Инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Өңірлік кеңесі

Инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған

Өңірлік кеңесінің құрамы

САПАРБАЕВ Бердібек Машбекұлы

Ақтөбе облысы әкімі, Кеңес төрағасы

ЕСҚАЛИЕВ Ғали Нәжімеденұлы

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары

ГИЛЬМАНОВА Луния Муратовна

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ инвестициялар бөлімі басшысының м.а.,     Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

АЙДАШЕВА Рузия Адиетқызы

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы

АҚҚҰЛ Нұржан Байдәулетұлы

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы

ВАХИТОВ Салават Даутұлы

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы

БЕКНИЯЗОВ Амантай Бекболатұлы

«Ақтөбе облысының энергетика жәнетұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының м.а.

СӘРСЕНҒАЛИЕВ Қабай Қаленұлы

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы

ДАРЖАНОВА Анар Нұрлыбекқызы

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы

МҰХАМЕДИЯРОВ Жайылхан Әділұлы

Ақтөбе облысының прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

ҚАЛБЕРГЕНОВ Шахизад Балтабайұлы

Ақтөбе қаласындағы «БАТЫСҚАЗЖЕРҚОЙНАУЫ» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің басшысы (келісім бойынша)

МАМАЕВ Талғат Шариұлы

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (келісім бойынша)

ЖАНГУРАЗОВ Борисбий Ибрагимович

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша)

БЕКЕНОВ Қайрат Әскербекұлы

Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша)

МҰҚАНОВ Нұрлыбек Бекболатұлы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасының директоры (келісім бойынша)

АЙТЖАНОВ Асхат Әбдірахманұлы

«Дастан» ЖШС президенті, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

ВАН Цзюньжэнь

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры (келісім бойынша)

ҚОЙЛЫБАЕВ Қайрат Әлібайұлы

«Ақтөбе металл құрастырмалар зауыты» ЖШС құрылтайшысы (келісім бойынша)

НИ Аркадий Юрьевич

«РОКОС» компания тобының бас директоры,  Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

РЕДЖЕП Унал

«Восход-Ориел» ЖШС жобасының басшысы (келісім бойынша)

САҒЫНАЛИН Нұрлан Шымбайұлы

«Сағыналин» жеке кәсіпкер (келісім бойынша)

ТОПЧИЕВ Алексей Рафаэльевич

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

СИМОНОВ Анатолий Федорович

«Стройдеталь» ЖШС бас директоры (келісім бойынша)

ДУШЕКЕНОВ Азамат Байтілеуұлы

«Ақпан» компаниясы тобы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

ТИЛЬ Виктор Вальдемарович

«Қазхром» ТҰК» АҚ президенті (келісім бойынша)

Инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Өңірлік кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

Инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Өңірлік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қолайлы инвестициялық ахуалды құру, инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты Ақтөбе облысы аумағында өндіріс қуаттылықтарын орнату мәселелерін алдын-ала қарау мақсатында облыс әкімдігі жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес қызметінің құқықтық негізін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы Ереже.

Кеңес қызметін қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Кеңестің жұмыс органы Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ (бұдан әрі – Кеңестің жұмыс органы) болып табылады

Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Кеңес қызметінің негізгі мақсаттары:

Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, Ақтөбе облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ету.

Ақтөбе облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруда ықпал ету.

Бірыңғай инвестициялық саясатты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауда, Ақтөбе облысы аумағының әлеуметтік-экономикалық үйлесімді дамуын қамтамасыз етуде ықпал ету.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне Ақтөбе облысының экономикалық, қаржылық және басқа да мүмкіндіктерін ескере отырып, инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында басымдылықтарды аңықтау бойынша ұсыныстар енгізу.

Кеңес өз құзыреті шегінде алдына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес келесі міндеттерді атқарады:

Ақтөбе облысын дамытудың басымды бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Әкімшілік тосқауылдарды, оның ішінде рұқсатнама құжаттарын беру үдерісін оңтайландыру және оның мерзімдерін қысқарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Ақтөбе облысы аумағында инвестициялық үдерістерді мемлекеттік қолдау және инвестициялық белсенділікті ынталандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Кеңестің төрағасы Ақтөбе облысының әкімі болып табылады.

Кеңес төрағасы:

Кеңестің жұмысын басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді.

Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізімін және тәртібін аңықтайды.

Өз құзыретіне кіретін мәселелерді кідіріссіз қарау қажет болған жағдайда Кеңестің кезектен тыс отырысын өткізу туралы шешім қабылдайды.

Кеңес жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлер, шаруашылық субъектілерінің өкілдері кіре алады.

Кеңестің жұмыс тобы:

Кеңес жұмысын ақпараттық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және басқалармен қамтамасыз етеді.

Кеңес отырысының күн тәртібін әзірлейді.

Кеңестің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысты сұраныстар, құжаттар мен басқа да материалдарды дайындауды іске асырады.

Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізеді.

Кеңес мүшелеріне кемінде 10 күн бұрын кезекті отырыстың өткізілетін орнын, мерзімін, уақытын хабарлайды. Сол сәтте Кеңес мүшелеріне күн тәртібі мен отырысқа арналған материалдар ұсынылады.

Кеңес отырыстары тоқсан сайын 1 рет өткізіледі, ал өз құзыретіне кіретін мәселелерді кідіріссіз қарау қажет болған жағдайда Кеңес төрағасымен бекітілген мерзімде өткізіледі.

Кеңес отырыстары ашық түрде өткізіледі.

Кеңес отырыстары егер оның жұмысына мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

Дауысты кеңес төрағасы және оның мүшелері бере алады.

Кеңес мүшелерінің отырыста қаралатын мәселелерді талқылау барысында бірдей құқығы бар.

Кеңестің ұсынымдары ашық дауыс беру арқылы қатысушы Кеңес мүшелерінің дауыс көпшілігімен қабылданады. Дауыс тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Егер отырыста Кеңес мүшесі болмаған жағдайда ол қарастырылып отырған мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар, ол отырыста жарияланады және отырыстың хаттамасына қосылады.

Кеңестің ұсынымдары Кеңес төрағасымен немесе оның орнын басушы тұлғамен, және де Кеңес хатшысымен қол қойылатын хаттамамен ресімделеді.

Егер шығарылған ұсынымдармен келіспеген жағдайда Кеңес мүшесінің хаттамаға қосуға жататын жазбаша түрде ерекше пікірін баяндауға құқығы бар.

Өтініш мәселелері бойынша ұсынымдармен хаттамадан үзінділер өтінішкерге жазбаша түрде беріледі.

Кеңестің шешімдері ұсынылмалы түрде болады.

Кеңестің жұмысын тоқтату

Кеңестің жұмысын тоқтатуға Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы болып табылады.

 

Қосылды: 
07.08.2016 - 00:35
Соңғы өзгерiстер: 
07.08.2016 - 00:35