Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың аудан әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Все рабочие поездки акима
Дүйсенбі, 1 Ақпан, 2016

Хромтау ауданының мүмкіндіктерін толық пайдаланып, жұмысты ширату керек. Бүгін аудан басшысының тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Өйткені, ауыл шаруашылығына қолайлы, өнеркәсіп өндірісі жолға қойылған өңірде жекелеген бағдарламалар толық орындалмай қалған. 

Күре жолдың бойында орналасқан, жері құнарлы, шөбі шүйгін, жерінің асты қазба байлықтарға толы Хромтау ауданы облыс үшін стратегиялық маңызы жоғары өңір. Оның үстіне Хромтау қаласы елдегі моноқалалардың тізіміне енгені белгілі. Сондықтан, бұл ауданға облыс басшыларының ықыласы да талабы да ерекше. Аудан әкімі Аязбай Османғалиев өзінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін толық қамтуға тырысты. Есепте баяндалғандай, ауданның негізгі тірегі алып үш кәсіпорын.   

Аудан әкімінің есебі түзу. Барлық салаға тән өсімдер, ілгерілеу туралы мәліметтерді халық ұйып тыңдады. Бірақ, мал басын көбейтуге арналған бағдарламалар толық орындалмаған.Әсіресе, "Құлан", "Асық" бағдарламалары бойынша сатып алынған жылқы мен қой малы аз. Оның үстіне, көктемгі егіске қажетті сапалы тұқымның дайын болмауы облыс әкімінің ескертуіне себеп болды.   

Тұрғындардың сауалдары да әр саланы қамтыды. Қыс мезгіліндегі қатынастың қиындығы, жекелеген ауылдарға көгілдір отынның жеткізілуі, жергілікті мектептерді жөндеу мәселелеріне байланысты жергілікті жұртышылық алаңдаушылық білдірді. Жыл сайын жыға айналатын аудандық спорт мектебінің құрылсының жобасын жасауға да қаржы табылмай отырғандығы кездесуде тағы айтылды. 

Ал, Ақжар ауылының өкілі биылғы қыстың ерте түсіп, қардың қалың боулына байланысты басшылардың қамсыз отырмауын сұрады. Қысы қатал, көктемі шығатын өңірде сәуір айына дейін тоң түспейтіндегі жылдағы көрініс. 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі бірқатар көрсеткіштерге байланысты аудан әкімін сынға алды. Әсіресе, ауданды қала құраушы ірі кәсіпорындарға тәуелділіктен құтқаратын моноқала мәртебесі негізінде шағын және орта бизнестің дамуы бәсең. Аудандағы үш шағын кәсіпорын толық қуатында жұмыс жасауға дәрменсіз. Ауыл шаруашылығы саласының мүмкіндігі бола тұра, дүкен сөрелеріндегі баға ғарыштық жылдамдықпен өсіп барады.

Облыс басшысы өзінің қорытынды сөзінде аудан әкіміне бірқатар нұсқау беріп, тапсырмаларын жеткізді. Мәселен, аудандағы Дөң кен байыту комбинаты, Ақтөбе мыс зауыты және Восход-Ориел кәсіпорындары алқымнан алған дағдарысқа қарамастан жұмысшылар санын қысқартпауға келісті. Тіпті, олардың жалақыларын көтеруге ниетті. Демек, аудан басшылары достықты, бірлікті, ынтымақты ту етіп қосымша кіріс көздерін іздеуге міндетті. 

Жиын соңында облыс әкімі хромтаулықтардан алдағы саяси шараларға белсене қатысуды сұрады. Сайлауда жұмыла дауыс беру - елдіктің, отаншылдық белгісі деді облыс әкімі.