69 бабына сәйкес азаматтар егер, ҚР-ның аумағында меншік құқығында өздерінің тұрғын үйі болмаса тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Егер Сіз аталған санаттардың біріне жататын болып, отбасы мүшелеріңізбен бірге Ақтөбе қаласында тіркеуде болып және соңғы 5 жылдың ішінде жеке меншіктеріңізге тиесілі тұрғын үйлеріңіз болмаса ғана тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне тұруға өтініш бере алатындығыңызды хабарлаймыз.

Барлық қажетті құжаттарды жинақтап Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 немесе Қарғалы селосы, Сәтбаев көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жолығуды ұсынамыз.

Суингариева Дарья Казихановна

Здравствуйте! К Вам обращается учитель Благодарной средней школы г. Актобе Суингариева Дарья Казихановна.10 января 2017г. я вышла на пенсию,и написала заявление 27.01.2017 г. в ГК профсоюзов о предоставление мне бесплатной путевки в санаторий в связи с выходом на пенсию ,а также в связи с ухудшением состояния здоровья,после перенесенных операций по диагнозу мастопатия и миома в онкоцентре,а также по ходатайству профсоюза школы за заслуги. ГК профсоюза мне отказал в бесплатной путевке и предоставил на общих основании путевку с 50% скидкой,с чем я не согласна,поэтому я обратилась в общественную приемную "Нур отан" .также обращаюсь с этим вопросом к Вам,потому что бесполезно обращаться в городской акимат и др.организаций,где просто отписываются или круговая порука. Неужели я, проработав более 40 лет в школе,имея ежегодно достижения городского ,областного,республиканского значения,после перенесенных за посление 2 года двух операций ,не заслужила бесплатную путевку.Надеюсь на ваше справедливое решение этого вопроса,спасибо!

Категория:
Социальная защита
Ответ:

Здравствуйте,  Дарья Казихановна! Вы работаете учителем биологии в Благодарной средней школе. Имеете общий стаж работы 40 лет, в школах города работаете  5 лет (с 12.09.2012 г.  - учитель биологии СШ № 28; с 03 января 2013 года - учитель биологии  Благодарной средней школы).

Согласно Устава городского комитета профсоюза работников образования, утвержденного городской конференцией работников образования, прошедшего регистрацию в Департаменте юстиции Актюбинской области от 13.01.2015 года, на основании Соглашения между отделом образования г.Актобе и горкомом профсоюза работников образования от 21 апреля 2016 года (раздел 7, п.7.5 и 7.6) на оздоровление работников в санаторий Казахстана горком профсоюза оплачивает 30% от стоимости путевки работающим пенсионерам, 50% оплаты стоимости путевки - ветеранам педагогического труда, 50% оплаты – работникам, не получающим лечебное пособие.

В данное время Вы продолжаете работать в школе, имеете  1,5 ставки учебной нагрузки, получаете лечебное пособие на оздоровление в размере должностного оклада.

Учитывая ваши результаты в работе, городской комитет профсоюза работников образования постановил выделить Вам путевку в санаторий «Коктем» г.Алматы с 03 августа 2017 года, сроком на 10 дней, с оплатой 50% от стоимости путевки.

Маженов Ринат Катиетолдаулы

Уважаемый Бердыбек Машбекович

В качестве уроженца Восточно-Казахстанской области хочу выразить свою благодарность Вам и вашей команде за плодотворную работу в моем родном регионе. В период Вашего руководства Восточно-Казахстанской областью преобразился мой город Усть-Каменогорск и регион в целом. Практически все мои знакомые, начиная с Курчумского района до областного центра, довольны Вашей работой и с грустью приняли новость о Вашем переходе в Правительство.

Уверен в том, что и Актюбинская область являющаяся крупным промышленным регионом, достигнет поставленных целей в социально-экономическом направлении.

В сложившейся ситуации с паводками в Актюбинской области под Вашим руководством, несомненно будут решены имеющийся проблемы. Со своей гражданской позиции при необходимости мог бы на летнее время проработать волонтером в районах области, где нужна помощь для устранения последствий паводков.

С уважением, Ринат Маженов

Категория:
Разное
Ответ:

Уважаемый Ринат Катиетолдаулы! Выражаем благодарность за Ваше неравнодушие к ситуации в Актюбинской области!  Компетентными органами ведется активная работа по устранению последствий паводков и обеспечению пострадавших жильем, продуктами питания и одеждой. На сегодняшний день приняты все необхожимые меры помощи пострадавшим. Работа продолжается. Благодарим и желаем процветания Восточно-Казахстанской области!

Димисанов Даурен Батырханович

Здравствуйте Уважаемый Бердибек Машбекович!Я инв.1 гр.с детства обращаюсь к вам в последний раз с последний просьбой.Дайте жилье?иначе я выйду на телевидение и в газеты.мой номер 8***

Категория:
Жилье
Ответ:

Здравствуйте, Даурен Батырханович! Вы состоите в очередности с октября 2016 года по категории (Социально-уязвимых слоев населения) «Инвалиды 1 и 2 группы». В настоящее время состоите в очереди под №9005.

Согласно ст.74 Закона РК «О жилищных отношениях» жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде предоставляется гражданам, состоящим на учете нуждающихся, в порядке очередности, установленной списками, с момента подачи заявления со всеми необходимыми документами.

На основании вышеизложенного, сообщаем, что жилье Вашей семье будет предоставлено по мере строительства и ввода коммунального (арендного) жилья в порядке очередности. Спасибо!

Беттер

Жаңалықтар таспасы