Сыртқы экономикалық байланыстар

You are here

 

Ақтөбе облысы 100 мемлекетпен
сауда қатынасын орнатты

Оның 84%-ы 50 мемлекетке
шығарылатын ақтөбелік тауарлар мен
қызметтер экспортының үлесі

 

2015 жылы сыртқы сауда айналымы
3,7 млрд долларды құрады.

Экспорт негізі – мұнай өнімдері,
металлдар және ферроқорытпалар

Сыртқы экономикалық байланыстар

Ақтөбе облысының әкімдігімен мынадай келісімдерге қол жеткізілді:

- Ресей Федерациясы Орынбор облысы Үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы. 29 тамыз 2011жыл;

- Ресей Федерациясы Ульяновск облысының Үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық туралы. 16 қыркүйек 2015 жыл.

«Ақтөбе: инвестициялар – даму» дипломатиялық бизнес-клубы

ҚР СІМ-нің қолдауымен Ақтөбе облысының әкімдігінің бастамасы бойынша 2016 жылғы 28 наурызда Астана қаласында Дипломатиялық бизнес-клубтың «Ақтөбе: инвестициялар – даму» атты отырысы өтті.

Бизнес-клуб отырысына Қазақстан Республикасындағы 45 дипломатиялық миссияның басшылары қатысты. Олардың қатарында АҚШ, РФ, Қытай, Канада, Франция, Бельгия, Норвегия, Финляндия, Үндістан, БАӘ және тағы басқа бірқатар елдер бар.

Бизнес-клуб алаңында жалпы құны 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын тамақ өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, химия өнеркәсібі, металлургия, қонақ үй бизнесі саласындағы 11 ірі инвестициялық жобалар таныстырылды.

2016 жылы Ақтөбе қаласында Чехия, Венгрия және Литва елдерінің Құрметті консулдықтары ашылды.

2016 жылы Ақтөбе облысына іссапармен келгендер:

10-11 ақпан 2016 ж. - Чехияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Элишка Жигова ханым. Облыс әкімімен кездесуде машина жасау, медицина, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларында жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Чехия мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлері арасында іскерлік қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға қолдау көрсету туралы келісімге қол жеткізілді. Ақтөбе облысында құрама жем зауытының құрылысы бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде.

17-18 ақпан 2016 ж. - Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный мырза. Облыс әкімімен кездесуде Ақтөбе қаласында балалар құқығы бойынша өкілетті Кеңсе өкілдігін ашу мүмкіндігі, сондай-ақ «Балаға дос қала» сертификатын тағайындау мүмкіндігі талқыланды. Ақтөбе облысында балалар мен жастардың жағдайын қолдау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

18-20 ақпан 2016 ж. - Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фостер Гултом мырза. Облыс әкімімен кездесуде тоқыма, химия, тамақ өнеркәсібі салаларында жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар, Индонезияның бизнес делегациясының Қазақстанға іссапарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Индонезия арасындағы сауда және іскерлік қарым-қатынасты дамыту туралы келісімге келді.

23 ақпан 2016 ж. - Германия Федеративтік Республикасы Елшісінің тұрақты орынбасары Джонни Крамер мырза. Кездесу барысында аймақтың инвестициялық жобалары ұсынылды. Тараптар Ақтөбе облысы мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы көрсеткіштерін, сонымен қатар екі жақты сауда – экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза

3-4 наурыз 2016 ж. – БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза. Өңір басшысымен кездесуде Ақтөбе облысының БҰҰ Даму бағдарламасының «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасының жүзеге асырылуына қатысу мүмкіндігін, сондай-ақ «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасына қатысуын талқылады. «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасы шеңберінде Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының  реконструкциясы мен модернизациясы бойынша жобаны жүзеге асыру туралы, сондай-ақ «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасын жүзеге асыру шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары мен ҚР Үкіметінен құралған делегацияның Ақтөбеге сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Норвегияның, Швецияның және Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшілері

14-15 наурыз 2016 ж. - Норвегияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Берной мырза. Балық шаруашылығы мен мұнай-газ саласында ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді.

14-15 наурыз 2016 ж. - Швецияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилл мырза. Кездесу соңында екі жақтың кәсіпкерлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы келісімге келді.

14-15 наурыз 2016 ж. - Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Аннийна Койвула-Олстад ханым. Финляндия мен Ақтөбе облысының бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктері талқыланды.

13-15 сәуір 2016 ж. - Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников мырза. Облыс әкімімен кездесуде шекаралық ынтымақтастықты дамыту туралы, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік коридорының құрылысы бойынша бірлескен жобаның жүзеге асырылуын талқылады. Кездесу соңында шекералас жерлердегі жолдар мен өткізу бекеттерін жөндеу және қайта жөндеу бойынша мәселелерді шешуде қолдау көрсетуге, сондай-ақ аймақаралық кооперацияны дамыту туралы келісімге келді.

Венгрияның ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани мырза

21 сәуір 2016 ж. - Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани. Ақтөбе қаласында Венгрияның Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул болып «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов тағайындалды. Консулдықтың ашылу салтанатына Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Андраш Барани, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чутора, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Миклош Мороц және облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев қатысты.

Облыс әкімімен кездесуде облыстың инвестициялық әлеуеті мен инвестициялық жобалары бойынша ақпараттарды жолдау туралы, тікелей инвестициялар Қоры шеңберінде ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныстар жолданды.

ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламасының басшысы
Антонио Сомма мырза

21 сәуір 2016 ж. – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламасының басшысы Антонио Сомма мырза. Облыс әкімімен кездесуде басым салаларды ескере отырып,  аймақты дамытудың экономикалық жоспарын дайындау мәселелері, сондай-ақ Ақтөбе облысының Қазақстанның транзиттік орталығы ретінде мүмкіндігі талқыланды. Кездесу соңында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бәсекеқабілеттілікті арттыру Бағдарламасының екінші кезеңіне Ақтөбе облысының қатысуы және аймақта медицинаны дамыту мен медициналық кластерді құруға қолдау көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

26 мамыр 2016 ж. - Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Корхан Кюнгерю мырза. Кездесу барысында құрылыс саласы, Ақтау-Атырау-Орал-Ақтөбе бағыты бойынша зат тасымалдау мәселелері талқыланды. Облыс тарапынан ауыл шаруашылығы саласында бірлесіп жобарларды жүзеге асыру ұсынылды.

19-20 мамыр 2016 ж. - Нидерланды Королдігі Елшілігінің голландиялық экономикалық офисінің басшысы Вилко Роггенкамп мырза. Облыс әкімінің орынбасарымен кездесу кезінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Нидерланды Корольдігінің кәсіпкерлері мен компаниялары арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі қозғалды. Ынтымақтастықты дамыту мен бизнес-байланысты жолға қою мақсатында голландиялық ауыл шаруашылық компанияларының Ақтөбе қаласына сапарын ұйымдастыру келісілді.

22 маусым 2016 ж. – Қазақстандағы Еуропа­лық қайта құру және даму бан­кінің (ЕБРР) директоры Джанет Хэкман ханым. Облыс әкімімен кездесу барысында сұйытылған табиғи газбен жүретін автобустар паркін жасау және инфрақұрылымды жасау мәселесі, облыстың суарылатын жерлерін көбейту мақсатында ЕҚДБ-ның ақша құралдарын тарту мүмкіндігін, сондай-ақ Ақтөбеде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ЕҚДБ-ның кеңсесімен ынтымақтастық келешегін талқылады. Кездесу соңында Ақтөбе қаласында сұйытылған табиғи газбен жүретін автобустар паркін жасау бойынша жобаны қаржыландырудың алдын ала келісіміне қол қойылды. Сонымен қатар, ЕҚДБ-ның шағын және орта бизнесті қолдау бойынша кеңсесінің ашылу салтанаты болды.

7-9 шілде 2016 ж. БҰҰ Даму бағдарламасы/Жаһандық экологиялық қор мен ҚР-ның Үкіметінің сарапшылары. Ақтөбе қаласы пилоттық жоба ретінде бекітілген «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасының жүзеге асыру шеңберінде «Қалалық шаруашылықта төмен көмірсутекті тәжірибесін насихаттаудың мүмкіндіктері мен технологиялары» атты семинар өткізілді. Кездесу соңында жергілікті деңгейде жобаларды үйлестіру үшін облыстық және қалалық басқармалар мен ұйымдардың сарапшылары арасынан байланыс жұмыс тобын құру туралы келісілді.

11-12 шілде 2016 ж. – Литва Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Мантвидас Бекяшюс. Литва делегациясының құрамына  Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужас мырза, Литва елшілігінің үшінші хатшысы Адомас Давалга мырза кірді. Облыс әкімімен кездесуде ауыл шаруашылығы, медицина, энергетика салаларында бірлесе жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Ақтөбе мен Литва қалалары арасында тікелей әуерейсін және Ақтөбе қаласында виза орталығын ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Литва Республикасының Ақтөбе облысындағы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты ұйымдастырылып, Құрметті консул лауазымына «Рамазан» ЖШС-нің бас директоры Орынбасар Мусин мырза тағайындалды. Құрметті консулдың жұмысы екі жақтың іскерлік байланыстарын кеңейтуге, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытуға жағдай жасайтын болады.

 

Жаңалықтар таспасы