Жаңалықтар

You are here

22 Сәуiр 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және аудан әкімдері, басқарма басшыларының, өңірдегі ірі кәсіпорындар басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін атқарылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар қорытындыланды.

22 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров өңір басшысы алдында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

21 Сәуiр 2017

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына «Қазсушар» РМК Ақтөбедегі бөлімшесінің директоры Бекзат Наметов мәлімдеді.

Оның айтуынша қазіргі таңда екі ірі Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары тасқын сулардың құйылуы тоқтауына байланысты пайдаланудың қалыпты тәртібіне көшкен.

20 Сәуiр 2017

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты да қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды деп хабарлайы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

19 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайды ескерту және болдырмау бойынша облыстық комиссияның отырысы кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынының нәтижесінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілерге алғыс сезімін білдірді.

19 Сәуiр 2017

ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбековтың, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайды ескерту және болдырмау комиссиясының отырысы кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев келтірілген шығынды тезірек анықтап, тасқын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсет

19 Сәуiр 2017

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өзге отбасыларға секілді 10 жасар Махабат Ешимованың отбасына да барлық қажетті әлеуметтік көмек көрсетулуде.

Жуырда БАҚ пен әлеуметтік желілерде 4-ші сынып оқушысының Махамбет ауылындағы үйде мектепке киетін киімдері мен оқулықтарының қалып қойғандығы туралы әсерлі бейнежолдауы жарияланған болатын.

18 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы 2016 жыл мен 2017 жылдың І тоқсаны арасында облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындарға 928 тексеріс жүргізді. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

18 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмектесуге уәде берді.

Облыс басшысы өңірде болып жатқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзген болатын.

18 Сәуiр 2017

Бүгін Бердібек Сапарбаев Махамбет, Кірпішті ауылдары мен бау-бақша ұжымдарының ағымдағы жағдайымен танысып, Елек, сазды өзендерінің сағасын қарап шығады.

Беттер

Жаңалықтар таспасы