Ақтөбе облысының кадр комиссиясы туралы

Ақтөбе облысының кадр комиссиясының кұрамы

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

- облыс әкімі, комиссия төрағасы

Токушев Қайыржан Ахметбекович

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Амірғалиев Алтынбек Аманұлы

- облыс әкімі аппаратының басшысы

Қалдығұлова

Сәния Мұсақызы

- облыстық мәслихат хатшысы (келісім бойынша)

Сағат Еңсегенұлы

- облыс тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Ақтөбе облысының кадр комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.Облыстың кадр комиссиясы (бұдан әрі-Комиссия) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.

2.Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Комиссияның міндеттері

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі-Ұлттық комиссия) шешімдерін іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзушылықтарды қоспағанда, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар мен қалалардағы аудандар әкімдеріне қатысты тәртіптік істерді қарау;

3) Ұлттық комиссияға кадр саясатын қалыптастыру және оны «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты іске асыру бойынша, оның ішінде мансаптық жоспарлау, оқыту, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсыныстар тұжырымдап, енгізу Комиссияның міндеттері болып табылады.

3. Комиссияның функциялары

Комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:

1) Ұлттық комиссияның шешімі бойынша «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу өткізу;

2) Комиссияның кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша мем-лекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;

3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшылары мен өкілдерін тыңдау;

4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

5) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларына шешімдерді жіберу;

6) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттігіне қарай тарту;         

7) Комиссияның отырысына комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұкаралық ақпарат кұралдарының өкілдерін шақыру;

8) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде Ұлттық комиссияға ұсыныстар енгізу;

9) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін кажетті, Қазақстан Республикасының Президентімен және Ұлттық комиссияның шешімдерімен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

4. Комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссияның төрағасы:

  1. Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  2. Комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
  3. Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
  4. Комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
  5. Комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
  6. Комиссияның жұмысы туралы Ұлттық комиссияның алдында есеп береді.

Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

Комиссияның отырыстары оның жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ қажеттігіне карай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.

Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы Комиссия отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының карапайым көпшілік дауысымен кабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.

Комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға

Қосылды: 
06.08.2016 - 23:49
Соңғы өзгерiстер: 
06.08.2016 - 23:50