Ақтөбе облысындағы жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланыс жөнінде ақпарат

You are here

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасы ұлттық диалог аясында тең әріптестік принциптеріне сәйкес құрылған.

Ақтөбе облысында азаматтық сектор өкілдері жергілікті атқарушы органдар жанындағы 25 кеңес беруші-консультативтік органдардың, Қоғамдық кеңестердің құрамына еніп, түрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне өз үлестерін қосуда.

Облыс әкімдігі жанында мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды. Өңірдегі азаматтық секторды дамыту, олардың мемлекеттік органдармен байланысын жүйелеу мақсатында құрылған Кеңесте белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, құзырлы органдар үшін ұсыныс ретінде жолдайды.

Қазіргі таңда облыста 600-ге жуық коммерциялық емес ұйым тіркелген, олар – қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі. Олардың ішінде 110-ға жуығы белсенді жұмыс жасайды.

Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар қоғам мүддесі үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатып, жұмыс жасауда. Оның ішінде балалар мен жастарды, әйелдерді қолдау, адам құқықтарын қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, рухани-мәдени мұраны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттауды жетілдіру, гендерлік теңдік бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары жетіліп, жақсы дамыған.

Ағымдағы жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстарының нәтижелері үкіметтік емес ұйымдар айналысатын мәселелердің басым көпшілігі әлеуметтік сипатқа ие екендігін көрсетті. Облыс тұрғындарының 46%-ы ҮЕҰ-дың қызметін пайдаланған. Бұл өңірдегі азаматтық институттар дамуының жақсы көрсеткіші болып табылады.

Өңірде мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасаудың түрлі формалары қалыптасқан. Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасының негізгі формасы – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық принципін кеңейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыста 9 облыстық басқармалар және департамент  (ішкі саясат;  жастар саясаты мәселелері; мәдениет, мұрағаттар және құжаттама; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар; тілдерді дамыту; денсаулық сақтау; табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу; діни істері басқармалары және мемлекеттік қызмет істері департаменті), сонымен қатар Ақтөбе қаласы және аудандық әкімдіктер ҮЕҰ-мен тұрақты түрде жұмыс жасайды және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруда.

Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландыру көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Егер 2015 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 123 млн. 432 мың теңге болса, ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 75%-ға өсіп, 216 миллион теңгені құрады.

Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Ассоциациясымен тығыз байланыс орнатылған. Ассоциацияға ресурстық орталық ретінде ғимарат бөлінген, барлық іс-шаралары ішкі саясат басқармасының есебінен қаржыландырылады. Қазіргі кезде Ассоциация құрамына 52 үкіметтік емес ұйым енген.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша тұрақты түрде облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде «Азаматтық қоғам», «Третий сектор» арнайы айдары, қалалық «Ақтөбе радиосында» «Біздің іс – Наше дело» атты бағдарлама шығып тұрады. Сонымен бірге, басқарманың тапсырысымен «npoaktobe.kz» сайты жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 22 қарашада «Тәуелсіздік  пен әріптестікке  25 жыл» атты Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының VІI Форумы өтті.

Ашық диалог және өңірдегі азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қызметін жүйелеуге бағытталған Форумның күн тәртібінде «Ақтөбе облысындағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары мен преспективалары және VІI Азаматтық форумға өңір делегаттарын сайлау мәселелері» қаралды.

Форум жұмысына облыс әкімі Б.Сапарбаев, өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіподақ ұйымдары, облыстық департамент, басқарма басшылары, барлық аудандардың өкілдері, бизнес-құрылым басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Сонымен бірге, форум қонағы ретінде белгілі қоғам қайраткері, саясаткер, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім мен Ресей Федерациясы Орынбор облысының «Консолидация» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сарапшы Елена Максименко қатысты.

Форум аясында азаматтық қоғам институттары жетістерінің көрмесі мен 2017 жылға арналған жаңа үздік жобалардың презентациясы өтті. Форум барысында үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері сөз сөйлеп, тәуелсіздік жылдарында ҮЕҰ-дың даму кезеңдері,  жетістіктері  айтылып, ҮЕҰ-дың  одан әрі даму перспективалары мен проблемалары, мемлекеттік   органдармен және бизнес өкілдерімен өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.  ҮЕҰ басшылары өңірдің нақты проблемаларын шешу жауапкершілігін өздеріне алуға дайын екендіктерін айтты. 

Кейін облыс әкімі өңірдегі азаматтық  қоғам институттарын дамытуға қосқан үлесі және маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге белсене ат салысқаны үшін 15 ұйым жетекшісіне грамоталармен, алғыс хаттармен марапттап, бағалы сыйлықтар мепн ақшалай сыйақы тапсырды.

Жаңалықтар таспасы