Ақтөбе агломерациясын дамыту туралы анықтама

You are here

  Ақтөбе агломерациясы аумағы құрамына 70 елді мекен кіретін облыстың 6 ауданы (Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Мұғалжар аудандары) мен Ақтөбе қаласын қамтиды, оның ішінде 2 шағын қала (Алға, Қандыағаш)  және Хромтау моноқаласы бар.

Агломерацияның жалпы аумағы 4,8 мың шаршы шақырымды құрайды, аумақта 596,5 мың халық тұрады немесе облыс халқының 72,5%.

Бүгінгі таңда облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 7 тамыздағы № 324 шешімімен бекітілген Ақтөбе агломерациясын дамыту туралы іс-шаралар жоспары әзірленді. Тұтастай алғанда агломерацияны кешенді дамыту жұмыстары 66 шараны құрайтын 6 бағыт бойынша қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде  27 – шара орындалды, 39 – шара жүзеге асырылу сатысында.

Облыстық әкімдіктің тапсырысы бойынша «Урбостиль» ЖШС (Алматы қаласы)  Ақтөбе облысы аумағының қала құрылысын жоспарлау схемасын әзірлеуде (аяқталу мерзімі 2016 жыл).

Сонымен бірге, облыс әкімдігімен агломерацияны әрі қарай дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда қазіргі кезде облыс әкімінің өкімімен аломерацияны дамыту бойынша жұмыс тобы құрылды, топтың құрамына басқарма мен департамент басшылары, сондай-ақ аломерация аумағына кіретін Ақтөбе қаласы, аудан әкімдері кіреді.

Жұмыс тобымен 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе агломерациясын дамыту Картасының жобасы қалыптастырылып, облыс әкімінің қарауына енгізілді.

Аталған жоспар аясында жүзеге асырылуы агломерацияның мақсатты бағытталуын қалыптастыратын  10 жаңа негізгі бағыттар айқындалды (орталықтар), оның ішінде:

«Көліктік-логистикалық орталық», «Индустриалды- инновациялық орталық», «Индустриалдық-аграрлық аймақ», «Озат ШОБ», «Медициналық кластер», «Smart city және заманауи инфрақұрылым»,  «Спорттық жетістіктер және салауатты өмір салты», «Заманауи білімділік кластері»,

«Заманауи мәдениеттілік кластері», «Ақтөбе агломерациясының таза экологиясы және жасыл белдеуі».

Жұмыс тобы агломерацияның аумағына облыстың 70 елді мекені кіретінін ескере отырып, әрбір елді мекен бойынша ағымдағы жағдайды және  олардың проблемалық мәселелерін, ресурстық базаларын (жер, су, өнеркәсіптік азық-түліктік ресурстары), логистикалық және экономикалық әлеуеттерін және барлық критерилерді ескере отырып агломерация аумағында олардың даму келешегін зерттеу бағытында жұмыстар жүргізді.  

Республиканың батысында 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың бірыңғай Бағдарламасына сәйкесті Ақтөбе агломерациясы облыс орталығы – Ақтөбе қаласының айналасында қалыптасатын болады.Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген агломерацияның 10 негізгі бағытын дамыту көрші облыстардың дамуы мен қолда бар әлеуеттерін ескере отырып іске асырылатын болады.

Агломерация құрудағы халықаралық тәжірибелерді ескере отырып негізгі жүргізілетін жұмыстар агломерация инфрақұрылымдарын дамытуға және аумаққа оларды тарту жұмыстарына жұмылдыруға бағытталатын болады.

Бірлескен экономикалық зерттеулер Бағдарламасын (БЭЗБ) іске асыру  шеңберінде  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп қазіргі кезде «Шымкент және Ақтөбе қалаларының орталықтармен қалалық агломерацияларының стратегиялық және институционалдық жол картасын әзірлеу» тақырыбында зерттеулер жүргізілуде (мерзімі 2016 жылдың соңына дейін).

Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ  құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстары Комитетінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрі» РМК Ақтөбе облысының әкімдігімен бірге  Ақтөбе агломерациясының Аймақаралық схемасының қала құрылысы құжатын  әзірлеу жұмыстары басталды.

Осыған байланысты, Аймақаралық схемасын әзірлеп және Дүниежүзілік банктің жүргізген зерттеулер нәтижесін алғаннан кейін Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралар Жоспарына өзгерістер енгізілуі қажеттілігі болжамдалады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ҰЭМ, Дүниежүзілік банк, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрі» РМК өкілдерінің, Ақтөбе облысының әкімдігі мен басқа да мүдделілік танытқан органдардың қатысуымен әзірленген барлық Жоспарларды жинақтау бойынша кеңес өткізілді, оның ішінде,  Ақтөбе облысы аумағының  қала құрылыстық жоспарлау схемасы, Дүниежүзілік банкпен жүргізілген зерттеулер, Ақтөбе агломерациясының аумақтық дамуының Аймақаралық схемасы және Ақтөбе агломерациясының аумақтық дамуының өңірлік жоспарының жобасы.

Қосылды: 
01.08.2016 - 11:39
Соңғы өзгерiстер: 
19.08.2016 - 17:51

Жаңалықтар таспасы