Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Қосылды: 
05.08.2016 - 16:15
Соңғы өзгерiстер: 
22.08.2016 - 17:18

Ақтөбе облысында МЖӘ дамыту мақсатында «Ақтөбе облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің өңірлік орталығы» ЖШС құрылды. Өңірлік орталық, МЖӘ жобаларын консультативті  қолдау,  МЖӘ жобалары үшін тұжырымдамаларды, конкурстық құжаттамаларды дайындау, жобалардың келісім-шарттары, сондай-ақ, МЖӘ тұлғалар арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтер көрсету шараларын жүргізеді. Қазіргі таңда Актөбе облысында МЖӘ денсаулық сақтау,спорт,білім беру саласында 27 жобасы жүзеге асырылуда.

Өңірлік орталықпен байланыс:

Ақтөбе қ. Сәнкібай Батыр даңғ. 22К

Тел: 8(7132) 74-20-41, @mail: ppp.aktobe@gmail.com, gchp-aktobe@mail.ru

Қосылды: 
08.08.2016 - 00:27
Соңғы өзгерiстер: 
20.02.2017 - 14:25

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді әріптестік жүйесі, (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының мүмкіндіктеріне байланысты, үш жылдан отыз жыл аралығында) қаржыландыру, құрылыс, реконструкциялау, қалпына келтіру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша нысандарды, әлеуметтік-маңызды қызметтерді соңынан мемлекет тарапынан қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының  Президентімен айқындалатын объектілер тізімінен басқа экономиканың барлық саласында іске асырылады.

МЖӘ негізгі мақсаты - мемлекет және бизнес ресурстарын, тәжірибесін біріктіру арқылы әлеуметтік инфроқұрылымды ең төменгі шығындармен және тәуекелділікпен тиімді дамыту.

МЖӘ негізгі міндеттері:

1)  Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік  серіктес және жеке әріптес арасындағы өзара тиімді шарт жасау;

2)   қоғамдық әріптес және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету және жүйелерді дамыту үшін жеке серіктестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттік экономикаға инвестициялар тарту;

3)  тауарлардың болуы және сапасы, назарға халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ес кере отырып жұмыстар мен қызметтерді, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптарды арттыру;

4)  Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімдердің дамуына қолау көрсету.

МЖӘ дамыту келесі принциптерге тәуелді:

1) Тізбек принципі - МЖӘ тұлғалар арасындағы қарым-қатынастардың кезең-кезеңмен салу;

2) Конкурс принципі – МЖӘ Заңында бекітілгендей, жеке әріптесті конкурс арқылы анықтау;

3) Теңгерімділік балансы - қоғамдық әріптес және МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде жеке әріптес арасындағы өзара жауапкершілік, кепілдіктер, тәуекел және табыстарды ұтымды пайдалану;

4) Нәтиже принципі -  критерийі және көрсеткіштердің орнатылуы, МЖӘ нәтижелерін бағалауға рұқсат береді.

МЖӘ туралы заң келісімшарттардың мынадай түрлерін ұсынады: концессиялық, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару, мемлекеттік мүлікті (жалға алу) жалдау, лизинг, тәжірибелі үлгіні жасау, технологияларды дамытуға жасалатын шартты келісім, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар және шағын өндіріс, өмірлік цикл келісім-шарты, қызмет келісім-шарты және келісімшарттардың басқа да түрлері. Сонымен қатар, МЖӘ әрбір жобасы  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген келiсiм-шарттардың, бір немесе бірнеше элементтерін қамтуы мүмкін

Жеке серіктес ретінде  заңды тұлға немесе консорциум, қарапайым серіктестік және жеке кәсіпкер бола алады.          

МЖӘ жобасын тікелей қаржыландыру, жеке серіктестің тікелей инвестициялауын көздейді (меншікті қаражаты немесе қарызға алынған қаражат) МЖӘ жобасына қатысу үшін жеке серіктес, өзінің қуаттылығын және төлем қабілеттілігін растау керек, МЖӘ келісім-шарт міндеттемелерін орындау үшін қаржылық/ материалдық/ жұмыс күші ресурстары болуы қажетті, жеке серіктестің салық және кредиторлық берешегі жоқ болуы тиіс.

Қосылды: 
08.08.2016 - 00:37
Соңғы өзгерiстер: 
24.08.2016 - 18:10

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті:

«Кәсіпкерлікті дамытуға Мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр».

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты, аталған заң 2015 жылы қабылданды,  жеке меншік секторы концессиясының тетігін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық базаның негізін қаладық.

Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында «Қазақстанның үшінші жаңғыртуға: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдаудың басты мақсаттары мен міндеттері талқыланды.  Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіздігін айтты.

– Мемлекет-жекеменшік серіктестігін, әсіресе коммуналдық және әлеуметтік салаларда дамыту қажет. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастырғанда орындаушы ретіндегі мемлекеттік мекемелердің жекеменшік сектор алдында ешқандай басымдығы болмауға тиіс. Үкімет рәсімдерді жеңілдету, үйлестіру тұрғысынан және әдістемелік, инфрақұрылымдық тұрғыдан барлық қажетті қолдауды қолдауды көрсетуге тиіс. Бизнеске нақты шарттар ұсынып, мемлекеттік тапсырыстың ұзақ мерзімге негізделген кепілдігін қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мысал ретінде, Президент МЖС дамуы артта қалған өңірлерге, экономиканың түрлі салаларында, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асырып отырған Ақтөбе  облысы басының әкімі Бердібек Сапарбаевтан үйренуге кеңес берді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында  жобаларды іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі «МЖӘ» Өңірлік орталығы» ЖШС –ін құрды.  «Ақтөбе» ӘКК-ның құрылымында жобалардың сараптамасын жүргізетін МЖС департаменті жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында  жалпы инвестиция көлемі 28 млрд теңгені құрайтын МЖС 38 жобасын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- инвестицияның жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 7 жоба бойынша шарттарға қол қойылды (мұз сарайы, жедел жәрдем, офтальмологиялық орталық, балалар стоматологиясы, физика-математика мектеп-интернатының  жанындағы ғимаратты жалға беру және 2 спорт зал мен ғимараттарды жалға беру)

- инвестицияның жалпы көлемі 4,0 млрд. теңгемен МЖӘ 2 жобасы бойынша конкурстар жарияланды   («Батыс-2»және «Нұр-Ақтөбе» мөлтек аудандарында 2 қалалық емхана)

- инвестицияның жалпы көлемі 5,1 млрд. теңге болатын МЖӘ 11 жобасы сараптамада және келісім сатысында (Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 8 балабақша, Қарғалы ауданы Қосестек селосында 1 селолық клуб, әйелдер мен балаларға арналған кризис орталығы, психикалық-неврологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік орталық)

- 9,1 млрд теңгеге алдын ала инвестицияланатын 18 жобаның құжаттамалары әзірлеу сатысында(облыс аудандарында 14 дәрігерлік амбулатория мен медициналық орталықтар, 1 позитрондық-эмиссиондық томография орталығы, 2 спорт залдары жалға, 1 бизнес-инкубатор жалға).

МЖС барлық ықтимал түрлерi мен нысандарын пайдалануға қажетті жеке капиталды тарту мақсатында: мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару, қызмет көрсету келісімшарттары және тағы басқалары. Осылайша, бұл әсіресе аз жобаларға қатысты, барлық келіссөздер рәсімін жеңілдету және жылдамдату қажет.

МЖС тетігін мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мүмкіндігін пайдаланған кезде, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды қарқынды жаңғырту ,қызмет көрсету сапасын жақсарту.

МЖС инфрақұрылымды дамыту үшін негізгі тетік болуы тиіс, соның ішінде, әлеуметтік жағынан.

Осылайша, МЖС қолдану стратегиялық жаңғырту үдерісінің негізгі құрамдас және экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторлары болуы мүмкін.

Қазақстан - өз болашағына сенімді, көп ұлтты жас, қарқынды дамып келе жатқан ел! Біз дамудың 25 жастағы жолынан өттік. Келесі 25 жылда бізді одан да жоғары шыңдар күтуде!

Н. Алпысбаев «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ МЖӘ департаментінің директоры

Қосылды: 
20.02.2017 - 14:27
Соңғы өзгерiстер: 
20.02.2017 - 14:27
 

Жобаның атауы

Жобаның іске асырылу кезеңі

1

Ақтөбе қаласы «Нұр Ақтөбе» тұрғындар массивінің №2 мөлтек ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы

Конкурстық құжаттама сараптама үстінде

2

«Ақтөбе қаласы «Батыс-2» шағын ауданындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхананың құрылысы

Конкурстық құжаттама сараптама үстінде

3

«Ақтөбе қаласында 60 кереутік офтальмологиялық аурухана құрылысы»

Келісім-шарт жасалды

4

«Ақтөбе қаласы «Батыс-2» шағын ауданындағы ауысымына 500 қабылдау жүргізетін қалалық балалар стоматологиялық емхана құрылысы»

Келісімшартқа қол қою сатысында

5

«Ақтөбе қаласында 3 қосалқы бекеті және 50 көлік жөндейтін базасы бар жылына 150000 рет жолға шығатын жедел дәрігерлік жәрдем көрсететін станциясының құрылысы»

Келісім-шарт жасалды

6

Ақтөбе қ. Батыс 2 шағын ауданында 2500 орынға арналған мұз айдынының құрылысы

Келісім-шарт жасалды

7

Ақтөбе қ. Заречный-2 ауданында 150 орынға арналған балабақша құрылысы

Тұжырымдама сараптама үстінде

8

Ақтөбе қ. Заречный-3 ауданында 150 орынға арналған балабақша құрылысы

Тұжырымдама сараптама үстінде

9

Ақтөбе қ. Ясный ауылында 320 орынға арналған балабақша құрылысы

Тұжырымдама сараптама үстінде

10

Ақтөбе қ. «Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі» ММ ғимаратын балабақша ретінде қайта жаңарту

Тұжырымдама сараптама үстінде

11

Ақтөбе облысының аудандарында 5 балабақшаның құрылысы
(Алға қ.,Хромтау қ., Эмба қ.,Шалкар қ., Темір ауданы Шұбарқұдық кенті)

Тұжырымдама сараптама үстінде

12

Ақтөбе қаласында 3 спорт залын жалға алу

2 келісімшарт жасалды

13

Физика-математика мектеп-интернаты үшін ғимаратты жалға алу

Келісім-шарт жасасты

14

Ақтөбе облысында Қарғалы ауданында Ш.Қалдаяқов ауылында 150 орынға арналған ауылдық клуб құрылысы

Тұжырымдама сараптама үстінде

15

Ақтөбе облысында Қарғалы ауданында Қосестек ауылында 150 орынға арналған ауылдық клуб құрылысы

Тұжырымдама сараптама үстінде

Қосылды: 
08.08.2016 - 00:55
Соңғы өзгерiстер: 
11.01.2017 - 04:23
ТіркемеКөлем
Image icon gchp1m.png54.24 KB
Image icon gchp2m.png46.32 KB
Image icon gchp3m.png42.45 KB
Image icon gchp4m.png50.72 KB
Image icon gchp5m.png34.67 KB
Image icon gchp6m.png31.71 KB
Image icon gchp7m.png51.38 KB
Image icon gchp8m.png44.59 KB
Image icon gchp9m.png43.6 KB
Image icon gchp10m.png52.07 KB
Image icon image020.jpg68.69 KB
Image icon image022.jpg39.99 KB
 

Жобаның атауы

1

Ақтөбе қаласындағы ағынды суларды тазарту зауытын қайта құру

2

Ақтөбе қаласының көшелерін жарықтандыру құралдарын жаңғырту

3

Бюджеттік сектор нысандарында жарықтандыру жүйелерін жаңғырту

4

Ақтөбе қаласында «Қауіпсіз қала» автоматтандырылған фото- және видео фиксациясын орнату

5

Бизнес-инкубатор үшін жалға үй-жайлар

6

Ақтөбе қаласында позитрондық-эмиссиялық томография (ПЭТ) орталығын құру және пайдалану

Қосылды: 
31.10.2016 - 16:48
Соңғы өзгерiстер: 
11.01.2017 - 00:59
ТіркемеКөлем
Image icon image005.jpg46.97 KB
Image icon image007.jpg33.94 KB