Ақтөбе облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі туралы Ереже

Индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамы:

Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы

облыс әкімі, кеңес төрағасы

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы

облыс әкімінің орынбасары, төраға орынбасары

Гильманова Луния Мұратқызы

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ инвестициялар бөлімінің басшысы,

индустриялық-инновациялық даму мәселесі бойынша өңірлік Үйлестіру кеңесінің хатшысы

Берқалиева Гүлшат Берқалиқызы

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ  кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдау бөлімінің басшысы,

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мәселесі бойынша өңірлік Үйлестіру кеңесінің хатшысы

Кеңес мүшелері:

Айтжанов Асхат Әбдірахманұлы

«Дастан» ЖШС президенті (келісім бойынша)

Вахитов Салават Даутұлы

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы

Бекенов Қайрат Әскербекұлы

«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қадырбеков Әлібек Шапайұлы

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Марченко Анатолий Николаевич

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ директоры (келісім бойынша)

Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасының директоры (келісім бойынша)

Мырзағалиев Жеделбек Наримайұлы

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ директоры (келісім бойынша)

Симонов Анатолий Федорович

«Стройдеталь» ЖШС бас директоры (келісім бойынша)

Тампаев Ян Тампайұлы

«Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ директоры (келісім бойынша)

Даржанова Анар Нурлыбекқызы

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы

 

Ақтөбе облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі туралы Ереже

Облыс әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) туралы осы Ереже Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық дамыту саясатын жүзеге асыру бойыншаҮйлестіру кеңесінің қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін анықтайды.

 

1. Жалпы ережелер

1. Үйлестіру кеңесі Ақтөбе облысында индустриялық-инновациялық  саясатты іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік даму институттарының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 

2. Үйлестіру кеңесі облыс әкімімен құрылатын және басқарылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалары мен осы Ережені басшылыққа алады.

4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсыныс сипатын алады.

 

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

1) өнеркәсіптің нақты ішкі салаларын және секторларын аңықтау барысында индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді жүзеге асыруға бағытталған келісілген өңірлік саясатты қабылдау және оны жүзеге асыру;

2) бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, облыстағы мемлекеттік органдар, қаржы институттар, кәсіпорындар мен мекемелердің келісілген өзара іс-қимылдары бойынша ұсынымдар және ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 

6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерге сәйкес мына функцияларды іске асырады:

1) бағдарламаның жүзеге асырылуына тікелей немесе жанама әсер ететін, салалардағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу;

2) үдемелі индустриялық-инновациялық даму көзқарасымен, дамуы маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты қосалқы салалары мен секторларын анықтау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

3) облыс экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті индустриялық-инновациялық саясат іс-шараларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) салалық қорытындылар және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастыру Бас схемасына сәйкес келуімен қоса, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдаудың ұсыныс шарттары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;

5) жаңа технологияларды енгізу және олардың дамуын ынталандыратынмеханизмдердіәзірлеу;

6) өңірдегі келісілген инвестициялық саясатын, министрліктер және мекемелермен өзара тиімді ақпарат алмасуларын ұйымдастыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды қамтамасыз ету;

7) қалалар және аудандар деңгейінде индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

 

3. Үйлестіру кеңесінің құқығы

7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде бекітілген заңнамалық тәртібіне сәйкес мынадай құқықтары бар:

1) облыс әкімдігінің қарауына Бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстар, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат енгізу;  

2) тиімді жүзеге асырылуын аңықтау үшін нақты инвестициялық және инновациялық жобаларды қарау;

3) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, қоғамдық бірлестіктерді, кәсіпорындарды және тағы басқа ұйымдарды тарту;

4)мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қарау үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ олардан қажетті ақпараттар сұрату;

5) саланың жеке проблемалық мәселелерін талқылау және шешу үшін жұмыс топтарын құру;

6) Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамаларын бекіту.

 

4. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

8. Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

9. Үйлестіру кеңесіне, оның қызметін басқаратын, жұмысын жоспарлайтын, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға –облыс әкімі жетекшілік жасайды.

10. Төраға болмаған уақытта оның функциясын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.

11. Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібі Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ұсыныстарымен ескеруімен төрағамен немесе оның орынбасарымен қалыптастырылады.

12. Үйлестіру кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.

13. Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі ауыстыру құқығымен қатысқан жағдайда отырыс заңды болып есептеледі.

14. Үйлестіру кеңесінің шешімі мемлекеттік қолдау шараларының тізімі бекітілген, олардың операторлары жергілікті атқарушы органдар болып табылатын, жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну мәселесі бойынша мәжіліске қатысқан мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға, берген дауыс қабылданған шешім болып есептеледі.  

15. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша шешім қабылданады, хаттама ресімделіп, төраға мен хатшы қол қояды.

16. Үйлестіру кеңесінің уәкілетті жұмыс органдары индустриялық-инновациялық даму мәселесі бойынша «Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мәселесі бойынша «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ болып табылады.  

17. Үйлестіру кеңесінің шешімдері жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу Ережелеріне сәйкес, нысан бойынша екі данадан тұратын хаттамамен қалыптастырылады, оған төраға немесе отырыста төрағалық еткен оның орынбасары қол қояды.

 

5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын тоқтату

18. Үйлестіру кеңесінің жұмысын тоқтату үшін облыс әкімінің қаулысы негіз болып табылады.

Қосылды: 
16.08.2016 - 15:55
Соңғы өзгерiстер: 
16.08.2016 - 16:01