Тілдерді дамыту басқармасы

"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту бағдарламалар" ММ ресми сайты

"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту бағдарламалар" ММ туралы ереже

Мекен-жай: Ақтөбе қ., Тургенев к., 86

Телефон: 8 (7132) 55-11-30

Басшысы: Төлебаева Гүлайым Тельманқызы

Төлебаева  Гүлайым  Тельманқызы

1961 жылы Ақтөбе облысы  Ойыл ауданы Ойыл селосында дүниеге келген.

1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының шетел тілдері факультетін «неміс тілі мұғалімі», 1989 жылы Мәскеу жоғары комсомол мектебін  «жоғары саяси», 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заңгерлік университетін   «Юриспруденция»  мамандықтары бойынша  аяқтады.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Соркөл сегізжылдық мектебінің неміс тілі мұғалімі  ретінде бастады. 1983-1986 жылдары Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл орыс мектебінің неміс тілі мұғалімі, кластан және мектептен тыс жұмыстарының ұйымдастырушысы.

1986 жылдан бастап Ақтөбе облысы Ойыл аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1989 жылдан Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің оқушы жастармен жұмыс жөніндегі,  II-хатшысы.

1992 жылдан бастап облыстық білім басқармасының бас маманы, 1997 жылы облыс әкімі аппаратының  жалпы,  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің меңгерушісі. 2004 жылдан бастап облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2011 жылдың  қараша айында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қосылды: 
29.01.2016 - 14:24
Соңғы өзгерiстер: 
17.01.2017 - 15:05