Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі

ҚҰРМЕТТІ АҚТӨБЕЛІКТЕР!

2017 жылдың 22 ақпаны күні сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы, Кірпішті ауылы, 368 учаскесі мекен-жайында орналасқан Облыстық балалар-жасөспірімдер теннис спорт мектебінің (Теннис орталығы) ғимаратында, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Облыс әкімінің есебі «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, интернет-ресурстарда интерактивті онлайн-көрсетілім: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында,  Youtube видео-каналында және облыстың барлық аудандарымен бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылатын болады.

Облыстың даму сұрақтары бойынша тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін жазбаша түрде ақпараттарды жинақтауға арналған арнайы жәшіктер немесе әкімдіктің сайты арқылы жіберуге болады (ұсыныстар мен ескертулерді жинақтауға арналған жәшіктердің орналасқан жері аудандық газет басылымдарында және әкімдіктің сайтында жарияланған).

Есептік кездесу өтетін күні арнайы ұйымдастырылған интернет-ресурстары (онлайн) және 8 (7132) 403 213 саІІ-орталық телефоны арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады.

Тұрғындардың аталған мекен-жайға қолайлы барып келулері үшін а.ж. 22 ақпанында сағат 9:00-ден бастап қаланың төменде көрсетілген 5 жерінен тегін түрде және бағыттары арнайы белгіленген қосымша жолаушылар көлігі ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз:

  1. Тұрғындар қалашығы ауданы, «Алақай» қуыршақ театрының алды;
  2. Облыс әкімдігі ғимаратының «Айна» сауда орталығы жағындағы алаңы;
  3. 12 шағын ауданында орналасқан Халық банкі ғимараты алаңы (Әбілқайыр хан даңғылы және М.Мәметова көшесі қиылысы);
  4. Темір жол вокзалы алдындағы алаң;
  5. Т.Ахтанов ат. облыстық драма театрының алды (Т.Ахтанов көшесі,52).

 

Облыс әкімінің аппараты

Қосылды: 
14.02.2017 - 11:38
Соңғы өзгерiстер: 
20.02.2017 - 15:21
ТіркемеКөлем
Image icon box2kaz.jpg46 KB
Image icon forma2kaz.jpg41.66 KB
Image icon tezis2kaz.jpg44.66 KB
Image icon presskaz.jpg38.42 KB
Image icon box3kaz.jpg42.14 KB
Image icon forma3kaz.jpg39.1 KB
Image icon tezis3kaz.jpg41.59 KB