Мәдениет

Облыстың мәдениет және архив салалары бойынша 2017 жылдың 6 айының қорытындысы мен проблемалық мәселелері және екінші жартыжылдыққа міндеттер туралы салыстырмалы талдаулық қысқаша АҚПАРАТ

2017 жылдың 1-шілдесіне салада барлығы 490, оның ішінде 478 мемлекеттік – 239 кітапхана, 195 клубтық мекеме, 21 музей, 2 мәдениет және демалыс саябағы, 2 облыстық театр мен филармония, 13 архив және басқа мәдениет ұйымдары мен кәміпорындары өңір тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда облыстың мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің жиынтық саны 3143 бірлікті құрап, оның 3050-і мәдениет саласында, 93-і архивтерде жұмыс жасайды.

Бірінші жартыжылдықта саланы ұстау мен дамытуға бюджеттен жылдық нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 4480,9 млн. теңге бөлініп (2016 ж. – 4321,9 млн. тг.),  2173,2 млн. теңгесі  игерілді.

Биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбе қаласында 1200 орындық Концерт залы мен Жастар Сарайы (1,4 млрд. тг.), облыстық тарихи-өлкетану музейі (644,0 млн.тг.)  ғимараттарының қыркүйек айында пайдалануға берілуі күтілуде. Бұдан тыс облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға  Алға ауданы Самбай ауылында, Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылында, адандық бюджет қаржысына  Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында және МЖӘ аясында Қарғалы ауданы Қосестек ауылында барлығы 4 селолық клуб құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Шәмші Қалдаяқов ауылдық клубы іске қосылды. Сонымен қатар облыстық бюджеттен Қобда ауданындағы облыстық Қобыланды батыр мемориалдық кешенін 44,7 млн. теңгеге реконструкциялау, Абат-Байтақ кесенесі аумағын 19,8 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары өтуде. Облыс бойынша әрқайсысы 150 орындық 9 селолық клуб пен 280 орындық 1 СМҮ құрылысы ЖСҚ-ларына 19,8 млн.теңге қаржы бөлініп жасақталуда. 

2017 жылығ 1- жартыжылдықта салада өңір бойынша 11,2 мыңнан астам әртүрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік шара өтіп, оларға жиыны 1,7 млн. адам қамтылды. Оның ішінде кәсіби өнерді дамытуда облыс театрлары мен филармония барлығы 589  қойылым-спектакльдер мен концерттер көрсетті.

Есепті кезеңде негізгі кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар «Астана ЭКСПО-2017» мен Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Облыс көлемінде  «Мерген ару-2017» оқушы қыздар арасында республикалық сайыс, «Жұлдыздар құттықтайды» акциясы, «Шын жүрегіммен» атты облыс әкімінің салтанатты қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атауымен өңірде мерекелік концерттер, қойылымдар, этнографиялық думан, көрме-жәрмеңкелер, халық серуендері болды. Ақтөбенің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында биыл 2-ші рет  «Туған жерім – нұрлы елім» республикалық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы аудан Күндері маусым айынан бері кестеге сәйкес өткізілуде. Сондай-ақ жылдағы дәстүр бойынша облыстық «Үздік оқырман отбасы-2017», «Балдәурен-2017» балалар шығармашылығы, «Театр – өнердің Ұлы көші» «халықтық» театрлар, «Ұлы дала мұрасы» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-күй, жыр-терме, «Елім менің» патриоттық әндер, Халықаралық би күніне арналған «Аққу - 2017» би, «Сағи оқулары» өзге ұлт жастары арасындағы байқаулары, ІІІ-ші балалар хор музыкасының чемпионаты болып өтті. Бұдан тыс Есет Көкіұлының 350 жылдығына арналған «Фәниде ел тіреуі – бақида ел тіреуі болған баба» облыстық ақындар айтысы, «Ақтөбе жыр құшағында» Батыс Қазақстан аймақтық балалар поэзиясы байқауы, жастар мен студенттердің «Жас дәурен-2017» облыстық, «Балауса» ІІ-ші республикалық фестивальдері, «Музейдегі түн» республикалық акциясы және өзге де атаулы концерттер, кездесулер, кештер, кітапханаларда, музейлерде онлайн-конференциялар, онкүндіктер, апталықтар, акциялар және т.б. өтті.

Сонымен қатар маусым айында Жамбыл облысындағы Ақтөбе облысы Күндеріне мәдени шаралар, Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы Ақтөбе облысының Күндерінде арнайы бағдарламалар бойынша 5 күн бойы Астана тұрғындары мен туристтерге музейлік экспозициялар, ақтөбелік қолөнер шеберлерінің көрмелері, этноауыл мен қала алаңдарындағы концерттер мен қойылымдар ұсынылды.

Есепті кезеңде 2 кәсіби театр репертуарлары 9 жаңа қойылыммен (облыстық драма театры 7 – «Тілеу батыр», «Примадонны», «Құрдастар», «Бос орын жоқ», «Бала жасау», «Ұят бар ма», «Құбылу», облыстық «Алақай» қуыршақ театры 2 – «Ғажайып қол шатыр», «Шапан») толықты.

Облыстың мемлекеттік жүйедегі кітапханаларына есепті кезеңде мемлекеттік тапсырыспен 29445 дана, облыстық бюджет қаражатынан 961 дана, жиыны 30406 кітапқа толықтырылды.

Сонымен бірге 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы Мәртөк және Қобда аудандарының аумағындағы ескерткіштерді есепке алу және паспорттауға жұмыстар жүргізіп, «SAS-Planet» бағдарламасы бойынша бұл ескерткіштер онлайн картаға енгізілді. Қарғалы ауданындағы Мемлекеттік тізімге енген жергілікті маңызы бар 26 археологиялық ескерткішке қорғау тақтайшалары әзірленіп орнатылып, облыс аумағында жойылып бара жатқан археологиялық қорғандарды қорғауға «Archaelogy-KZ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Ақтөбе қаласы мен Қарғалы ауданының шекарасында орналасқан жергілікті маңызы бар ескерткіштерден мемлекеттік тізімге енгізілген, алайда қазірде таңда жыл сайын егіс танаптарын жырту кезінде жойылып бара жатқан Қайыңбұлақ-ІІ бейітіне зерттеу және құтқару, қазушаралары, Байғанин және Шалқар аудандарында археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар жүргізілді. Құжаттардың толықтылығын және физикалық жағдайын бақылауға алу мақсатында қағаз жүзіндегі 4548 сақтау бірлігі құжат (2016 ж. 1-жж – 8058) тексерілді. Есепті кезеңде 2190 іс тігіліп, 2739 парақ реставрациялық өңделді. Ұлттық мұрағат қорының жұмысын қалыптастыру жалғастырылды. Өткен 6 айда жоспардағы 2775 с.б. орнына 3331 с.б. құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды (2016 ж. 1-жж – 3262).

Қызметтің ең негізгі бағыттарының бірегейі азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сұранысын орындауда 1-ші жартыжылдықта 6950 жүгіну болып, оның 4080-і қанағаттандырылды (2016 ж. 1-жж – тиісінше 5490 және 4082).

2017 жылдың 2-жартыжылдығына негізгі міндеттер:

  • Облыстың мәдениет және өнер мекемелерінің желісін сақтауды, материалдық базасын нығайтуды, кітапханалар жүйесін модельдендіруді жалғастыру, Ақтөбе қаласында мемлекеттік жекешелік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілік аясында салынудағы 210 келуші қабылдай алатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің (644,0 млн. тг.), 1200 орын Концерттік залы бар Жастар Сарайының (1,4 млрд. тг.), аудандардағы 4 (Қарғалы ауданының Қосестек, Шәмші Қалдаяқов, Әйтеке би ауданындағы Тереңсай, Алға ауданының Самбай ауылдарында) селолық клубтардың құрылыстары аяқталуын және іске берілуін қадағалау;
  • Өңірдің Қобда, Алға аудандарындағы Қобыланды батырдың, биыл 350 жылдығы аталатын Есет батыр Көкіұлының мемориалды кешендерін, Абат-Байтақ кесенесін абаттандыру, қайта жаңғырту жұмыстарын, облыс бойынша 150 орынды 9 селолық клубтың және 280 орынды 1 СМҮ-нің типтік жобадағы құрылыстарының ЖСҚ-ларын жасақтауды аяқтау;
  • «Құтты мекен - Ақтөбе» Форумы мен Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған басқа да кең көлемді мәдени шараларды, Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойын, ЭКСПО-2017-ге арналған шілде-тамыздағы мәдени жұмыстардың, Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығын, басқа да мәдени шараларды алдын ала дайындықпен сапалы жүргізіп, іске асыру;
  • Өзге де ірі көлемдегі мәдени-көпшілік шараларды, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарды, конференция, көрмелерді, гастрольдерді, аудандардың Ақтөбедегі, облыстың Қазақстанның басқа өңірлерімен өзара мәдени Күндерін жоғары дәрежеде ұйымдастырып қорытындылау;
  • Облыс архивтерінде Ұлттық архив қорын сапалы толықтыруды жалғастыру, өңір тұрғындары, азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сұранысына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы орындау;
  • Өңірдің мәдениет және архив саласы мекеме, орындарында мамандар, кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жұмысын жақсарту болып табылады.

Мәдени саясатын іске асыру

Қосылды: 
04.08.2016 - 16:07
Соңғы өзгерiстер: 
25.01.2018 - 16:17