Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы

Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

1978 жылы, Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген.

Білімі

2001 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «инженер-механик» мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Қостанай бизнеса және басқару колледжінде бастаған (2001-2004 жж.). Қостанай облысы әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған (2004-2005 жж.), ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Астана қаласының әлеуметтік-мәдени бөлімі саласының меңгерушісі (2005-2011жж.), Қостанай облысының Жетіқара ауданы әкімінің орынбасары (2011-2012 жж.), «Қостанай облысынң жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басшысы (2012-2015 жж.).

2016 жылдың маусым айынан бастап – Ақтөбе облысының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.

2017 жылдың сәуір айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қосылды: 
11.08.2016 - 14:45
Соңғы өзгерiстер: 
20.08.2017 - 22:39