Ветеринария басқармасы

"Ақтөбе облысының ветеринария бағдарламалар" ММ ресми сайты

"Ақтөбе облысының ветеринария бағдарламалар" ММ туралы ереже

Мекен-жай: Ақтөбе қ., Әбілхаир хан д., 40

Телефон: 8 (7132) 55-13-28

Басшысы: Канадбаев Кеңес Құрманғалиұлы

1965 жылы Ресей Федерациясы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының Сарықамыш поселкісінде дүниеге  келген. 1985 жылы Қазақ ССР АШМ Темір совхоз техникумын, 1994 жылы  Орынбор мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясын, 2003 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық дәрігер, кәсіптік жоғары білімді қаржы құқығы облысындағы маман мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасының веттехнигі, ветеринарлық дәрігері қызметінен бастаған, 1988-1991 жылдары Ақтөбе облыстық аграрлық өнеркәсіптік комитетінің веттехнигі, 2-ші санаттағы ветеринарлық дәрігері, 1-санаттағы ветеринарлық дәрігері, 1991-1993 жылдары Ақтөбе қаласының АНГРЭ көмекші шаруашылығының, «Ақжар» шағын кәсіпорнының зоотехнигі, 1993-1994 жылдары Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы малдарының туберкулез және бруцеллез ауруларымен күрес жөніндегі облыстық экспедициясының жетекші ветеринарлық дәрігері, 1994-1999 жылдары Ақтөбе қалалық ветеринарлық стансасының ветеринарлық дәрігері, санитарлық-ветеринарлық дәрігері, 1999жылы Ақтөбе қалалық ветеринарлық қадағалау бөлімі бастығының орынбасары, 1999-2005жылдары Ақтөбе қаласының «Горветстанция» МҚК директоры, бастығының орынбасары, 2005-2006жылдары Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2006-2007жылдары Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2012-2013жылдары ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы бөлімі бастығы, 2013-2016жылдары ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

2016 жылдың тамызынан бастап  – Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қосылды: 
01.08.2016 - 21:43
Соңғы өзгерiстер: 
02.11.2016 - 17:14