Өмірбаян

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы

1967 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге  келген. 1992 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты, 2000 жылы Алматы экономика және статистика институты оқымысты агроном, бухгалтер-экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Исатай (казіргі Қобда) аудандық  қаржы  бөлімінің аға маманы (1992-1995 ж.ж.), Қобда аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі (1995-1999ж.ж.), Қобда аудандық  қаржы  бөлімі меңгерушінің орынбасары (1999-2000 ж.ж.), Қобда ауданы әкімінің орынбасары (2000-2007 ж.ж.), Мәртөк ауданының әкімі (2007-2010 ж.ж.), Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы (2010-2011ж.ж.), Ойыл аудынының әкімі (2011-2012 ж.ж.), Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы бастығының орынбасары, басшысы (2011-2016 ж.ж.).

2016 жылдың  шілде айынан бастап   – Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

Қосылды: 
11.08.2016 - 09:29
Соңғы өзгерiстер: 
19.04.2017 - 11:44
ТіркемеКөлем
Image icon amirgaliev1.jpg19.92 KB