Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия

Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік

рәміздер жөніндегі комиссияның құрамы

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

Шериязданов Асқар Тұрарұлы

Ақтөбе облысының әкімі, комиссия төрағасы

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ  басшысы, комиссия хатшысы

 Комиссия мүшелері

Айтбаев Қанат Құдайбергенұлы

Ақдәулетұлы Мейірхан

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы

 «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Байдербес Ғалымжан Ермағанбетұлы

«Қос шынар «Әлия-Мәншүк» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Боранбаев Нұрлан              Ақабайұлы

Қойлыбаев Марат              Айтуғанұлы

Құрманбеков Еркін       Жолмырзаұлы

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының м.а.

«Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жанындағы қоғамдық-саяси кеңестің үйлестірушісі  (келісім бойынша)

Маханов Ескендірбек Шәмілұлы

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы

Нұршин Жолдас Махуұлы

Өмірбекова Сәуле Рақымқызы

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысы

Токушев Қайыржан         Ахметбекұлы

Төлебаева Гүлайым Тельманқызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы департаменті бойынша басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы (келісім бойынша)

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысы

Хайрулин Андрей           Меңдіғалиұлы

Шарипова Наталья Ивановна

«Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті» ММ басшысының орынбасары (келісім бойынша)

«Ақтөбе облысының әділет департаменті» ММ басшысының орынбасары (келісім бойынша)

   

 

Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-III Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Облыс әкімі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады.

Негізгі міндеттері комиссии:

1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздерден құрмет қатынастарын қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері, тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

3) мемлекеттік бірдейлендіру рәміздері мен геральдикалық белгілерді жасау және енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу  болып табылады.

Комиссяның өкілеттілігі:

1) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік бірдейлендіру рәміздері мен геральдикалық белгілерді жасаудың және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделейді және Мемлекеттік рәміздерін  насихаттау және қолдану жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) облыс аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерді қолданудың рәсімдік  ережелерін әзірлеуге қатысады;

4) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық жасайды;

5) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;

6) комиссия құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды;

7) Комиссия өз өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, басқада мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Комиссия:

1) өз құзіреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпаратты және өзге де материалдар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

2) өздерінің  отырыстарында жергілікті атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзіреті шеңберінде  Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде  жүргізген  жұмыстары туралы тыңдауға;

3) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану  мәселелері бойынша  жергілікті атқарушы органдардың қызметін өкілетті мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен мемлекеттік  рәміздерді  насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде кең ауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер өткізуге;

5) Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық  комиссияға,  жергілікті атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдар мен  қоғамдық  бірлестіктерге Комиссия қызметінің нәтежесі болып табылатын  ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;

6) Комиссия құзыретіне жататын сараптамалық талдау зерттеулерін жүргізу үшін сараптама кеңесін құруға құқылы.

Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссия жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында  төрағалық етедді;

2) Мемлекеттік рәміздер жөніндегі  республикалық комиссия төрағасын  Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік рәміздерді насихаттау  және  қолдану жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Комиссияның сараптама  кеңесінің құрамын бекітеді;

4) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;

5) жергілікті атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға   және лауазымды  тұлғаларға  Комиссия  отырыстарына  материалдар,  өзінің атына келіп түскен  ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;

6) Комиссия отырыстарының  хаттамаларына,  жұмыс  жоспарларына қол қояды;

7) Комиссияның  жұмысын жетілдіру  және оның құзыретіне  кіретін  өзге де мәселелер бойынша  Комиссия мүшелерінің  ұсыныстарын қарайды;

8) Комиссия отырыстарының  күн тәртібін  анықтайды.

Қосылды: 
06.08.2016 - 23:16
Соңғы өзгерiстер: 
06.08.2016 - 23:20