Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Темір ауданына жұмыс сапары

Все рабочие поездки акима
Жұма, 13 Мамыр, 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданына  сапары кезінде елді -мекендерді  аралап, ондағы әлеуметтік сала мен шағын кәсіпкерлік нысандарының қызметімен танысты, халықпен кездесті. Өңір басшысының Кеңқияқ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжень мен облыстық басқармалардың және департаменттердің басшылары да қатысты. Бердібек Сапарбаев жиынға қатысушыларға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәліметтер берді. Атқарушы биліктің басты міндеті осы өтпелі кезеңде кәсіпорындардың жаппай жабылуына жол бермей, жұмыссыздықтың алдын алу екендігін айтты.

Дәл осы мақсат бойынша біраз жұмыстар тындырылды. Оның нәтижесінде еңбек ұжымдарында тұрақтылық сақталып отыр. Өңірдегі  ірі және орта кәсіпорындардың барлығымен дерлік жұмыс орындары мен жалақы мөлшерін сол күйінде сақтау туралы тиісті меморандумдарға қол қойылды.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысы отбасылық фермалар құру жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылатын өңірлердің қатарында. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жұмыс жасап тұр.  Мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына субсидиялар бөлініп отыр,- деді облыс әкімі. 

Облыс әкімі тұрғындардан елдімекендердегі көшелердің ретке келтірілуі үшін жиі  сенбіліктер өткізуі керек екенін баса  айтты. Көбірек ағаш отырғызуларын сұрады. Кездесуден кейін Бердібек Сапарбаев Кеңқияқ кентінде тұрғызылатын мешіттің алғашқы іргетасын қою рәсіміне қатысты. Руханият үйі жергілікті кәсіпкердің қаржылай қолдауымен салынады.