Әлеуметтік көмек көрсету

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларындағы жұмысы туралы Ақпарат

Жергілікті атқарушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары аз қамтылған отбасыларды кедейшілік жағдайынан шығару жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Уәкілетті органдарға және ауылдық жерлердің әкімдеріне аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстың әрбір ауылдық округтарында 168 учаскелік комиссиялар құрылды.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 270 адамы бар 69 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.

2016 жылдың 1 қаңтарға облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі0,02 % құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 69 отбасында тұратын 270 аз қамтылған азаматқа 7232,2 мың. теңге көлемінде тағайындалды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы 18 аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қоса тұрғын үй көмегін алады, оларға 553,8 мың. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалған.

3364 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 53,7 млн.теңге құрады.

Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 6535 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 18256 балаға 304,0 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

«Өрлеу» бағдарламасын іске асыру бойынша Ақтөбе қаласында, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында 25 отбасында тұратын 123 азаматқа 3851,8 мың теңге көлемінде шарттай ақшалай көмек тағайындалды.

Ахуал топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар, әр түрлі жеңілдіктер37699 азаматқа 1169,6 млн. теңге көлемінде тағайындалды.

Жалғыз басты қарттармен және мүгедектермен жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылдың 1 қаңтарға облыс бойынша 23809 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 2620 жуық адам 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар.

2016 жылдың 1 қаңтарға мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларға сәйкес 5503мүгедек 333,7 млн.теңгеге жеке көмекшінің, ымдау тілінің маманының қызметімен, гигиеналық жабдықтармен және сурдотифлотехникамен қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің кіруіне жағдай жасау үшін 2015 жылы әлеуметтік инфрақұрылымдардың103 нысанын бейімдеуден өткізу жоспарлануда, 2016 жылдың 1 қаңтарына 104 нысан бейімдеуден өтті.

Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1640 жалғыз басты және жұмысқа жар азаматтар, 203 – і - мүгедектер. Солармен бірге 504 мүгедек – балаларға үйде қызмет көрсетіледі.

2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 680 жалғыз басты қарт азааттар және мүгедектер тұрады. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлемуметтік бейімделу орталығында 2016 жылдың 1 қаңтарға 227 адам бейімдеуден өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құрамында 148 адамы бар 32 отбасы «оралман» мәртебесін алуға өтініш беріп, «оралман» мәртебесін алған.

Қосылды: 
30.03.2016 - 00:37
Соңғы өзгерiстер: 
30.03.2016 - 00:37