Ақтөбе облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссия

Комиссия Кеңесінің құрамы

Сапарбаев Б.М.- облыс әкімі, комиссия төрағасы;

Шериязданов А.Т.– облыс әкімнің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.

Мырзалин А.К –облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы , комиссия хатшысы.

Комиссия мүшесі: 12 адам.

Ақтөбе облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссия ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Ведомствоаралық комиссия құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады, консультативтік кеңесші орган болып табылады.

2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Негізгі Ведомствоаралық комиссияның міндеттері

3. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:

1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметінің тиімділігін бағалау;

3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) құқық бұзушылық профилактикасының бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысы;

5) адамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қорғау бойынша шаралар қабылдау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін жағдайларды анықтау және жою себептері мен шарттары;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша , тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдармен ақпараттық материалдар дайындау және жіберу;

7) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің басшылар мен лауазымды тұлғалардың олардың қызметін жетілдіру бойынша жүргізген жұмысы туралы ұсыныстар әзірлеу, есептерді тыңдау;

8) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралар қабылдамағаны үшін  тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға лауазымды адамдарды тәртіптік және өзге де жауаптылыққа бойынша тарту туралы ұсыныстар енгізу;

3. Ведомствоаралық комиссияның құқықтары

4. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құқығы бар:

1) жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;

1. Өз құзыретіне сәйкес, ұсынымдар әзірлеуге;

2. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын жүзеге асыру мақсатында  заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан қажетті материалдар сұратуға және алуға,

3. Ведомствоаралық комиссияның отырысына байланысты жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарының өкілдерін шақыруға және тыңдауға;

5) «Құқық бұзушылықтың алдын алу Туралы" Заңын жүзеге асыру бойынша мәселелерін қарауға қатысуға;

6) өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

4. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру

1. Ведомствоаралық комиссиясына басшылықты комиссия төрағасы болып табылатын облыс әкімінің бірінші орынбасары жүзеге асырады.

2. Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын Ақтөбе облыстық мәслихаты бекітеді. Комиссия отырыстарына шақырылған тұлғалар қатыса алады.

3. Ведомствоаралық комиссия отырысы тоқсанына кемінде 1 реттен кем емес оның мүшелерінің үштен екісінің қатысуымен өткізіледі.

4. Шешім отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер көпшілігі дауыс берген жалпы санынан Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің дауыстар саны тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

9.Ведомствоаралық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға және хатшы қол қояды.

1. Ведомствоаралық комиссия мүшелерімен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

5. Ведомствоаралық комиссия қызметін тоқтату

11. Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтатуға облыс әкімдігінің Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтату туралы қаулысы негіз болады.

Қосылды: 
15.08.2016 - 15:37
Соңғы өзгерiстер: 
15.08.2016 - 15:37