Әкімнің орынбасары

Смагулов Олжас Мухтарович

Лауазымдық міндеттер:

1. Мәселелері:

1) экономиканы оралымды басқару;

- экономикалық және бюджеттік жоспарлау;

- облысішілік сәйкессіздік проблемаларын үйлестіру және шешу;

- шағын қалаларды, селолық аумақтарды кешенді дамыту;

- облыстың салық әлеуетін арттыру;

- акцизделінетін өнімдердің айналымын бақылау;

- кәсіпорындарды құрылымдау және банкроттау;

- агломерация;

- жобалық басқару;

- мемлекеттік сатып алу;

2) облыстық атқарушы органдардың қызметінің тиімділігінің бағалау («Мақсаттарға қол жеткізу»: мақсаттарға қол жеткізу, бюджет қаражатын пайдалану);

3) мемлекеттік функциялардың орындалуының аудиті;

4) мемлекеттік мүлік және жекешелендіру;

5) коммуналдық меншік;

6) жергілікті өзін-өзі басқару;

7) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарысқа қарсы күрес шараларын іске асыру;

- инфляцияға қарсы саясатты іске асыру;

8) мемлекеттік – жеке әріптестік;

- мемлекеттік – жеке әріптестік жобаларын сараптау;

- мемлекеттік – жеке әріптестіктің жергілікті жобаларын іздестіру және сүйемелдеу;

9) жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы;

10) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру.

2. Мына облыстық:

1) экономика және бюджеттік жоспарлау;

2) қаржы;

3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармалардың жұмыстарына жетекшілік етеді.

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен:

1) Президент Әкімшілігімен және Премьер – Министрдің Кеңсесімен;

2) тиісті орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен;

3) мемлекеттік кірістер; қазынашылық; статистика; мемлекеттік мүлік және жекешелендіру; ішкі мемлекеттік аудит департаменттерімен; облыстың тексеру комиссиясымен;

4) банктермен, ғылыми орталықтар және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

4. Басқаратын:

Комиссиялары:

- салық салу базасын кеңейту;

- облыс бюджетіне салықтар және алымдардың толық түсеуін қамтамасыз ету;

- коммуналды мүлік нысанын сенімгерлікке басқаруға беру жөніндегі;

Қосылды: 
11.02.2016 - 07:10
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2019 - 06:51