Көліктік әлеует

Ақтөбе облысы транзиттік мамандануы бар маңызды көлік торабы болып табылады.

Ақтөбенің бірегей географиялық орналасуы еуроазиялық тауарлар ағымын өңдеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл интеграциялық процесстердің одан әрі дамуының бірден бір кілті. Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының алты облысымен шектеседі (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары).

Сонымен қатар, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекаралас, және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялы облысымен шекаралас, осылайша транзиттік әлеуетін дамыта отырып және Қазақстанның басқа да облыстарына Ресей мен Өзбекстан нарығына жол ашады.

 

Облыс аумағы бойынша 4 халықаралық маңызы бар жолдар өтеді: М-32 Самараға шығатын, А-24 Орынборға шығатын,А-25 Орскке шығатын және А-27 Астраханьға шығатын. 

 

Ақтөбе облысы арқылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трансконтиненталдық автомагистраль өтеді. Осы ауқымды жобаны жүзеге асыру, автомобиль көлігімен жүктерді батыс облыстардан ҚХР, Ресей Федерациясына қарай Еуропалық Одақ елдеріне жеткізуді  10-15 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
 

Көлік инфрақұрылымының дамуы

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының  көлік инфрақұрылымын дамыту Ақтөбе агломерациясын және елді-мекендердің  перспективтілігін, басымдылығын дамыту негізінде іске асырылуда.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 553 км, соның ішінде 1894 км республикалық, 1057 км облыстық және 3602 км аудандық маңызы бар жолдар.

 

Соңғы жылдары, Ақтөбе облысында көлік инфрақұрылымын дамыту стратегиясының арқасында, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту бойынша бірнеше ірі жобалар іске асырылды.

 

01.01.2016 жылғы жағдайы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жай-күйі 55,3% құрады.

 

2013-2014 жылдары жергілікті маңызы бар жолдарды паспорттау бойынша жұмыстар жүргізілді, жергілікті маңызы бар  жолдарды күрделі және орташа жөндеуге, көпірлер және елді-мекендердің көшелерінің жұмыстарына жалпы сомасы 24 млрд. теңге болатын  82 ЖСҚ әзірленді.

2015 жылы облыстық маңызы бар жолдардың 13 км  қайта жаңғыртылды, аудандық маңызы бар жолдар 80 км –ден көбі күрделі және орташа жөндеумен қамтылды. Ұзындығы 34 км  болатын облыс орталығының 22 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

       Нокин даң. - Жанқожа Батыр к.                                    Әуежай жолы                                         Сәңкібай Батыр даң. - Молдағулова даң.   

 

2016 жылы  автомобиль жолдары саласындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 7 400,0 млн. теңге бөлінді.

 

Жергілікті маңызы бар жолдардың көлік инфраструктурасын дамыту жобалырының ішіндегі ең маңыздысының бірі «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолын қайта жаңарту» жобасы  болып табылады.

«Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолы» жобасын  іске асыру қаланың толық транзиттік айналма жол мүмкіндігін қамтамасыз етеді, "Самара-Шымкент", "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" және "Ақтөбе-Орск" республикалық маңызы бар трассасымен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық  көлік дәлізімен байланыстырады.

 

Автомобиль көлігі

Жолаушыларға қызмет көрсету үшін 1 автовокзал және 3 автостанция жұмыс жасайды. Облыстағы автовокзалдар мен автостанцияларды бірыңғай белгіленген талаптарға және стандарттарға сәйкес келтіру үшін жұмыстар жүргізілуде.

 

               "Сапар" автовокзалы                                          "Экспресс" автобекеті                                                   "Саяхат" автобекеті   

 

Ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелердің автокөлік құралдарын газ отынға аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні  жоспарланған 860 автокөліктің  735 бірлігі газ отынға ауыстырылды.

 

Теміржол көлігі

Теміржол тасымалы өңір халқын жолаушылар мен  жүк тасымалы қажеттілігін қанағаттандыруды дамытуда маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігіндегі жалпы жүк айналымының үлесі шамамен 50% құрайды.

 

Қазіргі таңда «Ақтөбе-Шалқар» ауданаралық әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын «Сары-Арка Компани» ЖШС  жүзеге асырады.

2016 жылы көрсетілген  маршрут бойынша бөлінген субсидия көлемі 206550 мың теңге.

 

Әуе көлігі

 

Облыста әуе тасымалы саласында "Евро-Азия –Эйр» әуекомпания  филиалдары, «Эйр" АҚ, "Ақтөбе Халықаралық әуежайы" АҚ, "Қазаэронавигация" РГП, "Эйр-Астана" АҚ, "Рус-Лайн", "СКАТ", сондай-ақ  әуетасымалдарын және әуехимиялық жұмыстарды орындайтын " Аэро "  АҚ әуе компаниясы бар.

Қосылды: 
10.08.2016 - 12:37
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 14:27
ТіркемеКөлем
Image icon transport8 каз.jpg78.51 KB
Image icon transport10 каз.jpg104.3 KB
Image icon transport12 каз.jpg87.3 KB
Image icon transport31.jpg87.75 KB
Image icon transport51.jpg24.3 KB