"Жасыл экономика"

You are here

Жергілікті атқарушы органдармен және шаруашылық субъектілермен Ақтөбе облысының экономикасына «жасыл экономика» қағидаларын енгізу шаралары қолданылды.

Ресурсты сақтау саласы:

Көшені жарықтандыру энергия тиімділігін жоғарылату мақсатында, Ақтөбе қаласының көшелерінде сыртқы нысандарды жарықтандыруға (24,0 млн.теңге сомаға) 160 дана көп тарифтік есеп құралдары қондырылған.

Энергия сақтау бойынша қойылған міндеттер шеңберінде, су пайдалану есеп құралдарын қондыру бойынша жұмыстар жасалынуда. 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша жоспарлық қажеттілікте 166 974 дана салқын су есеп құралдарының 152 179 дана қондырылды, жеке тұлғалар 91,1% есеп құралдарымен қамтамасыз етілген.

Ақтөбе қаласында 8,7 км жылу жүйелері қайта жаңғыртылды, жаңарту кезінде жергілікті қапталған құбырлар  қолданылып, 14,4 мың жылыту энергия мөлшерін Гкал 12,3 млн.теңге сомасына үнемдеуге мүмкіндік берілді. Қапталған құбырларды  пайдалану 10 есе эксплуатациялық шығынды азайтады (қапталмаған құбырларда- 25 %), жылу сақтауы жоғары (150°С дейін), құрылыс мерзімі 2 есеге дейін қысқарады;

Жылыту энергиясын қолдануды азайту үшін және жылыту жабдықтау сапасын  арттыру мақсатында 31 автоматтандырылған жылу пункттері қондырылды. Бұл ауа райының реттеу және қолдану жүйесіндегі жылу қолданушының мәжбүрлі циркуляциясында жүзеге асады. Аталған шаралар жылыту энергия төлемін үнемдеуге мүмкіндік береді. Элеваторлық  жылыту жүйесімен салыстырғанда орта есеппен  үнемі 30-40 % құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласында

Облыс әкімшілігінің бастамасымен «КТП» ЖШС базасында «БВД-12» маркалы мала өндірісі, су ресурстарын сақтағыш технологиялар және нөлдік ауыл шаруашылық дақылдары егісіне арналған  анкерлі тістері бар тұқымсепкіштер өндірісі қолға алынды. Аталған техниканың ауыл-шаруашылығын өндірушілерге  қолжетімді болуы үшін «Ақтөбе Агросервис» ЖШС арқылы тауарлы кредит  берілді.

Сонымен қатар, облыс аумағында тұңғыш рет 5 ауданның ірі ауыл шаруашылығы  базаларында дәстүрлі технологиялардан су ресурстарын сақтағыш технологиялар артықшылығын анықтауға арналған  тәжірибелер жүргізілді. Аталған тәжірибелер нәтижесінде дәнді-дақылдар өнімділігінің айырмашылығы  1,3ц/га құрады. Тәжірибелер жалғасын табады.

         Су ресурстары саласында

Пайдаланылмайтын суармалы жерлерді айналымға енгізуді ынталандыру мақсатында ГТҚ (гидро-техникалық құрылғыларына) төлқұжат жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аталған мәселені шешу үшін облыс әкімшілігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қаулысымен аудандық комуналдық меншіктегі ГТҚ (бөгеттер, дамбалар, су қоймалары) «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ меншігіне берілді. Қазіргі танда ГТҚ боашақта қызмет етуі үшін, басқармамен техникалық паспорттар дайындау және жер актісін рәсімдеу бойынша конурс жарияланды, сондай-ақ болашақта экономикалық тиімді пайдалану және су шаруашылық құрылғыларының болашақта пайдалану орындылығы бойынша ұсыныс әзірленеді.

ГТҚ қажетті құжаттар әзірлеу шарасы облысты судың беткі көздерімен қамтамасыз ету бойынша құрамдас шарасы болып табылады, қорытындысында әр ГТҚ шамасы зерттелініп, болашақта инвестицияларды тарту жолымен тиімді пайдаланылатын болады.

Көлік саласында

         Ақтөбе облысында автомобиль көліктерін  газ отынына көшіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

         2016 жылы бюджет мекемелеріне қарасты  автокөлік құралдарының 80%  сұйытылған газға көшіру жоспарланған.Көліктердің газ отынына көшу кестесі жасалған.  Ағымдағы жылдың ақпан айында қолда бар 959 бірлік техниканың  51 бірлігі газға көшірілді.

«Казтрасгаз-Өнімдері» АҚ-мен Ақтөбе қаласының АГЖС (автомобильді газ жинақтаушы станция)  құрылысына ЖСҚ жасалды. Бірінші АГЖС іске қосу рәсімін алдын-ала тапсыру мерзімдерін ескере отырып, 2016 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. «ПАТП» ЖШС коммуналды автопаркіне дизельді автобустарды ауыстыру үшін, сығымдалған газбен жұмыс жасайтын 100 жаңа автобус сатып алу    жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жеке тасымалдаушы  «Автопарк» ЖШС  жаңа және қолда бар автобустарды сығымдалған газға көшіруді жоспарлап отыр.

Газ отынымен қамтамасыз ететін  жанармай құю станциялар жүйесін дамыту үшін, ірі жанармай құю станциялары газ жабдықтарын орнатып жатыр(«Гелиос», «Синоил», «Вест Ойл», Жаңа Азс). «ХолдингАктобеАгро» ЖШС 41 разъезд аймағында резервуар көлемі  600м.куб болатын   газ-толықтырғыш станция салды.

Қалдықтарды  қайта өңдеу саласында

Ақтөбе облысы үшін қатты тұрмыстық қалдықтардың(ҚТҚ) жиналуы мәселесі маңызды болып тұр. Ақтөбе облысының әкімшілігі голландиялық  «RenTeh B.V.» қаржы холлдингімен  Ақтөбе қаласында өндірістік қуаты -   200 мың.тн қайта өңделетін қоқыс болатын қатты тұрмыстық қалдықтарды ұқсату үшін  зауыт салу  бойынша келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2016-2017 жылдарға жлспарланған, оған дейін қалдықтарды  қайта өңдеу  жұмысымен  ұсақ жеке өндіріс орындары айналысады. Аталған зауыт іске қосылып,  өндірістік қуаты артқан соң,  аймақта қалдықтарды  қайта өңдеу облыс бойынша 25%, облыс орталығы бойынша  80% құрайтын болады.

Орман шаруашылығы бойынша

Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағына жыл сайын 813 га алқапқа дала-топырақ қорғау орман екпелері отырғызылады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2015 жыл бойынша орманмен көмкерілген алқап 423 гектарға артып, 01.01.2016 ж. жағдайы бойынша орманмен көмкерілген алқап 45100 гектарға жетті, яғни жалпы орман қоры жерлерінің 22,1% құрады.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының маңына жалпы ауданы 2122,26 га алқапқа жасыл белдеу құруға жоба әзірленіп, 2016 жылға жүзеге асыруға 22,0 млн. теңге бөлінді.

          Ақтөбе қаласы айналасындағы қураған ағаштарды қалпына келтіру мақсатында 2010 жылдан бері әзірленген жоспарға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізіліп келе жатырған жұмыстар нәтижесінде орманмен көмкерілген алқапқа 510 га аударылды. 

         Ақтөбе облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріндегі 7 орман тәлімбақтарының үшеуінде тамшылатып суару жүйесі қолданылып келеді. Аталған жүйе су ресурстарын тиімді пайдаланумен қоса, сапалы екпе материалдарын алуға мүмкіндік беруде. 

         Облысымыздың барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын жылыту қатты отыннан газ отынына көшірілді, ал Ойыл орман шаруашылығының ғимараты электрмен жылыту жүйесіне қосылды.

Жаңалықтар таспасы