Жер қатынастары басқармасы

"Ақтөбе облысының жер қатынастары бағдарламалар" ММ ресми сайты

"Ақтөбе облысының жер қатынастары бағдарламалар" ММ туралы ереже

Мекен-жай: Ақтөбе қ., Әбілхаир хан д., 40

Телефон: 8 (7132) 56-03-55

Басшысы: Сәрсенғалиев Қабай Қаленұлы

Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген

1979 жылы – Қазақ химия-технологиялық институтының инженер-технолог мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолын 1979 жылы Ақтөбе облыстық коммуналдық шаруашылығы басқармасының инженері болып бастаған. 1980 жылдан бастап Ақтөбе қаласы «Водоканал» басқармасының инженер-технологы, бас технологы, бас инженері, бастығы қызметтерін атқарған. 1995 жылдан бастап Ақтөбе қаласы «Ақбұлақ» АҚ президенті, 1997 жылы Ақтөбе қаласы Ақтөбе газ учаскесінің бастығы, 1998 жылы Ақтөбе қаласы «Ақтөбеоблгаз» АҚ вице-президенті, 1999 жылдан бастап «Ақтөбеоблгаз» Ақтөбе облыстық газ шаруашылығының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2002 жылдың маусым мен қыркүйек аралығында «Қазақстан – Энергетикалық орталығы-біріңғай жүйесі» мемлекеттік республикалық кәсіпорынның Ақтөбе облыстық филиалының директоры. Кейін  «Ақтөбе газ тасымалдау жүйесі» ЖШС директоры, техникалық директоры қызметтерін атқарған. 2003 жылы «Ақтөбе газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС техникалық директоры. 2004 жылдан бастап «Ақбұлақ» АҚ президенті.

2008 жылдан бастап Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. 2009 жылдың желтоқсаны мен 2012 жылдың сәуір айлары аралығында Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі.

2012 жылдың сәуір айынан  бастап  Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қосылды: 
29.01.2016 - 14:50
Соңғы өзгерiстер: 
02.11.2016 - 16:59