Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссиясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссиясының дербес мүшелері

САПАРБАЕВ Бердібек Машбекұлы

Ақтөбе облысының әкімі, комиссия төрағасы

ШЕРИЯЗДАНОВ Асқар Тұрарұлы

Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының оырнбасары

МЫРЗАЛИН Әбдухат Капанұлы

Құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Әбдіров Нургалым Мажитович

Ақтөбе облысының прокуроры

АБЛАЗИМОВ Махсұдхан Нұғманович

ҚР ІІМ  Ақтөбе облысының ішікі істер департаментінің бастығы

Тұрлыханова Гүлмира Болатқызы

Ақтөбе облысының әділет басқармасының басшысы

Қалдығұлова Сәния Мұсақызы

Облыстық мәслихат аппаратының хатшысы

Әбденов Серік Әбденұлы

ҚР БП ҚСЖАЕАЖК-ң Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы

МАМАЕВ Талғат Шариұлы

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы

Сөнтаев Қайрат Имятұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы

Токушев Қайыржан Ахметбекұлы

Мемлекеттік қызмет істері Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы

Ақдаулетұлы Мейірхан

«Шамшырак-Актобе» ЖШС –нің директорі

Муканов Нурлыбек Бекболатович

«Атемекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасының директоры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссиясының Ережесі

Ереже бойынша аймақтық комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Өңірлік комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін басшылыққа алады.

Комиссияның негізгі міндеттері:

         1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жай-күйін талдау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру;

         2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу асыру;

         3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыру, қамтамасыз ету, қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің орталық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының тиімділігін арттыру;

         4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты жүргізуде халықты ақпараттандыру;

         5) қоғамдық ұйымдарымен өзара байланыс жасау.

Комиссия қызметін ұйымдастыру

Комиссия облыс әкімдігінің қаулысымен құрылады.

Дербес құрамын облыс әкімдігі мен айқындалып, облыстық мәслихатпен бекітіледі.

Құрамы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларының қатарынан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтық қоғам өкілдері және журналистерден құралады.

Комиссияны облыс әкімі басқарады.

Комиссия  отырысы

қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;

заңды деп есептеледі, егер де мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысса;

Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер де көпшілігі дауыс берген болса. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комиссияның жұмыс органы болып облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі табылады.

облыс әкімдігінің қаулысы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қосылды: 
15.08.2016 - 15:27
Соңғы өзгерiстер: 
15.08.2016 - 18:07