Әлеуметтік саясат

You are here

Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдармен мүгедек балаларға үйде күтім жасау және жартылай стационар жағдайларында қызмет көрсетіледі.

2016 жылы арнайы әлеуметтік қызметтер 273 мүгедек балаларға көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер "Жайна", "Отырар Білім", "Ғажап" және "Центр поддержки парализованных граждан г. Актобе" үкіметтік емес ұйымдарымен көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызмет қандай топтағы мүгедек - балаларға көрсетіледі?

  • психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

Мүгедек-балаларға қандай арнаулы әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі?

  • Үйде қызмет көрсету жағдайында
  • Жартылай стационарлық жағдайда

Арнаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қайда жүгіну керек?

Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне арнаулы әлеуметтік көмек алу бойынша өтініш жазу.

Арнаулы әлеуметтік көмекті алуға қажетті құжаттар тізімі?

  • қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды,
  • қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі
  • осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
  • мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме

Арнаулы әлеуметтік көмекті алуға кімдердің құқығы бар?

Күндізгі уақытта арнаулы әлеуметтік көмектерді үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алу:

  1. үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
  • жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
  • ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің екінші және үшінші  деңгейде шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балаларға.       

Күндізгі уақытта арнаулы әлеуметтік көмектерді жартылай стационарлық  жағдайында қызмет алуға және уақытша болуға арналған оңалту орталықтарында оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың және/немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасалады.

  1. Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
  • жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
  • ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

      2) бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі.

Құжат дайындауға берілетін мерзім

Аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. Уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салуды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына стационарлық үлгідегі ұйымда кезектілік болмаған жағдайда жолдама не кезекке қою туралы хабарлама жібереді.

 
      Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орган алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосы
мшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Арнаулы әлеуметтік көмектерді кімдердің алуға құқығы жоқ?

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» Бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер алыға құқылы еместер:

 

  1. Балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер:
  • жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның; 
  • жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның; кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың; бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
  • белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС); мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;
  • 1. Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:

          жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;

  • кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
  • бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;  
  • белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық
  • аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС);     
  • мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады
  1. Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:    
  • белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;   
  • мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың;
  • жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;
  •  созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
  • айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын,

қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;

  • эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;    
  • тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;    
  • айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;   

айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.

 

 

Жаңалықтар таспасы