Табиғи ресурстар

You are here

 

Бүгінгі таңда қоғам қолданатын және оларсыз  өмір сүру мүмкін емес алуан-түрлі  материалдық игіліктер бар.

Ол материалдық игіліктерді  табиғи ресурстарды пайдаланбай өндіру  ақылға қонымсыз.

Қазақстан территориясының тектоникалық құрылымының алуан-түрлілігі және геологиялық даму қиындығы  көптеген табиғи ресурстардың қалыптасуына жағдай жасады. Осылайша, Қазақстан аумағында органикалық және неоорганикалық  шикізаттарға бай кен орындарына, отын-энергетикалық, климатикалық және өзге де ресурстарға барлау жұмыстары жүргізіліп, зерттелді. Мұнай және газ(көмірсутек шикізаты), фосфорит, уран, түрлі-түсті  және сирек металлдар қорлары бойынша республикамыз әлемдегі алғашқы орындардың біріне ие.

Ақтөбе облысы өте сирек кездесетін минералдық-шикізат қорларына ие өңір болып табылады. Облыста алтын, мұнай, газ, көмір, хромиттер, фосфориттер, никель және алюминий рудалары, титан, цирконий, сонымен қатар  мрамор, габро, каолин, бор, цемент шикізаты сияқты құрылыс материалдарының үлкен қоры бар.

Облыста 163 келісімшарт бойынша 112 компания жер қойнауын пайдалану жұмыстарын жүргізеді.

Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсібі дамыған ірі аймағы болып табылады. Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы, Қазақстандағы 4 қаланың ішінде миллиондық қалаға айналуы үшін динамикалық дамуына мүмкіндік беретін, экономикалық өсім орталығы ретінде анықталды.

Облыстың басымдылығы-мұнайды тек шикізат реінде ғана емес, кен рудалық және мұнайхимиялық саланы дамыту, жоғары қосу құнымен дайын өнімге айналдырады. Барлық облыстың инфрақұрылымын және сервистік қызметтерін кен рудалық және мұнайгаз өнеркәсібінің айналасында топтастыруымыз қажет

Бүгінгі күнге жаңа инвестицияларды жұмылдыру үшін басым объектілерді геологиялы-барлау жұмыстармен қамтамасыз ету және шикізат базасын нығайту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының аймақтардың экономикасына инвестицияларды жұмылдыру маңызды тапсырмасы болып табылады. Ол үшін Қазақстанда жайлы жағдай жасалған. Біздің мақсат өте жоғары өнімділікке бағытыталған, экономика саласын диверсификациялау жолымен орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу.Ол үшін облыста объективті алғышарттар бар

2016 жылғы сәуір айы соңы мен мамыр айының басында жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу жоспарлануда.

Конкурсты өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына оларға бекітілiп берiлетiн аңшылық алқаптарда немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу, аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу тәртіптерімен келесі сілтемеден өтіп, танысуыңызға болады http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011227 (Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11227 тіркелді). Қосымша ақпаратты «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіде, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (облыстық әкімдігі ғимараты, 623 бөлме) мекен жайы бойынша немесе 8/7132/540783 телефон арқылы .

Жергілікті маңызы бар бекітілетін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ТІЗІМІ

 

Су айдынның атауы

Бекіту мерзімі

Бекіту мақсаты

Балық тандырудың саны, түрі

1

Шалқар ауданындағы   Шалқар көлі

5 жыл

Кәсіпшілік

Карп 70 000 дн.

дөңмаңдай  35 000 дн.

Белый амур 70 000дн.

Екіжылдық

2

Мұғалжар ауданындағы  Сабындыкөл көлі

10 жыл

КТБӨШ

Годовички карпа 2 000 дн.

3

Мәртөк ауданындағы  Кораблевский тоғаны

5 жыл

КТБӨШ

Карп 1 000 дн.

дөңмаңдай 1 000дн.

Бір жылдық.

 

4

Ойыл ауданындағы Мұқан  тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Бір жылдық карп 750 дн.

5

Алға ауданындағы Кіші Ақай тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 3 400 дн.

6

Алға ауданындағы Үлкен Ақай тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 8 000 дн.

7

Алға ауданындағы Қошпике тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 8 800 дн.

8

Мұғалжар ауданындағы  Айнақарасу тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 74 000 дн.

9

Қобда ауданындағы Үлкен бөгеті

10 жыл

КТБӨШ

Карп 31 600 дн.

10

Қобда ауданындағы Талдысай тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 4 600 дн.

11

Қарғалы ауданындағы Әлімбет тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 10 400 дн.

12

Мәртөк ауданындағы  Қаратау-1 тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 16 800 дн.

13

Мәртөк ауданындағы  Жоса  тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 3 800 дн.

14

Мәртөк ауданындағы  Қарашай  тоғаны

10 жыл

КТБӨШ

Карп 2 600 дн.

 

 

Қосымша ақпарат:

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) 2003 жылы құрылған. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының орман және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын, су шаруашылығын, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту салаларында мемлекеттік басқаруды  жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарманың миссиясы: Ақтөбе облысының қоршаған ортасының жағдайын жақсарту және орман қорын, су ресурстарының әлеуеттерін арттыру, қорғау, қалпына келтіру бойынша жағдай жасау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

 

 

Жерасты сулары қорын халық және халық шаруашылығына пайдалану бойынша

 

Ақтөбе облысында баланспен есептелген 255 телім және 231кен орны бар.Қорлар бойынша Мемлекеттік Комиссиямен жерасты сулары қоры  1899,879 мың.м3/тәу. көлемінде бекітілді

Оның ішінде:

-Шаруашылық және ауыз сумен жабдықтау үшін– 929,702 мың.м3/тәу;

-Өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету үшін – 269,977 мың.м3/тәу;

-Шаруашылық-ауыз сумен және өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету үшін– 121,700 мың.м3/тәу;

-жерлерді суару үшін– 578,5 мың.м3/тәу;

 

Кең таралған пайдалы  қазбалар бойынша

 

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе облысының аймағында кең таралған пайдалы қазбалар (КТПҚ) бойынша  жер қойнауын пайдалануға 93 келісімшарт тіркелген, оның ішінде:

Барлауға - 12 келісімшарт ;

Өндіруге - 45 келісімшарт;

Барлауға және өндіруге – 36 келісімшарт.

Ал көмірсутегі шикізаты (КСШ) бойынша 29 жер қойнауын пайдаланушысы  40 келісімшарты бойынша,  21 пайдалы қатты қазбалардың (ПҚҚ) пайдаланушысы 30 келісімшарт бойынша  жұмыс жасауда.

 

Қосылды: 
17.04.2016 - 01:33
Соңғы өзгерiстер: 
28.07.2016 - 18:02

Жаңалықтар таспасы