Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасының іске асырылуы

You are here

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы

Г.Әбдіқалықоваға

 

Сіздің 2015 жылғы 30 қазандағы №8 Өкіміңізге

 

Ақтөбе облысының әкімдігі «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 66 тармаққа қатысты ақпаратты жолдайды.

Қосымша__бетте.

 

 

Б.Сапарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд: М.Балмұқанов

Тел: 8(7132)564320

1 қосымша

 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасының іске асырылуы

 

Индустрияландыру картасы аясында облыста 800 млрд. теңгеге 12,7 мың жұмыс орындарының ашылуымен 90 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Бірінш бесжылдықта 552,7 млрд. теңгеге 6 597 жұмыс орындарының ашылуымен 71 жоба іске асырылды.

 

Саны, бірл.

Сомасы, млрд.теңге

Жұмыс орындары, бірл.

Ақтөбе облысынан индустрияландыру картасына енгізілген жобалар

90

800

12 744

ҮИИД МБ бірінші бесжылдығы аясында 2010-2014жж. іске асырылған жобалар

71

552,7

6 597

ИИДМБ-2 аясында жоспарланған жобалар

19

247

647

 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасының екінші бесжылдығының бірінші жылы 6,3 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды. 2015 жылы іске қосылған жаңа инвестициялық жобалардың салымы 14% құрады немесе жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінен 137,0 млрд. теңге.

 2016 жылы 14,6 млрд. теңгеге 694 жұмыс орындарының ашылуымен 10 жуық инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде мынадай:

- «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС «Weckenman» неміс компаниясының технологиясы бойынша жылына 50 мың шаршы метр қуаттылықпен үй салу комбинаты;

- «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС аз тонналық мұнай өңдеу зауыты;

- «ASBI SAT GROUP» ЖШС «PLANSRL» италяндық технологиясы бойынша темір бетон бұйымдарының өндірісін кеңейту және т.б.

Қытай Халық Республикасының әлеуетті инвесторларымен бірге бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру пысықталуда: цемент зауытының құрылысы, калий тыңайтқыштары өндірісін ұйымдастыру, күрделі суда еритін азот-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі және басқалар.

 

Қосылды: 
11.04.2016 - 00:12
Соңғы өзгерiстер: 
11.04.2016 - 00:16

Жаңалықтар таспасы