Ақтөбе облысының 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары

Ақтөбе  облысының 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағы 300,6 мың шаршы км құрайды.  Халқы – 833,7 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары – 520,8 мың (62,5%). Облыс 12 аудан және облыстық маңызы бар 1 қала (Ақтөбе), аудандық маңызы бар 7 қала (Алға Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Шалқар, Хромтау) кіреді. Ұлттық құрамы: қазақтар – 81,3%, орыстар – 12,3%, басқалары – 6,4%.

  1. Өнеркәсіп және ҮИИДМБ.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 984,1 млрд. теңге құрады (НКИ 95,6%), өз кезегінде өңдеу өнеркәсібі 0,1% өсті.

2015 жылы 588 тұрақты  жұмыс орнымен 6,3 млрд. теңгеге                    7 жоба  жүзеге асырылды.

2010-2012 ж.ж. 62 жобаның жобалық қуаттылыққа 52 шықты қалған 10 кәсіпорын 70% қуаттылықа дейін шыққан.

2. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,0% өсіп, 142,7 млрд. теңге құрады.

3. Шағын және орта бизнес.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 4,5 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінен өндірістік инфрақұрылымды дамытуға  2,9 млрд. теңге қарастырылған. 2016 жылдың                      1 қаңтарына жалпы бөлінген қаражаттың 99,8% игерілді.

4. Инвестициялар. Инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,1% дейін төмендеп 349,8 млрд. теңгені құрады.

Инвестиция көлемінің төмендеуі мұнай кен орындарын бұрғылауды барлауға шығындардың  азайуына сондай ақ, 2014 жылы жаңа ферроқорытпа зауыты, Үшінші ЖГӨЗ 2 кезеңі, «Еуропа –Батыс Қытай» автомобиль жолы, «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы және басқалары сияқты  бір қатар ірі инвестициялық жобалардың аяқталуына байланысты.

Жоғарыда аталған жобалардың  жүзеге асырылуының аяқталуы  құрылыс жұмысы көлемінің  төмендеуінің басты себебі болып 123,7 млрд. теңгені құрады (НКИ 58,7%). Пайдалануға  536,2 мың ш.м. немесе 2014 жылдың деңгейіне 112,6%.

5. Жұмыспен қамту.

Нақты жұмыссыздық деңгейі 0,3%.

2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға  1,9 млрд. теңге қарастырылған. 2016 жылдың 1 қаңтарына қаражат 100% игерілді.

2015 жылдың қаңтар- қыркүйегінде орташа айлық еңбекақы 1,9% өсіп 104,9 мың теңгеге жетті.

Инфляция 112,2% құрады  оның ішінде азық- түлік тауарларына 110,3%.

6. Бюджет.

Облыс бюджеті  2015 жылы 154,6 млрд. теңге оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және субвенциялар 58,4 млрд. теңге.

Мемлекеттік бюджетке 209,3 млрд. теңгеге салықтар мен төлемдер келіп түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 122,0 млрд. теңге түсті,  жергілікті бюджетке 87,3 млрд. теңге.

7. Әлеуметтік сала.

Ағымдағы жылы әлеуметтік салаға 90,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде  білім 53,3 млрд. теңге,  денсаулық сақтау 22,8 млрд. теңге.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Ақтөбе қаласында Жанақоныс ауылында 600 орынды, Өрлеу ауылында 270 орынды, Байғанин ауданының Қарауылкелді селосында 60 орынды интернатымен 300 орынға арналған, Алға ауданы Бесқопа ауылында 60 орынды  орта мектептерінің құрылысы аяқталды. Сондай ақ, Ақтөбе қаласының Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында 320 орынды, Заречный 1, Заречный 4 ауылдарында  әрқайсысы 150 орынды бала бақшалардың құрылысы және облыстық физико-математикалық мектепті балабақшаға қайта құру аяқталды.

Ұлттық қор қаражаттары есебінен Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» ауданында 1200 орынды, Заречный 3  ауылында 600 орынды, Кірпішті ауылында 320 орынды  орта мектептерінің және Ақтөбе қаласы   Қарғалы ауылында 320 оынды бала бақшаның құрылыстары жүргізілуде.

8. Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық

2016 жылдың 1 қаңтары жағдайына ТКШ саласында жөндеуді қажет ететін жылумен қамтамасыз ету желілері 224,1 км құрайды немесе жалпы ұзындығынан 50,3%.

Жөндеуді қажет ететін электрмен қамтамасыз ету желілері 14441,8 км құрайды немесе жалпы ұзындығынан 61,0%.

Автомобиль жолдарын қайта құру, күрделі және орта жөндеуге, күтуге 6,6 млрд. теңге қарастырылған. 2016 жылдың 1 қаңтарына 6,6 млрд. теңге игерілді.

9. Қоғамдық қауіпсіздік.

Тіркелген қылмыстардың 1,9% (17697 ден 18040 дейін), ауыр қылмыстар саны  0,8% (1182 ден 1191 дейін) өскені байқалуда, орташа ауыр қылмыстар 16,7% (14057 ден 11706 дейін), аса ауыр қылмыстар 24,1%  (54 тен 41 дейін) төмендеді.

Қосылды: 
16.02.2016 - 13:16
Соңғы өзгерiстер: 
16.02.2016 - 13:16