Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың басшылығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

Все рабочие поездки акима
Жұма, 15 Қаңтар, 2016

Облысымызға екі күндік жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Хромтау ауданына барып, "Молочные истории" серіктестігінің репродуктор-шаруашылығымен танысты. Ал, түстен кейін облыстық әкімдік ғимаратында ауыл шаруашылығының түйіткілді мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өткізді.

Әңгіме алдымен ауыл шаруашылығының жалпы ахуалы көктемгі егін орағына дайындықтың жай-күйінен басталды. Жиында хабарлама жасаған облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында бірқатар тиянақты жұмыстың жүргізілгендігін атап өтті. Облыста 214 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 17 миллиардқа ұлғайған. Инвестиция 30 пайызға ұлғайып, 6 миллиард теңгеге жеткен. Мемлекеттен бөлінген 400 миллион теңге орнымен ұқсатылып, астық алқаптарынан гектарына 5,5 центнерден өнім алынған. Алайда, түйіткілді мәселелер әлі сақтаулы. Мәселен, облыстағы шаруашылықтардың 40 пайызы қаржы институттарына 360 миллион теңге шамасынде бережақ.  Енді одан арылудың жолын тауып, алдағы науқандарға дайындықты уақытылы бастау керек.

Қазір нақты ахуалдарға байланысты облысымызда бидай алқабы қысқартылып, мал азығына жарамды арпа сияқты дақылдарға мән беріле бастаған. Мәселен, арпаның егістік көлемі ғана 2,5 есеге өскен. Сонымен қатар, жаңадан 1000 гектар суармалы алқап анықталып, қазір оны тиімді пайдалану жоспары жасалып жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі ауыл шаруашылығы министріне мемлекеттік қолдаудың облыс салмағы облыс бюджетінен артып, республикалық бюджеттен кеміп кеткендігін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрімен кездесуге мүмкіндік алған шаруашылық құрылымдарының басшылары Асылжан Мамытбековке көкейлеріндегі сауалдарын ашық айтты. Мәселен, Қарғалы ауданында орналасқан "Кудря" шаруа қожалығының басшысы Иван Кудря сапалы тұқым алуға қолдау сұрап, ауылдық жерде үлескерлерге қаржы бөлуден құтылу жолдарын сұрады. Сондай-ақ, мал тұқымын асылдандыру, теңгенің құнсыздануына байланысты шарықтаған баға жайындағы сауалдарына тұшымды жауабын алды. Енді ауыл шаруашылығы техникаларын субсидиялар төлеу тәртібінде жаңашылдықтар бар. 

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның агроөндірістік кешенін дамытуға Елбасының өзі үлкен көңіл бөлетіндігін де атап өтті. Жыл сайын мемлекеттік қолдау артып, аталған салаға бөлінген қаражат көбейтіліп келеді. Министрдің айтуынша, қазір ауыл шаруашылығы техникалары мен техонолгияларын иегеруде жаңашылдықтар бар. Ал, мал шаруашылығының болашағы елуден сексен басқа дейінгі малы бар отбасылық негіздегі шағын тұрақты шаруашылықтардың қолында. 

Жиын соңында облыс әкімі көктемгі егіс салу науқанын қаржыландыруды жылдағыдан ертерек бастауды ұсынды. Көп болып қалға алған істің әркез нәтижелі болатынығы да белгілі.