Денсаулық сақтау

You are here

Қосылды: 
02.08.2016 - 15:37
Соңғы өзгерiстер: 
02.08.2016 - 15:37

2016 жылғы 1 қаңтарда облыс халқы  828 668 адам, ауылдықтары  312 738 (37,7%), қалалықтары – 515 930 (62,3%). Ересектері – 588 247, жасөспірімдері – 32 231, балалары – 208 190.

2010-2015 жылғы негізгі демографиялық көрсеткіштері:

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Туылу 1000 тұрғынға есептегенде

22,15

22,74

23,05

23,59

24,16

24,04

23,43

Халықтың жалпы өлімі 1000 тұрғынға есептегенде

7,76

7,34

7,54

7,08

6,81

6,68

6,64

Табиғи өсім 1000 тұрғынға есептегенде)

14,51

15,40

15,51

16,44

17,35

17,36

16,79

Нәрестелер өлімі  1000 тірі туылғандарға

17,34

12,02

13,53

11,41

9,94

9,49

9,18

Аналар өлімі 100 мың. тірітуылғандарға

35,3

17,1

0

21,3

5,1

10,0

31,08

 

2010-2015 жылдардың басты медицина-демографиялық көрсеткіштердің диаграммасы

ҚР 2011-2015 жылдары іске асырылған «Саламатты Қазақстан» МБ нәтижесінде жалпы өлімді1,2 есе, аналар өлімін-3,5 есе, нәрестелер өлімін -1,8 есе азайды және туылу  8,5 пайызға, халықтың табиғи өсімін 19,6 пайызға өсті.

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы өсіп, 72 жасқа жетті.

Облыс көлемінде 10082 медицина қызметкерлері қызмет атқарады, оның ішінде 3402 дәрігер, 6680 орта буын қызметкерлері.

Облыс дәрігерлерінің біліктілік санаты 35,6%. 318 ғылым қызметкерінің ғылыми атақтары бар. Оның ішінде  академиктер – 7, доценттер – 82, профессорлар – 20, медицина ғылымының докторлары– 35, медицина ғылымының кандидаттары– 174.  Дәрігерлеріміз алыс және жақын шетелдерде білімдерін жетілдіреді.

Жоғарғы білімді мамандардың жұмыс тәжірибесінің деңгейін тәуелсіз сарапшылар анықтайтын жүйе енгізілді. 

2014 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ - нде робот манекендерімен, заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған симуляционндық орталық ашылды.

2016–2019 жылдары атқарылатын МБ  «Денсаулык» - нда бағыт  алғашқы санитарлық медициналық көмекті жақсарту болады, ортасында жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысы болады.

Еліміздегі сияқты, облыстада кезеңмен бөлімшелік әдістің жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысына ауысуы жалғасуда, облыста 265  ЖТ Дәрігері жұмыс істейді, ол облыстағы барлық дәрігерлердің 62,2 пайызын құрайды.

Қосылды: 
04.08.2016 - 18:01
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 14:20

Облыстың денсаулық сақтау саласының желісі 505 медициналық мекемені құрайды:

  47 аурухананың: 31 мемлекеттік, 2 ведомствалық, 14 жекеменшік

  458 амбулаториялық-емханалық мекеменің: 332 мемлекеттік, 10 ведомствалық, 116  жекеменшік.

Амбулаториялық-емханалық мекемелерге: 40 емхана, 93 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункттер, 215 медициналық пункт кіреді.

Соңғы  10 жыл ішінде облыста  117 медициналық нысан салынды:

аурухана, қалалық емхана, 1  «Чайка» санаториясының корпусы , 2 аудандық аурухана, аудандық емхана, аудандық  туберкулез ауруханасы, 46 дәрігерлік амбулатория, 44 медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункттер, басқа медициналық нысандар.

 

 

 

 

 

Облыстық 300 кереуеттік көп профильді аурухана,облыстық балалар клиникалық ауруханасы 200 керуеттік,Қарғалы қалалық ауруханасының  80 кереуеттік перзентхана бөлімі,Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салынған 120 кереуеттік «Дару» медициналық оңалту орталығы.
«100 мектеп, 100 аурухана» Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 200 керуеттік  ,облыстық балалар клиникалық ауруханасы, 300 кереуеттік көп профильді облыстық аурухана, қалалық №1 және №3 ауысымына 500 қабылдау жасайтын емханалар,Шалқар қаласында ауысымына 250 қабылдау жасайтын аудандық емхана пайдануға берілді.
По программе «350 Дәрігерлік амбулатория,ФАП және емханалар»мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыста  2013-2014 жылдары  21 нысан салынды, оның ішінде 19 ауылдық дәрігерлік амбулатория.
Қосылды: 
08.08.2016 - 12:22
Соңғы өзгерiстер: 
20.08.2016 - 02:47

Медициналық кластерАқтөбе облысының денсаулық сақтау саласының болашағы.

Ақтөбе облысында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары көлемінде агломерация орталығы болып жариялануы себепті, медициналық кластер ұйымдастырылады.

Бұл  медициналық кластер Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын заманауи халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына негізделген кешенді медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық кластер ұйымдастыру үшін көп профильді аурухана- коммунальдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Aktobe medical center»  - ашу жоспарлануда: облыстық клиникалық аурухананы, облыстық балалар  клиникалық ауруханасын және облыстық кеңес беру –диагностикалық орталықтарын біріктіру нәтижесінде. 

Облыстық клиникалық аурухана Облыстық балалар  клиникалық ауруханасы

Облыстық кеңес беру –диагностикалық орталық орталық

Сонымен қатар кластер құрамына қалалық балалар ауруханасы,Медициналық жедел жәрдем ауруханасы, « Дару» медициналық оңалту орталығы, облыстық перинатальдық орталығы, М.Оспанов атындағы БҚММУ медициналық орталығы кіреді.

Өңірлік медициналық кластер құру Концепциясы үстіміздегі жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен өтетін Батыс Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің форумында талқыланады. Медициналық кластер мәртебесі республикалық бюджеттен қосымша инвестициялар алып, Азия және Европа елдерінің жетекші клиникаларында мамандардың біліктілігін жетілдіру, медицина саласында жаңа бағыттарды дамыту және иннновациялық технологияларды енгізу мәселелерін шешеді.Зертханалық тексерулермен инструментальдық диагностиканы бірқатар біріктіру арқылы экономикалық тиімділік күшейе түседі.

Пациенттің  үздіксіз және кешенді тексерулермен, емдеу істеріне, оңалтуға қажетті барлық медицина қызмет түрлеріне кіру мүмкіндігі  арқылы медициналық көмекті күту мерзімі қысқарады.

Шетелдік заманауи  медициналық технологиялар трансферттерін қамтамасыз ету үшін әлемдік деңгейдегі клиникаларымен,  Gangnam Severance Hospital ( Сеул қаласы, Оңтүстік Корея Республикасы), Hemogens Health Care (Туркия),  Сент-Луис қаласы (АҚШ)  серіктестік туралы келісім шарт жасалды.

Ынтымақтастық клиникалық және білім беру саласын, кең көлемде кеңес беру, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын белгілеу мәселелерін қамтиды. 

Қосылды: 
08.08.2016 - 15:16
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 12:42
ТіркемеКөлем
Image icon image001.jpg54.14 KB
Image icon image003.jpg49.31 KB
Image icon image005.jpg77.57 KB

Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінің материалдық базасы айтарлықтай жетілдірілген, облыс клиникалары заманауи медициналық диагностикалық жабдықтармен жасақталған. Облыс медицина арсеналында:

жоғарғы заманауи стандартты 4 ангиограф 4 магниттік-резонанстық тамограф (олардың үшеуі жоғары еденді – 1,5 Теслалы) 8 компьютерлік тамограф, (олардың үшеуі соңғы үлгіде 64 кесінділі)

2014 жылдан бастап кең ауқымды бауырдың түрлі ауруларын анықтайтын «Fibroscan» аппараты қолданылуда.

2015 жылдан бастап стереотаксикалық сәулелі терапияға арналған және онкологиялық науқастарды радиохирургиялау үшін жоғары дәлдікте желілік жылдамдатқыш жұмыс жасап бастады. Генетикалық, иммунологиялық, ПЦР зертханасы стационарларда ғана емес, сонымен қатар амбулаториялық-емханалық мемкемелерде және орталық аудандық ауруханаларда да бар.

Облыстық медициналық мекемелерде барлығы жұмыс жасайды

Жоғарғы мамандырылған медициналық көмек  түрлері және көлемі өсіп келеді. Заманауи диагностика тәсілдерінің спектрлері және қан айналым жүйесінің ауруларын емдеу, облыс кардиохирургиялық қызметтері - жүректі аша отырып ота жасау, жүрек түтікшелерін стенттеу, коронароангиографиялар ж.т.б. халықаралық стандарттарға сәйкес. 2015 жылы 2111 интервенциялық кардиохирургия араласу өткізіліп, 168 ашық жүрекке ота жасалды. 2015 жылдан бері электрофизиологиялық зертхана жұмыс істейді (еліміздегі 5-дің біреуі ғана). Заманауи жабдықпен жасақталған инсульттік орталық жұмыс істейді –онда  магниторезонанстық томограф, компьютерлік томограф, ангиографиялық ота жасалатын орын, нейро-ортопедиялық реабилитациялық «Атлант» пневмокостюм ж.т.б. бар.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасында туа біткен ауыр хәлдегі патологиясы бар нәрестелерге ота жасалатын неонатальдық хирургия орталығы жұмыс істейді. 2015 жылда 105 жаңа туылған нәрестелер емалды, 81 – іне ота жасалды. Облыстық балалар ауруханасы базасының балалар кардиохирургиялық орталығында соңғы жылдары 200-ден астам нәрестелерге жүректі аша отырып ота жасалды.Өмірге сай емес туа болған ауыр жүрек ақауы бар  облысымыздың 88 кішкентай тұрғынына 2015 жылы ота жасалды.

Ядролық медицина орталығында (еліміздегі 4-дің біреуі ғана) 2015 жылдан бастап стереотаксикалық сәулелі терапиясы үшін және онкологиялық науқастарға арналған радиохирургия үшін varian Medikal System америкалық компаниясының «TrueBeam» заманауи жоғары дәлдікте желілік жылдамдатқыш жұмыс істеп бастады.

Травматология және ортопедия саласыда да белсенділік байқалып отыр. Ірі буындарды эндопротездеу жақсы игерілген, белсенді түрде артроскопия технологиясы диагностикалық түрде сонымен қатар емдеу жағынан қолданылады.

2015 жылы амбулаторлық офтальмология және көз микрохирургиясы орталығы құрылды. Офтальмологтың стандартты автоматтандырылған жұмыс орнынан, көздің алдыңғы және артқы камераларының ультрадыбысты диагностикасынан, компьютерлік томографиядан бастап катаракт және глаукома кезіндегі жоғары технологиялық шағын ивазивті шұғыл іс-әрекет үшін ота жасау микроскоптарына және микрохирургиялық кешенге дейінгі ең жаңа қондырғылармен жабдықталды. 

Медициналық қалпына келтіретін озық құралдармен жабдықтандырылған «Дару» орталығы реабиталитациялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар швейцария ғалымдарының медицина саласындағы қалпына келтіретін соңғы әлемдік дәрежелі «Локомат» бірегей аппараты – роботтандырылған ортопедиялық құрылғысы бар.

Денсаулық сақтау дамыту деңгейінің басты көрсеткіші болып табылатын трансплантология белсенді дамып отыр. 2014 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен туыс донорлардың органдарын салу операциялары табысты өтуде. Бүгінгі күні 8 пациенттің бүйректерін, 2-нің бауырларына  трансплантация жасалды.

Жергілікті орындаушы мекемелердің қолдауымен өткен жылдан бері облыста жаңа технологиялар трансферті, көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастық белсенді дамуда. Оңтүстік Кореяның, Түркияның, Ресейдің жетекші клиникаларымен ынтымақтастық жолға қойылды. 2015 жылдың желтоқсанында мамандардың білімдігін жетілдіру, ауыр науқастарды емдеуге көмектесу, телемедицинаны дамыту жөнінде Оңтүстік Кореяның «Канггнам Северанс» госпиталімен меморандумға қол қойылды. 2016 жылдың қаңтарында түріктің «Нemogens health Care» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Инвестиция  жедел медициналық көмекті дамытуға, бас жедел жәрдем станциясының құрылысына, реанимобиль алуға, бірыңғай диспетчерлік орталық ашуға, медицина қызметкерлерін оқытуға, жедел жәрдем автомобильдерін құрастыру жөніндегі зауытты іске қосуға, онкологиялық науқастар үшін дәрі-дәрмек өндірісіне жұмсалады. 2016 жылдың наурызында Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық университетінің госпиталімен жоғары технологияларды енгізу, мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу жөнінде ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылды.

 

 

 

Қосылды: 
08.08.2016 - 15:43
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 14:20

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттарға қол жеткіз жолдарының және бағыттарының бірі болып табылады. БҰДЖ негізгі қағидаттары: медициналық ұйымды және емдеуші дәрігерді еркін таңдау, медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің айқындылығы, бәсекеге қабілеттілік, түпкі нәтиже үшін ақы төлеу. 

Емдеуге жатқызу бюросы пациенттерді стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызудың жеделділігіне қол жеткізу мақсатында құрылды және БҰДЖ екі аса маңызды қағидатын жүзеге асырады: пациенттің еркін таңдауы және көрсетілетін медициналық қызметтердің айқындылығы. Емдеуге жатқызу бюросы емхана және стационар арасында келістіруші болып табылады және атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде бізде стационарларға, емханалар мен пациенттерге арналған өзара әрекеттесудің нақты құрылымы бар, оны барлық үш тарап бір веб-сайтта қарай алады: www.bg.eisz.kz.

 

Емдеуге жатқызу бюросының Порталы – бұл Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін қолжетімді Ғаламтордағы веб-сайт, ол жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі барысында, пациентті амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарға емдеуге жатқызу. Емдеуге жатқызу бюросының www.bg.eisz.kz веб-сайтында Сіз Порталда жасақталған кодынызға сәйкес өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, өз кезегіңізді бақылай аласыз.

Стационарда емделу туралы мәселені айғақтар болған жағдайда Сіздің емдеуші дәрігеріңіз шешеді, ол емдеуге жатқызу үшін қажетті зерттеулерді алдын-ала жүргізеді. Өткізілген зерттеуден кейін емдеуші дәрігер Емдеуге жатқызу бюросының Порталында (бұдан әрі – Портал) өтінімді орналастырады. Сіздің қалауыңызды есепке ала отырып және тиісті бос төсектер болған жағдайда клиниканы емдеуші дәрігер таңдайды. Таңдалған стационарда орындар жоқ болса, емдеуші дәрігер Сізге баламалы клиниканы ұсынады. Клиника емдеуге жатқызудың алдын-ала күнін белгілегеннен кейін, дәрігер жолдаманы ресімдеп, сізге береді. Жолдамада жоспарлы емдеуге жатқызудың автоматты түрде жасақталған коды және емдеуге жатқызудың алдын-ала күні көрсетіледі. Пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде клиникаға емдеуге жатқызу шұғыл түрде жүзеге асырылады. Пациент клиникаға көрсетілген күні келуі тиіс. Пациент келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады. Нұсқаулық бойынша толық ақпаратты Сіз www.bg.eisz.kz веб-сайтында ала аласыз.

Қосылды: 
02.08.2016 - 15:32
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 15:53

Қосылды: 
17.02.2017 - 10:16
Соңғы өзгерiстер: 
17.02.2017 - 10:16
ТіркемеКөлем
File здравохр-контакты.xlsx41.66 KB

Жаңалықтар таспасы